Байланысты: Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы Қарақат
Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтік нәсілдер екендігі көрсетіледі.Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін,қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері "Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр" - деп көрсетеді.Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн.Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған.Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б.з.д. III-I мың жылдықтарды қамтиды.