Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы



бет19/19
Дата11.11.2016
өлшемі5,24 Mb.
#1501
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Моңғол өкілдері белгіленген күні Хайрт асуына келгенде алдына тосып тұрған Оспан батырдың екі өкілі «батыр ертең осы жерге» келеді деп кері айналып шаба жөнелген.

1943 жылы қазан айының 5 жаңасы. Хайрт асуы.

Кездесуге Моңғолия Ішкі Істер министрлігінің орынбасары Б.Дүйнхэржав («Жамба»), оның кеңесшісі Ф.С.Попов (Петров) бастаған адамдар келген. Үй тігіліп Оспан батырдың өзі, 30 сардары 10 кеңесшісімен бірге кездесуге қатысты. ...Генерал Батын Доржының естелігінде мынадай деректер бар. «...Біз 1943 жылы қазан айының 5-күні түстен бұрын яғни 13.00 де Хайрт асуына келгенімізде Оспан 100 дей адамын кейінірек қалдырып, қырықтай әскерімен кездесуге келді. Қасында Оспан батырдын оққағары «бүкір бақсы» «аталған Сүмқазы, Қапас Төлекеұлы, Жолдыбай мерген, орыс Александр Чернеевтер келді, делінді. Келісім бойынша Оспан өзінің баласын екі адаммен бірге (біреуі орыс азаматы) Моңғолға өткізіп, әскери қару-жарақты үйрену, осы мезетте Оспан өз адамдарын Моңғол жеріне жібермеу, сол арқылы Гоминдаң әскерімен күресуді алға қойғандығы айтылады.

Сондай-ақ келісімде көрсетілген бір қызықты жай: Моңғолда дінге шек қоймау, коммунизм насихатын жүргізбеу, қандай бір жағдайда қазақтарды ұстап, қыспақтамау айқындалған.

Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Оспан батыр Ісләмұлымен кездесудің әрбір сәті Моңғолия Ішкі Істер министрлігінің орынбасары Б.Дүйнхэнжавтың барлау дәптеріңде тізіліп жазылып қалыпты. «...Моңғолия мемлекеті сіздің күрескерлеріңізге сәлем жолдайды. Көтерілісшілер ұйымымен сыбайластық байланыс жасау үшін біз шекара отрядының бастығы майор Дэмбэрэлден жолдаған бірнеше реткі хатымызды сіз ыстық ықыласпен қабылдап жауап бергеніңізге аса жоғары ризашылығымызды білдіреміз. Осынау екі жақты байланыстарды әріқарай нығайту үшін, аса мәртебелі батыр, сізді бізбен бетпе-бет кездессе екен деп шақырған едік. Біздің шақыруымызды қабылдап келген сіз және басқа жора-жолдастарыңызға рахмет айтамын...

Осы қысқаша сөзден кейін келісім басталады.

Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Оспан батыр Ісләмұлының сөйлеген сөзі кездесу есебінде былайша сөзбе-сөз жазылып қалған. Оспан батыр: «...Қытай өкіметі біздің қазақтардың салт-дәстүрін, діні мен тілін, жері мен малын, қару-жарағын жойып, жоғалту әрекетін жасап жатыр. Дінді шектеп, діндарларды қысымға салып, көптеген құран кітаптарды тәркіледі. Ұлтына тірек көптеген тұлғалар қытай түрмесінде жатыр. 1940 жылдан бастап мен қытай әрекетіне қарсы бірнеше жора-жолдастарыммен бірге көтеріліске аттандым. Қазір үш жыл бойы Гоминдаң әскерлерімен соғысып жүрмін. Осы кезге дейін Қытай өкіметі бірнеше рет аса улы саясатымен алдау-арбау әрекетін жүргізді. 1941 жылы Шыңжаң өкіметі бізге «соғыспай түсіп бер», «Сіздердің талап еткен істеріңізге толық канағатты жауап береміз, ұсталған адамдар да босайды...» деді. Өкінішке қарай біздің кейбір адамдар Қытайдың алдамшы саясатына сеніп қалған еді.

Шын-Шы-Сай өкіметі көтерілісшілердің қару-жарағын толық алғаннан кейін олардың басшыларын түрмеге жапты. Мен, Оспан, екі жолдасыммен бірге тауға бекініп, оқиғаны жұртшылыққа түсіндіру арқылы қайта күреске шықтық. Бүгінгі жағдаймен он бес мыңнан астап әскеріміз бар. Сарсүмбе аймығының үлкен хошууны бізді қолдауға әзір тұр. Біз қытайларға енді қайтып алданбаймыз, оларға түсіп бермейміз. Мақсатымыз: Алтай өлкесін Қытайдан тазарту, қазақтар ұлт тәуелсіздігін алу, мұсылман дінін кім қыспақтамай қолдаса, біз сол елмен етене байланыста боламыз. Өз дәстүр-салтымыз, дініміз, тіліміз үшін, ұлтымыздын тәуелсіздігі үшін үш жыл соғыстық, әлі де күресеміз. Бұл мақсатымызды толық орындай аламыз. Сеніміміз де мол. Моңғол, қазақ ұлтының өмір салты бірдей, екеуі де киіз туырдық астында өмір кешкен көшпелі ел. Малы жанының садағасы. Біздің екі ел тегіне қарасақ, бір биенің желіні секілді тамырлас. Мен 1939 жылы гоминдаң өкіметіне қарсы күресіп жүрген кезімде, ұлтымның көп ауылын сақтап қалу үшін, оларға бассауға жасату үшін Бұлғын асуымен елді асырып едім. Сіздер босқан елдің алдынан оқ атып, Қытайға хабарлап, өте көп шығынған душар еттіңіздер. Сол күннен бастап Моңғолды біз «жау» санап, қалайда күресеміз деп санадық.

Мінеки, қазір келісімге келіп, достық қатынас жасайық деп келгеніңізге қуаныштымын», – деді. Бұл реткі кездесуге Оспан батырмен бірге бір орыс азаматы еріп келген еді. Кездесу материалдарында аталмыш орыстың есімі «Александр» деп жазылған. ...1943 жылы 3-айда КСРО әскериліктері Шыңжаңнан қудаланып еліне қайтарылған кезде, советтің бір тыңшысы Оспан батыр көтерілісшілерінің қасында қалдырылғаны айқын болды. Кеңесші, әскери үйретуші деген атпен көтерілісшілер арасында жүрген орыс азаматы осынау тарихи оқиғаны екі етпей «өз орталығына» хабарлап отырды дегенді жоққа шығаруға болмас.

Қандай империяның саясатымен, қай өлкеге келген «кеңесшінің мақсаты бір болған соң олардың кездесулерде бір-бірімен жолығып «тіл табысуы» онша қиын болмаған сияқты... Кездесу жоспарлаған істерін табысты, ойдағыдай атқарып, КСРО-дан Ішкі Істер министрінің кеңесшісі генерал Ф.С. Попов, Б. Дүйнхэржав (Жамба) қатарлылар, уақытша келісім-шартқа қол қойды. Келісім мәміле жобасы төмендегідей: ...Екі жақ тату көршілік қатынаста болады... Моңғол өкіметі Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысын қолдайды, қару-жарақпен жәрдемдеседі. Егер Қытай мен Шығыс Түркістан ұлт-азатшылары шиеленісіп, іс сәтсіздікке айналса көтерілісшілердің отбасы, басқа ауыл-аймақтары Моңғолға паналауға болады. Көтерілісшілер штабының жанына Моңғол жағы 50-60 өкілдерін отырғызады. Келісім жасаушылар шартты уақытта кездесіп тұрады. Екі жақ келісімі құпия екенін ант арқылы сақтайды. Бұл реткі кездесуде Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына 27 винтовка, 2600 оқ-дәрі, 10 дана маузер мылтық, 600 метр мата, Оспан батыр Ісләмұлына ағылшын автоматын 400 оғымен сыйға тартады. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы атынан Оспан батыр Ісләмұлы Моңғол шекарашыларына 82 ат, 8 қалы кілем, 137 грамм алтын және күміс зергерлік бұйымдарын сыйға тартқан. Бұл реткі кездесудің сәтті болуына «себепші» болған КСРО әскери қайраткерлері тарихта қалды.

Мұнда, ...Оспан батырды Моңғол өкіметімен тіл табыстыруға күш салған НКВД-нің барлау бөлімінің бастығы генерал-майор Ланпанг, шекара әскерінің кеңесшісі генерал-майор Ф.С.Попов, Моңғолия әскери Министрлігінің кеңесшісі Рубин, Байкал әскери округінің әміршісі генерал-полковник Ковалев, КСРО-ның Моңғол еліндегі елшісі КГБ генерал-полковнигі И.А.Ивановтар еді.


*** *** ***


Мазмұны

Т.Жұртбай. Біртұтас алаш идеясы және Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысы (Алғысөз)

Х.Әбжан. Ежелден аңсаған азаттық

К.Қожахметов Ұлт мұраты – ұлт азаттығы

К.Закенұлы. Ұмытылған мемлекет.

Ж.Сәмитұлы. Шығыс Түркістан республикасы.

Д.Сүгірбаев. Алтайдың күресі үстіндегі тарихи оқиғаларынан шолу

Б.Шаһиди.Іле уақыттық үкіметі.

Ғ.Нөкішұлы. Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық төңкерісі.

Ж.Бабалық, Қ.Қанафин. Дубек Нұртазаұлы Шалғымбаев.



С.Рахметұлы. Шығыс Түркістан және Монғолиядағы ұлт-азаттық қозғалысы (Оспан батыр).

1 «Шынжаң тарихи материалдары», 3-кітап, 19-бет.

2 Шы Юанпу. «Шынжаңның құпия сауда жорасы туралы», 119-бет.

3 «Шынжаң тарихи материалдары», 1-кітап, 116-бет.

4 Ду бан – қытайша – дара билеуші, дербес құқықты ұлық.

5 «Шынжаң тарихи материалдары», 3-кітап, 23-бет.


6 «Шынжаң тарихи материалдары», 6-кітап, 99-бет.

7 «Шынжаң тарихи материалдары», 6-кітап, 25-бет.


8 «Шынжаң тарихи материалдары», 1-кітап, 73-бет.


9 «Іле тарихи материалдары», 2-кітап, 15-16-беттер.

10 Бұл да сонда.

11 «Шынжаңның үш аймақ төңкерісіндегі ірі істері». Шынжаң халық баспасы. Үрімжі, 1995 ж., 55-бет.

12 «Шынжаңның үш аймақ төңкерісіндегі ірі істері», 56-бет.

13 Сонда, 73-бет.

14 Сонда, 71-72 - беттер.

15 Сонда, 71-72 - беттер.

16 Сонда, 81-82-беттер.

17 Чұңчиң - қала аты. Қытайдың сол кездегі уақытша астанасы.

18 Жаң Жыжуң. «Үрімжі кеңесінен Шынжаң бейбіт жолмен азат болғанға дейін», Үрімжі, б-6-беттер.

19 Сонда, 5-6-беттер.


20 Сонда, 7-8-беттер.

21 Сонда, 8-9-беттер.


22 Сонда, 12-бет.


23 Сонда 24 бет.

24 Зыхұй - қытайша - қолбасы

25 Тұңнұң - әскери мансап аты. Жалпы басқарушы.

26 Сылиң - қытайша - қолбасшы.

27 Шыжаң - қытайша - дивизия командирі.


28 «Іле тарихи материалдары», 2-кітап, 64-бет.

29 «Керейлер керуені», 100-бет.

30 «Шынжаңның үш аймақ төңкерісіндегі ірі істер», 106-бет.

31 Сонда, 108-бет.

32 Сонда, 109-бет.

33 Сонда, 110-111-бет.

34 Сонда, 111-бет.

35 «Іле тарихи материалдары», 2-кітап, 14-бет.

36 36 Сонда, 20-бет.


37 «Іле тарихи материадлары», 2-кітап.


38 Сонда.


39 «Іле тарихи материалдары», 2-кітап. 70-бет.


40 Сонда, 2-кітап, 74-бет.

41 Жаң Жыжуң. Аталған кітап 141 бет.

42 «Іле тарихи материалдары», 2-кітап, 163 бет.

43 Сонда, 163 бет.

44 Жаң Жыжұң. «Үрімжі кеңесінен Шынжаң бейбіт жолмен азат болғанға дейін» 237 бет. Үрімжі, 1991 ж.

45 Сонда 223 бет.

46 «Жұлдыз» журналы. 1992 ж., 7- сан.

47 «Іле тарихи материалдары», 7-кітап. 153-154 -беттер.


48 Сонда.

49 «Іле тарихи материалдары», 2-кітап.

50 «Жұлдыз» журналы. 1992 ж., 7-сан.

51 «Іле тарихи материалдары», 2-кітап. 92-94-беттер.

52 Сонда.

53 З.Сауданов «Шынжаң үш аймақ төңкерісі жайында есте қалғандар», 149-151 беттер. Үрімжі, 1990 ж.

54 «Шынжаң тарихи материалдары», 16 кітап, 152 бет.

55 «Санжы қазақтарының шығысқа аууы», 271 бет.

56 Лию Шаучи – Қытай компартиясының басшысы.

57 Дың Личүн – Қытай компариясының басшысы.

58 «Шынжаңның үш аймақ төңкерісіндегі ірі істер», 403-404 беттер.

59 Сонда, 405-406 беттер.

60 Батжаргалын Дүгэр – 1905 жылы Торгуут Уан хошууны, Ховд аймағының Булган сұмыны жерінде туған. 1925-30 жылдары ауып барып Үрімжі, Шонж, Хами қалаларында тұрған. 1933-35 жылдары Ховдадағы екі отрядта қытай, ұйғыр, қазақ, моңғол тілінен аудармашы, 1940-45 жылдары шекара сыртында барлаушылық қызметін атқарған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет