Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



Дата07.05.2017
өлшемі72,56 Kb.
#15671
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ


Н.Х. Шадиева


5В011700 - «ҚАЗАҚ ТIЛI МЕН ӘДЕБИЕТI»

мамандығының

«Кәсіптік практикасына» арналған

НҰСҚАУЛЫҚ

Астана, 2016


І КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- тұтас педагогикалық үдерісті басқаруда мұғалімнің дайындығын қалып-тастыру;

- мектеп, сыныптың тұтас педагогикалық үдеріс жағдайы мен оқушы тұлғасын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпы педагогикалық, психологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру;

- пән мұғалімдерімен, оқушылармен, психолог мамандармен, ата-аналармен ынтымақтастықта болу;

- педагогикалық құзырлылығын (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, құрастыра білушілік, қолданбалы және т.б.) дамыту және қалыптастыру;

- кәсіби-педагогикалық және тұлғалық-кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білуі);

- дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану;

- педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық зерттеушілік әдісін қалыптастыру;

- тұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;

- оқушы біліктілігін дамытуды жоспарлай білу мен оны нарық бағдарламасындағы білім беруде жүзеге асыру.
ІІ КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ
1. Меңгеру:

- сұрақтарды (мемлекеттік стандарт, оқу, тақырыптық, сабақ жоспары, пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың жоспары, тәрбие жұмысының жоспары т.б.);

- өзіне бекітілген сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің деңгейін;

- жалпы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін;

- оқу-тәрбие іс-әрекеттерінің психологиялық аспектісін (сабақтың психологиялық құрылымы, оқушылардың қызығушылығы, педагогтік адамтанымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері, қарым-қатынас);

- пән бойынша оқудан және сыныптан тыс жұмыстар жүйесін;

- пән бойынша оқушылардың іскерлігін, білім деңгейін;

- сыныптағы тәрбие үдерісін (жоғары сынып оқушыларының даму заңдылықтарын есепке алу, субъект – субъекттік қатынас, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, қызығушылығы және мінез-құлық тәртібі).



2. Іске асыру:

- пән мұғалімінің және сынып жетекшілерінің іс-әрекетін;

- жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтың психологиялық-педагогикалық талдауын;

- оқытудың интерактивтік әдістері, қазіргі инновациялық технологиялар пайдаланылған оқыту әрекеттерін;

- оқыту әдістерін және қазіргі компьютерлік технологияларды пайдалануды;

- ата-аналармен жұмыс әдістері мен олармен ынтымақтастық негізде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды (ата-аналар жиналысына дайындық, сұхбаттасу, сауалнамалық сұрақ);

- оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізуді;

- жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралардың психологиялық-педагогикалық талдауын;

- пән бойынша оқушылармен жалпы мектептік іс-шараларға (пәндік кештер, апталық, олимпиада, конкурстар, т.б.) дайындық жүргізу және өткізуді;

- ұжымдық шығармашылық іс-әрекет негізінде жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралар өткізуді (тақырыптық кештер, күзгі бал және т.б.).



3. Қатысу:

- мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына;

- пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмыстарына;

- сынып жетекшісінің семинар жұмыстарына;

- кіші педагогикалық жұмыстарға (студенттердің);

- оқыту іс-әрекетінің сараптамасына және өзіндік талдауға;

- оқушылармен тәрбие жұмыстарының талдауына және өзіндік талдауға.
ІІІ КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫҢ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТАПСЫРМАЛАР:
Оқу және тәрбие жұмыстары бойынша


  • тәжірибе кезінде қолданылатын қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі курсы бойынша әдістемелік қосымша материалдары;

  • педагогикалық тәжірибе кезінде өтілетін материалдарға сай қосымша әдебиеттер, зерттеулер, бейнефильмдер қолдануды ойластыру;

  • практиктиканттың ғылыми білімі, ұстаздық шеберлігі, ынта жігері, еңбекқорлығы жинақталатындығы ескертіледі;

  • сабақ жоспарларын, тақырыптық кештің сценарийін жасау.


Тәрбие жұмыстары бойынша

- Педагогиканың «Тәрбие жұмысы», «Сынып жетекшісінің жұмысы» тарауларын білу;

- бөлінген сыныпқа арнап тәрбие жұмысының жоспарын құру, оны сынып жетекшісінің келісімімен орындау;

- «Сынып жетекшісіне көмек» библиографиясын (кітап, журнал, газет материалдары) құру.




Оқу-іздену жұмыстары бойынша тапсырмалар:

  1. Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмыстарымен танысу.

  2. Қоғам алдында (ата-аналар) дәріс оқуға дайындық.


Қазақ тілі мен әдебиетінен тапсырмалар:

  1. Кем дегенде 12 сабақ өткізу, оның 4-уі сынақ сабақтар.

  2. Педагогикалық тәжірибенің нәтижесі бойынша студенттер кафедраға төмендегі материалдарды тапсырады:

а) ауылдық мектептерде тәжірибеден өткен студенттер сабақ жоспарларының конспектісін, көрнекі құралдарын, жұмыс жоспарларын, қазақ әдебиеті бағдарламасын, пайдаланған оқулықтар тізімін, тәжірибе өту күнделігін көрсетіп, факультет басшысыныің белгіленген күні сынақ тапсырады;

ә) қалада әдіскерлермен бірге болған студенттер қорытынды конференцияда іс-тәжірибелерімен бөліседі.

Сабақтан, сыныптан тыс, тәрбие жұмыстарынан көріністер ұсынады.

ІV ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТТЫҢ ЕСЕП ҚҰЖАТЫ
Өндірістік іс-тәжірибеден өткен студент кафедраға төмендегідей құжаттарды тапсыруға міндетті:


  • қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша құрастырылған тақырыптық-күнтізбелік жоспарды;

  • аталған пәндер бойынша сабақ жоспарларының конспектісін және пайдаланған көрнекі құралдарын;

  • өткізген сыныптан тыс жұмыстарының толық нұсқасын;

  • тәрбие жұмысының конспектісін;

  • мектепте өндірістік практикадан өткендігін дәлелдейтін, сол мекеменің мөрімен заңдастырылған және толық толтырылған күнделігін;

  • оқу-тәрбие мекемесі басшысының бағасы қойылған өткізген жұмысының есебін;

  • қорытынды конференцияда сабақтан, сыныптан тыс жұмыс түрлерінен үзінді көрсетіліп, тәжірибе алмасу мақсатында көрме ұйымдастырылады.


Пайдаланылған нормативтік құжаттар:

1. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары (29.01.2016ж. №107);

2. Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесі. Кәсіптік практика. Негізгі ережелер (ҚР МЖМБС – 5.03.005.-2009; Енгізілген күні: 2009.09.01);

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 17 мамырдағы № 49 қаулысымен  бекітілген  «Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» 50,62,82,83,84-тт.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «20» сәуірдегі № 152 бұйрығымен бектілген «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі».

5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Қабылданған уақыты: 27.07.2007. Деректер базасы жаңарған уақыты: 13.11.2011.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен  бекітілген  «Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарты» (13.05.2016ж. өзгерістерімен, №292).

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары»




 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет