Бала күнінен адамгершілікке, басқа жандар алдында құрмет пен ізетке үйрене алмаған, не болмаса рухани күшінің төмен болуының әсерінен, қоршаған ортаға қарап өзгеретін адамдар көбіне этикалық құндылықтарды ұстана бермейді. Бірін-бірі мазақ етеді, не болмаса ұрлық-қорлықғ зорлық-зомбылыққа барып жатады. Мәдениетті ұстанбай, жаргонизмдер мен слэнг қосып сөйлеп жатады және өзіне жауапкершлік алудан барынша қашады. Бұл тұрғыда мектеп оқушыларына этика мен эстетикалық талғамдарын қалыптастыратын өзін өзі тану сабақтары мен психологиялық кеңестер және ең бастысы – отбасыдағы толыққанды тәрбие мен көңіл көмек бола алады.