Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі


Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазған



бет5/5
Дата29.09.2022
өлшемі30,46 Kb.
#151118
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат тарих

Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазған.

Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайда болуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды.
Сонымен, көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагүдік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-катынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы калалар үлкен өсер етті. Көшпелі және отырықшы шаруашылық-мәдени тұрпаттың өзара әсері, әсіресе олардың шекаралық аймақтарында күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты.

Жібек жолының маңызы. Ортағасырлық Жібек жолының маңызы мынандай: бірінші, отырықшы және көшпелі мәдениет бірін-бірі байытты, екінші, қала саны артты, үшінші, сыртқы байланыс дамыды, төртінші, сауда-саттық кеңейді. сондай-ақ Жібек жолы бойындағы елдердің әдебиеті мен өнері бір-біріне әсер етіп, өзара байыды. Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы сауда жолы ғана емес, көшпелі, отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы болды. Ұлы Жібек жолы ХІV-ХV ғасырларға дейін пайдаланылды. Ал кейін Теңіз сауда жолының пайда болуына байланысты Жібек жолы өзінің маңызын жоғалтып, өмір сүруін тоқтатты.
Дегенмен, қорытындылай келе, Ұлы Жібек жолы тарихта өз орны бар, маңызы зор оқиғалардың бірі деп білемін. Себебі Ұлы Жібек Жолы мәдениеттің көркеюінде үлкен рөл атқарды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет