«Қазақ құқығы» курсын оқытудың мақсаты



бет8/8
Дата06.02.2022
өлшемі101 Kb.
#79792
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қаз құқық 1
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні
«Қазақ құқығы» курсы

(қоғамдық –гуманитарлық бағыт)




қ/с


Т а қ ы р ы п т а р


сағаты


мерзімі

1.

Кіріспе

1 с







1-бөлім. Адам.Қоғам және Құқық (4 сағ)




2.

Адам-қайталанбас тұлға




3.

Қоғам және қоғамдық қатынастар

1 с



4.

Құқық түсінігі

2 с







2-бөлім.Мемлекет(3сағ)




5.

Мемлекет туралы түсінік

1 с



6.

Мемлекет құрылымы және басқару формалары

2 с







3-бөлім. Түркі кезеңіндегі заң жүйесі(2 сағ)




7.

Түріктердің «Төру» заңы

2 с







3-бөлім. Монғолдардың құқық жүйесінің ықпалы(2 сағ)




8.

Шыңғыс ханның «Жаса» заңы




9.

Алтын Орда,АҚ Орда кезеңіндегі басқару жүйесі

1 с







4- бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар (8 сағ)




10.

Қасым ханның «Қасқа жолы»

2 с



11.

Есім ханның «Ескі жолы»

2 с



12.

Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

2 с



13.

Қазақ дәстүрлі заңдарының маңызы

2 с







5-бөлім. Кеңестік кезеңдегі Конституциялар (4 сағ)




14.

1937 жылғы Конституция




15.

1978 жылғы Конституция

2 с







6 - бөлім.Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары (9сағ)




16.

1993 жылғы Конституция.

1 с



17.

1995 жылғы Конституция

2 с



18.

ҚР Конституциясы бөлімдері мен баптары(толық нұсқасы)




19.

Құқықтық сауаттылық –заман талабы.

1 с



20.

Құқықтық мемлекет-демократиялық қоғамның кепілі.

2 с



21.

Термин сөздер

1 с



22.

Қорытынды








Барлығы:жылына- 34 сағат ,аптасына-1 сағат.



«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында
Мектеп директоры: Мектеп директорының қаралды.ӘБ
............Ә.Ә.Тойланбаев бағдарлы оқу-ісі орынбасары: жетекшісі:
« » .............. 20.... жыл ..................Ш.А.Мәдікенова ........Т.А.Шойынбаев

«Қазақ құқығы» курс бағдарламасы

10- сыныпқа арналған

(Қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Құрастырған тарих пәні мұғалімі: Т.А.Шойынбаев


Саудакент ауылы

«Қазақ құқығы» курсын оқыту және курсты аяқтау формасы.
«Қазақ құқығы» курсын оқыту барысында қолданылатын оқыту формасы алуан түрлі болуы керек. Бірсарынды оқыту әдісі оқушылар- ды жалықтырып жібереді. Сондықтан оқыту әдісі де әртүрлі болуы керек.
Курсы оқыту формалары:
  • Тақырып бойынша баяндау;


  • Сабақты түсіндіру;


  • Тақырыптар бойынша пікірталастар , дөңгелек столдар ұйымдастыру;


  • БАҚ мәліметтерін пайдалана отырып , өзіндік ой-пікірлерін айтқызу.



Курс оқылып болған соң оқушылар өздері таңдап алған немесе
мүғалімнің нұсқауымен келіскен формада сынақ тапсырады.Курс бойынша алынатын сынақтардың нәтижелері «Құқықтану негіздері»
пәнінің қорытынды бағасын шығаруда есепке алынады.

Курсты оқытуды аяқтау формалары:


  • Тақырыптар бойынша рефераттар мен баяндамалар дайындау;


  • Тақырыптар бойынша билеттер арқылы жауап беру;


  • Өтілген тақырыптар бойынша тест алу;


  • Тақырыптарда кездесетін жағадаяттарды шешуде өзіндік жоба, үлгілерін ұсыну.





Тақырыбы: Кіріспе

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
А) біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
Б) екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Объективті құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет – ғұрыптар, заң преценденттері және нор­мативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана – сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.
Субъективті құқық – бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға ар-налған заңды мүмкін болатын мінез – құлықтарының өлшемі. Субъективті құ-қықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана – сезіміне, ерік –жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.


1- бөлім. Адам.Қоғам және құқық.
Тақырыбы: Адам-қайталанбас тұлға.
Сабақтың мақсаты :
Адам мәселесі деген кешенді ұғымның мәнін ашу, адам туралы тұжырымдарды талқылау,оқушылардың санасына адами қасиеттерді дарыту.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет