Бірақ, осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың (қарақытай- лардың)шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлады. XIII ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды, сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқталды. Халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдейді.Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғынымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол-шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп кетеді.XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда,Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды. Қазақстан- ның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның курамына үйсін, қаңлы, дүлат, албан, сүан, сіргелі, ысты, ошакты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т.б. ру - тайпалар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |