Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі



бет1/5
Дата29.09.2022
өлшемі30,46 Kb.
#151118
  1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат тарих


Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Шығыс Дешті Қыпшақ, жетісу және Түркістан аумақтарындағы болған әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси процестер қазақ хандығының құрылуындағы заңды құбылыстар. Ол Әбілхайыр хан мен Моғолстан мемлекеттерінің ішкі саяси жағдайымен тығыз байланысты. Саяси жағынан бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ хандығы ХV ғасырдың 60 жылдардың ортасы мен 70 жылдардың басында (Мұхаммед Хайдар Дулатидың есебі бойынша 1465-1466 жж.) Батыс Жетісуда құрылды. Оның негізін қалаушылар Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Керей хан мен Жәнібек хан болды.


Қазақ хандықтарының сыртқы саясат жөніндегі бағыт-бағдары және дипломатиялық қатынасы белгілі бір дәуірдегі ішкі, әсіресе сыртқы жағдайға сәйкес өзгеріп отырды. Керей хан мен Жәнібек ханның одақтық қатынас орнатқан тұңғыш мемлекеті Моғолстан болды. Моғолстанның ханы Есенбұға хан Моғолстанның батыс бөлігіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарына қоныстануға рұқсат берді. ХV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілхайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшейуіне себеп болды.


Керей мен Жәнібек хандар қазақ халқының жеке мемлекет құру, саяси және мәдени-экономикалық тәуелсіздік алу жолындағы талабын өз қимылдарына арқау етті. «Таурих-и гузида-ий Нусратнама» еңбегінің авторы айтып өткендей, Керей хан Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы. Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі. Ал, Жәнібек хан Барақ ханның ұлы Орыс ханның шөбересі. Ол қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы. Оның азан шақырып қойған есімі-Әбусаид (кей деректе Бусаид немесе Әбусағид). Ең алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді. 1480-1511 жылға дейін Керейдің баласы Мұрындық хан болды. ХVІ ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы күшейе түсті. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін соғыс Мұрындық ханның тұсында да толастаған жоқ.


Ал, 1511-1518 жылға дейін Қасым хан болды. Қасым хан шамамен 1445 жылы дүниеге келген. Ол 1518 жылы қайтыс болған. Қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы. Қасым ханның алға қойған басты міндеті Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу болатын. Тарихта Қасым хан басқарған жеті жылда қазақ хандығының атты әскері 300 мыңға, халқы 1 миллионға жеткен.ХVІ ғасырдың аяғына қарай Қасым хан Қазақ хандығының жерін ұлғайтты. «Тарихи Рашиди», «Шайбанинама» т.б. деректердегі мәліметтерге қарағанда қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары Қазақ хандығына Қасым ханның билігі кезінде біріктірілген. Қасым хан қазақтың құқықтық тарихының бесбөлімінен тұратын белгілі «Қасқа жол» заңдар жинағын шығарған. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы Ресей патшалығымен, Сібірмен тағы басқа елдермен байланыс орнатты.


Қасым хан Сарайшық қаласында көз жұмды сол жерде жерленді деген дерек бар. Қасым хан Керей мен Жәнібек хандар басқарған саясатты жалғастырды. Бүкіл Дешті-қыпшақтың ханына айналды. Хандықтың кеңеюі мен нығаюына бар күшін салды. Қазақ елінің қуаты мен беделі алыс-жақын шетелдерге танылды. Мәселен, солтүстікте Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасады. Орыс мемлекетімен Мәскеуліктермен, оңтүстікте шайбани шығысында моғол мемлекетімен бейбіт саяси байланыстар орнатты. Сондай-ақ, Иран мен Әзірбайжан жерінде құрылған Сефебит мемлекетіменде дипломатиялық қарым-қатынаста болды.


Батыс Еуропада қазақ хандығын осы кезде танып білді. Қасым хан мемлекеттің қоғамдық өмірінде алауыздықты болдырмау үшін бірқатар заңдар шығарды. Ол арғы тегі Шыңғысханның жасақ заңдар жинағына ұқсас. Әлі күнге дейін ел аузында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет