Қазақ мәдениетінің типологиясы



бет2/3
Дата26.09.2022
өлшемі1,51 Mb.
#150850
1   2   3
Байланысты:
БАГУ ДИЛАРА 202 К ХИ ПРЕЗЕНТАЦИЯ 5 АПТА

Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі ( XVII—XVIII ғасырларда). Оған: "Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі", "Беласар", "Абылайдың қара жорғасы", т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы қазақ батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.

Ұллтық киім

Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған.

Іштік киімдер: бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, күртке (желетке), шалбар.

Іштік киімдер: бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, күртке (желетке), шалбар.

Сыртқы (өң) киімдер: жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тайжақы, тон, шапан, шидем, ішік.

Сулық киімдер: аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен.

Ерлердің бас киімдері: башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма.

Әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі.

Аяқ киімдер: кебіс, көк етік, мәсі, мықшима, саптама етік, шоңқайма

Киіз үй


Қазақ халқының дәстүрі еңбек, тағам даярлау ерекшеліктерімен байланысты туып, ал ең бастысы — баспана яғни, киіз үй болып саналады. Қазақ халқы туралы айтсақ та, қырғыз, қарақалпақ, моңғол, ойрат, хақас халықтарының баспанасы киіз үй болып саналған. Ол тез жиналып, көлікке артып көше беруге, шапшаң тігуге лайықты жасалған. Киіз үйдің ағашы мен киізіндегі орама: үймен бау-басқұрындағы ою-өрнектерге қарап қай халықтың баспанасы екенін бірден ажыратуға болады. Оның сүйегі «қазақ» және «қалмақ» үлгісінде екі түрде жасалады. Қазақ үлгісінде жасалған киіз үйдің уығы иініш, жалпақ болып келсе, ал қалмақ үлгісіндегі киіз үйдің уығы ұзын тікше болып келеді. Киіз үйлер кереге көздерінің кең немесе тар жасалуына қарай да ерекшеленеді.
«Кең көзді» кереге (оны «жел көзді кереге» дейді) түйеге теңдеуге жеңіл болғанымен, желге төзімсіз, ал «тар көзді» кереге («тор көзді кереге» дейді) желге төзімді, бірақ ауыр болады. Киіз үйдің сүйегі (құрылысы) дегеніміз — кереге, сықырлауық (ағаш есік), уық, шаңырақ. Киіз үйдің сүйегі арнайы дайындалған ағаштан жасалады. Соның бірі кереге — киіз үйдің шеңбер қабырғасын құрайды. Кереге жасау үшін шыбық талды кесіп кептіріп, оны қоламтаға (морға) төсеп балқытады. Арнаулы үлгімен белгілі қалыпта (формада) қатырады. Үлгіге келген талды жонып, жұмырлап, жылғалап, жосамен бояйды. Көк өткізетін тор көздің біріккен жерін бізбен тесіп, түйенің мойын терісінен жасалған таспамен көктейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет