Сөйлеуді жасау процесі жалпы алғанда, сөйлеуші белгілі бір ережелер бойынша өзінің түпкі ойын нақты тілдің сөйлеу бірліктеріне аударумен тұрады.
1. Тілдік қателер
Сөйлеуді жасау тікелей бақылауға қолайсыз болуына қарай, тек оның аралық және соңғы өнімі бойынша ғана ол жөнінде талдауға болады. Алайда сөйлеушінің түпкі ойына соңғы өнім – мәтін және пікір айту сәйкес келе бермеуі мүмкін. Себебі сөйлеу барысында адам сөйлеуде кідіріс жасайды, тоқтап қалады, сөздерді алмастырады немесе тіпті фраза құрылымын өзгертеді, өзін-өзінің қатесін түзейді және нақтылады. Табиғи сөйлеу процесі осындай жаңылуларға (сбоев) ие болғандықтан, көптеген зерттеушілер сөйлесім әрекетінің жасалу ережесі тілдік қателерді бейнелейді деп табады.
Психолингвистикада сөйлесім әрекетінің жасалуы мен қабылдауына байланысты орасан зор материал жиналған. Айталық, 1895 жылы тілдік қателердің атасы деп саналатын Мерингер деген біреу ауызша және жазбаша тілдегі 8000-нан астам қателердің, сондай-ақ дауыстап оқу барысында жіберілетін қателердің тізімін жариялаған.
Тілдік қателерге кідіріс (пауза), тербелу (колебания), түзетулер (исправления), қайталамалар (повторы) және орнын басу (замещения), сондай-ақ жаңылыс айтылу (оговорки). Виктория Фромкина жаңылыс айтылған сөздерді (оговорки) 4 типке бөледі: ауыстыру (подстановка), орнын алмастыру (перестановка), қалдырып кету (опущение), қосып алу (добавление). Оның пікірінше, бұл типтер фонема, буын, сөз және синтагмалардың психолингвистикалық шындыққа ие екенін растайды.
Фонологиялық деңгейдегі жаңылыс сөздер айрықша ауыстырумен, яғни сөздерге қатар орналасқан бірінші және соңғы дыбыстарды алмастырумен байланысты. Кейінірек болатын дыбысты алдын-ала болжап қою (предвосхищение звука) (1,2), айтылып қойылған дыбысты қайталау (дыбысты қайталау) (3,4) ажыратылады. Сонымен қатар, бір буынды келесі буынмен алмастыру да кездеседі (5,6).
Достарыңызбен бөлісу: |