Филология факультеті



Дата23.09.2022
өлшемі19,87 Kb.
#150524
Байланысты:
пиар моөж


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
«7М02309 - Әдебиеттану» мамандығының магистранты
Зағыпар Оралхан
Мәдениет пен әдебиет аясындағы PR
МОӨЖ: «Қыз Жібек» жырындағы PR жолдары

Қазақтың қай жырын алсақ та пиар үлгілері кездеседі. Ол елді-мекен, ру, белгілі бір тұлғаны дәріптеу мақсатында орын алған. Қыз Жібек жырында да осындай белгілер бар екеніне көз жеткізуге болады. Мәселен жырдың басындағы Жағалбайлы елі, сол елдің қадірлісі Базарбай туралы мақтауын асырады: Қазақ жерінде, Жағалбайлы елінде байлығы асқан Базарбай атты қадірлі кісі болған екен.




«Біздің еліміздің қыздары сұлу болып келеді» деп Төлегенді Наурызбай өз елі Ақжайыққа алып кетеді. Ақжайықтың аруларына үлкен баға беріп, Төлегенді ынтықтырып қояды. Одан соң «Сөйтіп, бұл екеуі Ақ Жайық ауылына келеді. Төлеген Наурызбайға айтады:
-Біз түтін басына қыдырып, дуанаша жүргеніміз ұят болады ғой. Олай етпейік. Сіз мақұл көрсеңіз, жар салалық. Қызы жақса да, жақпаса да, бір жорғадан берелік» деп Төлегеннің имиджін биіктете түседі.

Қазірде басшылардың көмекшілер, хатшылары болса, ол кезде бұл қызметті уәзір атқарған: «Сол елдің төресі Сырлыбай еді. Оның уəзірі Қаршыға сөзге шешен адам екен. Төлегеннің жайын естіп, атына қамшы басып, ентігіп жетіп келеді». Бұл жерде Қаршығаның Сырлыбайдың орнына жүретін уәзірі екенін көреміз.


Қыз Жібектің көшін іздеп шыққан Төлеген мен Қаршығаның жолдарында кездескен аруларды суреттеп, Ақжайықтың аруларын әспеттей түседі.


Көш соңынан қараса,
Бір қыз кетіп барады.
Шытырма көйлек етінде,
Нұр сəулеті бетінде,
Бұралып кетіп барады.

Бір көшке жетіп келеді,


Көш алдынан қараса,
Бір қыз кетіп барады.
Таң мезгілі болғандай,
Шолпандай жарық жұлдызы,
Пейіштен шығып келмесе,
Адамзаттың бір қызы.

Тағы бір көшке жетеді,


Көш алдынан қараса,
Бір қыз шықты сəулетпен.
Отыз түйе жетелеп,
Сары майдай еріген,
Тай-құнандай керілген.
Мұрындығы сары жез,
Бұйдасын ескен жібектен,
Толған айдай толықсып,
Ақ маралдай бұлықсып,
Бұралып кетіп барады.

Тағысын тағы осылай қазақ қыздарының сұлу бейнесін жырға қосады. Бұның барлығы қазақ қыздарының мәртебесін арттырып, қазіргі тілмен айтқанда пиар жасайды. Ал Қыз Жібектің келбетін керемет кесіндеп, аспанға шығарады:


Нұр жүзінің ақтығы,
Қыстың соңғы қарындай,
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары
Алаулап жанған жалындай,
Білегі бар жұп-жұмыр,
Айбалтаның сабындай.

Жырдың негізгі нұсқаларында Жібектің сипаты эпостық дәстүрге сай әспеттей суреттеледі. Жыр қисыны – «жиһанда бұл сипатты ұрғашы пендені Төлеген бұрын көрмегендіктен, көре сала кеуілі мықтап ауады». «Өзі түгіл Жібектің, өлігін адам өпкендей» деген әсірелеу, көріктеу әдістері осыны дәлелдемек үшін керек болады. Мұсабай жырлаған түрде Жібектің порымы «Бидай өңді, нұр жүзді, секпілі жоқ, қой көзді, әйел де болса бір сөзді», ал Шеге нұсқасында «Қыр мұрын, қызыл жүзді, қиылған қас» – деп, реалистік рәуіште суреттеледі. Даланың меңсіз сұлуының қоспасыз көркем бейнесі өмірде шынымен-ақ сондай-ақ болса керек. Осы сұлулығына қоса Жібек аса дегдар, бекзат жан («Шыныдан аппақ сүйегі»). Еш адам оған «Бектігі бар» деп, дауыстап сөйлемейді. Жиын-тойда егер өзі бастап айтпаса, ешкім оған өлең айтпайды. Өзі қаласа ғана әйкел құрғызып, бірнеше күн жігіттермен айтысады және соның бәрінде жеңеді екен. Өте айтқыш, тапқыр («Өткірлігін байқасаң, ұсталар соққан кетпендей»). Қысылғанда амал табады, сонысымен Қоренді де отырғызып кетеді. Қалмақты ақылдылығы һәм шешендігімен ұршықтай ойнататын салтқа да, ерге де нағыз опалы әйелдің сойы. Уақиғаның қалай боларын алдын ала түс көріп білетін сұңғыла. Сүйіктісінің соңынан өлмек те болады, бірақ оған тосқауыл – Төлегеннің өлердегі соңғы тілегі. Оны өсиет деп түсінетіндіктен, әлгі тілекті орындамаса Төлегеннің бір өлмей, екі өлгені деп ұғынады. Өзі дініне берік, «кәпірге қатын болатын болдым» деп намыстан, ұяттан жарыла жаздайды. Шеге нұсқасында «Бір тасқынға бір тосқын» деп, көзі аларып өліп жатқан Қореннің көзіне құм құйып, семсермен шауып, басын денесінен бөліп домалатады.


Жырдағы жолдар арқылы Жібек арудың бет-бейнесін көз алдымызға келтіргендей боламыз. Біз үшін Қыз Жібектен асқан сұлу жоқ, әдемінің бәрі Жібек болып елестейді. Қазақ көрікті қызды көрсе: «Қыз Жібектей екен» дейді, ақылды аруды көрсе: «Қыз Жібектің өзі екен» дейді. Бір-біріне «Қызың Жібектей болсын» деп тілек айтып жатады. Солай-солай Қыз Жібек қазақ қызының символикалық бейнесіне айналып шыға келген болатын.

Лиро-эпостық яғни махаббат жырларында негізінен батырлық, ерлікті жырлаудан гөрі, екі жастың арасындағы шынайы махаббат, халықтың әдет-ғұрпы , салт-дәстүрі көбірек суреттеледі. «Қыз Жібек» жыры да солардан кенде емес. Солардың бірі «Қыз көру» (салт). Кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаздар , сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз аулына барады. Қазақта «Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады.


«Бата аяқ» (салт) Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз аулына келіп «бата аяқ » өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді . Айтыс (дәстүр, өнер) Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын , той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойларына жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен.
Поэманың екінші бөлігінде ақын Жібекті жаңа рольде көрсеткенде, оның ескі әдет-ғұрыптың бірде-бір әрпін бұзбайтын мүләйім жан ретінде суреттейді. Бұл жағдай Жібектің қара басының қамы үшін ғана емес, ең алдымен елін қоршап алған қалың жау-қалмақтардан құтылудың тура жолы.
Әмеңгерлік (салт) Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеу қайтыс болғанда оның жесірі "ерден кетсе де, елден кетпек жоқ", "аға өлсе, іні мұра" деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады.
Бата (бата беру, бата алу) ( дәстүр ) Бата - ақ тілеудің белгісі. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым. Ең жақсысын халық "ақ бата" деп қастерлейді Теріс бата. Бұл - бата деп айтылғаны болмаса, қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай бата сенімді ақтамаған, өзіне қолы, тілі тиген баласына әкесінің қолын теріс жайып берген батасы. Осы жырда бар теріс бата беремін деген салт...
Арыздасу (ғұрып). Бұл өмірден өтіп бара жатқан адам соңғы сағатында туған-туысқандарымен, бала-шағасымен соңғы рет тілдесіп, олармен қоштасады. Қатесі болса, кешу сұрайды. Өсиетін, арманын айтады. Бүкіл ел-жұртымен, туған елімен қоштасады Сүйінші (салт) Қуанышты хабар хабар жеткізушіге үй иесі «қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың , ризалықтың белгісі
Бұл салттардың жырдан орын алуы қазақ халқының тұрмысынан хабар береді әрі халқымыздың табиғатын танытады.
Қорыта айтқанда, белгілі ғалым, зерттеуші Р.Бердібаев жырға өзінің мынадай әділ бағасын береді. «Қыз Жібек» — қазақ халқының даналығы туғызған асыл жырлардың бірі. Мұны эпиакалық суреттеу өнерінің ең жетілген кемес нұсқасы десе де болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет