Қазақ мифтері рәміздері



бет1/3
Дата02.10.2022
өлшемі50,25 Kb.
#151411
  1   2   3
Байланысты:
Аяжан


Қазақ мифтері рәміздері

Мемлекеттік нышандардың табиғи болмысы бөлек құбылыс ретіндегі тарихы бағзыдан бастау алады.Олардың пайда болуы, қалыптасуы мен өміршендігі қоғам тіршілігінде атқаратын маңызды әлеуметтік ақпараттық және мәдени қызметіне тікелей байланысты!Ал мазмұндық қүрылымы уақыт, кеңістік, қарым-қатынастың әр түрлі әдістері мен түрлері тәрізді өлшемдерге орай айқындалады.


Мемлекеттік рәміздерді әрқилы этникалық мәдени орта өкілдерінің бәріне немесе басым көпшілігіне таныс әрі түсінікті ерекше діл (код) десе де болады. Олар акпарат көзі ретінде коммуникативтік мақсатқа қызмет етумен қатар, белгілі бір субъектілердің өз ерекшеліктерін, қайталанбас даралыгьш, өз "менін" ("мен - мемлекет") терең сезінулеріне және басқаларға паш етуіне мүмкіндік береді-1! Мемлекеттік рәміздердің қарапайым нышандардан бастап, ресми саяси белгілерге дейінгі эволюциялық даму жолы олардың үғымдық және мазмүндық қүрылымындағы, қоғамдық-саяси өмірде атқаратын қызметіндегі өзгерістерге тығыз байланысты
Ең ежелгі нышандар - тотемдік (кие) белгілер. Олар біздің дәуірімізден коп бүрын, адамзат дамуының алакөбе шағында дүниеге келді. Элем халықтары арасында кең тараган. Ғалымдар бүл қүбылысты архаикалық дүниетаным ерекшеліктері арқылы түсіндіреді. Адам баласының өмірі әдетте екі өлшемде: жеке (профаникалық) және үжымдық (сакральдық) деңгейде отеді деп есептеледі. Үжым (тайпа, ру) мүшесі ретінде ол өзінің жеке түйсік-түсінігімен қатар үжымдық үғымдарға да, сол сияқты бірлесе өмір еүру тәртібі мен нормаларына да мойын үеьшуға тиіс. Ал олар сакральдық зерде және социумды қолдау мүратгарына негізделеді, соган орай, ең алдымен, дін мен дәстүрде кәрініс табады.
Киелердің (тотемдердің) материалдық (заттай) корінісі әдетте әр түрлі жануарлар мен аң-қүстардың суретгері немесе затгай бейнелері болып келеді. Олар әр қилы әдет-ғүрьштарда пайдаланылып, рулық қауымдастықтың, тайпаның іштей топтасуына қызмет еткен.
Қоғамда ақсақалдар, ру басылары мен діни лидерлер пайда болуына байланысты айырым белгілер дүниеге келді. Алғашқы билік нышандарына жататын бүл эмблемалардың қызметін бір уыс шоп, жапырақ немесе қауырсын қанат, ерекше бас киімдер, бейне-белгілер бедерленген найзалар мен бақандар, әшекейлі асатаяқтар пайдаланылды.
Ел билеушілердің және басқа да беделді адамдардың жеке айырым белгілері (кейіндері "штандарт” - "байрақ" деп аталған) қазіргі тулардың бір түрі ретінде дамыды. Коне замандардан жеткен ежелгі тарихи жазбаларда Шығыс билеушілерінің жеке рәміздері туралы деректер кездеседі. Рим диктатор-ларының, консулдарының және басқа жоғары лауазым иелерінің фасцийлері - кәдімгі будаланған шыбық шилері болатын. Олардың мағыналық ишарасы "Күш – бірлікте" дегенге саяды. Қытайда сонау Чжоу династиясы билік қүрған кездің өзінде (б.з.д. XII ғ.) ала тулар көтерген. Ғүн қагандары, Алтын Орда билеушілері мен Абылайхан да ала ту үстағаны белгілі.
Ресей рәміздерінде әулие-әмбиелер мен крест таңбаларын бейнелеу кең таралған. Ресейдің тарихи ресми рәмізіне айналған екі басты бүркіт бейнесі Иван III патшалық қүрған кезде пайда болды.
Жасалу әдісі мен жасалатын материалы, эстетикалық әсері жөнінен елтаңба мен ту арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Егер туда дүниеге көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі корініс табатын болса, елтаңба табигаты, әдетте, көлемге қатысты түсініктерге, сол сияқты архитектуралық композиция мен формага қатысты үғымдарға сәйкес айқындалады. Рәміздердің мән-магынасын талдап, түсіндірумен арнайы дайындығы бар мамандар айналысады. Оларды елтаңбатанушылар (геральдистер), ту танушылар (вексилологтар) деп атайды. Рәміздерге түсінік беру негізі француз тіліңде жасалған блазирование (рәміз баян) деген терминмен айқындалады. 
Елтаңба термині әуелде корольдердің, билік иелерінің атадан балаға мирас етіп қалдырған жерінің, басқа да меншік түрлерінің айырым белгісі ретінде қолданылған. Қазақтың "таңба" сөзінің мәні де соған үқсас. М.Қашғари сөздігінде (XI ғ.): "Хан не басқа билеушілердің таңбасы” деген анықтама бар.‘Таңба” сөзін орыс князьдері де "герб” деген мағынада қолданғаны белгілі. Бірінші Петр патшаның әкесі Алексей Михайлович қол қойған грамоталарда "герб салығы” деген үғымды білдіретін "тамговый сбор” тіркесі кездеседі. Ғалымдардың пікірінше, орыс тілінде осы уақытқа шейін кең колданылатьш "таможня” сөзі "таңба бажы" дегеннен шыққан.
Қазақтың ежелгі ру таңбалары әр түрлі геометриялық пішіндерді еске салады. Олардың басты ерекшеліктері - нақтылық пен қарапайымдылық. Кезінде әмбебап этно саяси нышан ретінде пайдаланылған, әскери байрақтар мен тулардың маңызды элементтері қатарына жатады. (Қазақтьщ әскери байрақтары негізінен "елтаңбалық тулар" тобынан). Елтаңбалар қол орнына жүретін мөр ретінде де пайдаланылып келген. Олардың әр түрлі бейне-пішіндері тастағы жазуларда, сан алуан материалдық мәдениет үлгілерінде, археологиялық қазбалар кезінде табылған көне мөрлер мен металл ақшаларда жиі ұшырасады. Қазақ тайпалары мен руларының төл таңбалары бейнеленген ғылымға белгілі алгашқы теңгелер VI-VIII ғасырлар шамасында дүниеге келген деп есептеледі. Отырар, Тараз және басқа бірқатар көне қалалардың өз ақша сарайлары болған. Елтаңбаларды тулар мен жалауларда, мөрлер мен металл ақшаларда пайдалану дәстүрі бар. Билеушілердің аты- жөндерін жазып қою үрдісі де кездеседі.
Қазақ халқының көшбасшылары үлт болып ұйысудың үлы белгісі ретінде Үлытау бойында өздерінің ру таңбаларын тасқа қашап қалдырған. "Таңбалы тас" деп аталатын бүл жер қастерлі үлттық рәмізге (жағрапиялық) жатады, соған орай бүкіл әлем қазақтарының тізе бүгіп, тәу ететін киелі өңірлерінің бірі.
Қолда бар деректерге сүйенсек, елтаңбалардың қарапайым формалардан күрделі қүбылысқа дейін көтерілген эволюциялық жетілу жолын алты кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезенде алғашқьі әлеуметтік айырым белгілері пайда болған. Қазақ қоғамында осы күнге дейін үзілмей келе жатқан малға ен салу дәстүрі осы сипатты қүбылыс. Екінші кезең қарапайым рәміздік таңбалардың қолданысқа түсуімен ерекшеленеді. Далалық мәдениетте өзгеше орын алатын рулық таңбалар осы деңгейде дүниеге келген қүбылыс. Үшіншісі - мөрлердің, төртіншісі - әулеттік таңбалардьң, бесіншісі - қалалар мен аумақтық бөліністер елтаңбаларының пайда болуымен, ал алтыншы, ең жоғары, деңгей - ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбалардың шығуымен дараланады (Қазақстанда қалалық елтаңбалар XIX ғасырда пайда болды. Ресейде шыққан елтаңба жинақтарында Ақмола, Семей, Жетісу, Сыр-Дария, Торғай, Орал облыстарын және бес қаланьщ (Верный (Алматы), Петропавл, Семей, Торғай, Орал) елтаңбалары бар. Олардан басқа 16 уездік және округтік қалалардың: Ақмоланың, Ақтөбенің, Әулиеатаның (Тараз), Гурьевтің (Атырау), Жәркенттің, Ырғыздың, Қазалының, Қарқаралының, Көкшетаудың, Қапалдың, Қостанайдың, Лепсінің, Павлодардың, Перовскінің (Қызылорда), Өскеменнің, Шымкенттің төл таңбалары болғаны туралы деректер кездеседі. Бірақ олар елтаңба жинақтарына енбеген. Әлеуметгік-саяси бірігу және мәдени-этникалық даралану мақсаттарына әуендік рәміздер де (ішінде музыкалық- поэтикалық шығармалар да бар) қызмет етеді. Гимн термины грек тілінен аударғанда бағдарламалық сипаттағы өлеңге жазылған салтанатты әуен деген үғымды білдіреді. Оның әлімсақтаи әйгілі нүсқалары әдетте үш бөлімді қүрылымға негізделеді: қүдай тағалаға қүлшылық ету, ол туралы миф және рақым күтіп жалбарыну. Ғалымдар осылай алғашқы гимндер Ежелгі Мысыр мен Месопотамияда пайда болды деп есептейді. Ал қүдайлар құрметіне киелі әндер (қазіргі әнүрандар бастауы) жазу ол кезде ең беделділердің ғана еншісіне тиген. Орта ғасырдағы әр түрлі діни-әлеуметтік қозғалыстар табиғаты мұнан басқа сипаттағы гимндердің дүниеге келуіне себепкер болды. Олардың арасында XV г. гусит әндері, XVI ғ. неміс әні "Stabat Mater”, т.б. бар.
Классикалық түрғыдағы гимн үғымына толық жауап беретін түңғыш туындылар XVIII-XIX ғ.ғ. пайда болған. Мысалы, 1730 жылы "Рокоци-марш” дүниеге келді. Жарты ғасырдан соң (1845 ж.) оның Ф.Эркел өңдеген нүсқасы венгрдің үлттық гимніне айналды. 1797 жылы композитор Ю.Выбицкий "Италиядағы поляк легиовдарыньщ әнін” ("Домбровский мазуркасы”) шығарды. Осы туындының әуені мен сөзінің әсерімен Л.Гай 1833 жылы "Хорватия әлі тірі" апы гимн жазды. іле-шала чехтар мен словактардың музыкалық рәміздері: "Қайдасын, Отаным" (1834 ж.) мен "Над татрами зарницы”, сол сияқты "Германия, Германия артық бәрінен”, "Қүдайым, сақтай гор корольді” (Англия), "Қүдайым, сақтай гор патшаны" (Ресей), ал Францияда Ф.Госсектің "Азагтықгимні”, Л.Керубинпдің "Бауырмалдық гимні” және Руже де Лильдің "Марсельезасы” жазылды.
Ағылшынның "Қүдайым, сақтай гөр корольді” гимнінің тарихы қызық. Оның әуені Францияда дүниеге келді. XIV Людовик қатты науқастан жазылған кезде "Қүдайым корольді қүтқарды ғой” деген өлеңге сарай сазгері итальяндық Аюлли арнайы әуен жазды. Кейін бұл ән Англияға жетеді де, оның композитор Керей өңдеген нүсқасы Ұлыбританияның мемлекеттік әнүранына айналады.
АҚШ әнұранын 1931 жылдың 3 наурызында президент Г. Гувер бекіткен. Ал оган негіз болған балтиморлық заңгер Ф.Кидің "Мак-Генри бекінісін қорғау” деген олеңі одан бір ғасырдан астам уақыт бүрын өмірге келген еді.
Гимннің сазы мен сөзі сипаты мен мақсаты жөнінен біртұтас шығарманың өзара үйлесім мен жарастық тапқан қос қүрамдас бөлігі болып табылады. Олар терең сезімге бөленуге, белгілі бір көңіл-күйге ортақтасуға және іштей өз қалауына қарай өзгеше рухани әлем жасап алуға мүмкіндік береді.
Сөз бен саздың текті табиғаты, айрықша әсерлілігі жеке адамдар үшін - ішкі рухани-сезімдік қуатын бір мақсатқа жүмылдыруға, ал әр түрлі қоғамдық қүрылымдар үшін - белгілі бір әлеуметтік-саяси ахуал қалыптастыруға әріден бері пайдаланылып келеді. Оларды рулар мен тайпалардың ерекше дыбыстық "айшығы” - ұрандар мен әскери марштардан бастап, мемлекеттік әнұрандарға дейін түрлі рәміз ретінде пайдалану да осыған негізделген.
Белгілі этнограф, ұлт аспаптарын жинаушы А.Эхгорн "урра” деген коне аспаптың аты қазақтың "ұран” сөзінен шыққан деген пікір айтады. Ғалым бүл сөздің ерекше салтанатқа байланысты және аң аулауга шығар кезде, сол сияқты әскери жорыққа аттанарда үрмелі аспаптарда бірнеше рет қысқа қайырыммен қайталанатын әуенді білдіретіндігіне назар аударады.
Қазақ халқының ұлттық гимніне айналған әйгілі тарихи туындылардың бірі - "Елім-ай" әні. Оның авторы – ХVIII ғасырда өмір сүрген белгілі тарихи түлға - қаһарман қолбасшы, өнегелі өнер иесі Қожаберген Толыбайұлы (1663- 1786 ж.ж.). Ән елді жау шапқан кезде халықтың басына түскен ауыртпалық пен азапқа деген жан күйзелісінен шыққан. Бірақ оның сазында да, созінде де пессимизмнен гөрі өміршеңдік пафос рухы басым. Ән ел болып жиылып, жат-жұрттық езгіге қарсы қайрат көрсетуге шақырады. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін күшейтіп, жоңғар басқыншыларына қарсы бүкіл халықтық ыза мен кек рухын оятуга бағытгалған. Жоғары отаншылдық сезімдермен астасьш жатқан рухани қуат - үлы күйші Қүрманғазының әйгілі "Сарыарқасының” да ерек табиғатын даралайтын қасиеттердің бірі. Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әні де (созі Ж.Ножімеденовтікі) - өзінің аса кең таралуы мен ел сүйіспеншілігіне бөленуі жонінде қазақ топырағында халықтық гимн деңгейіне көтерілген бөлек туынды. Кеңес дәуіріндегі ресми рәміздердің қай-қайсында да ондаған жылдар бойы күштеп таңылған партиялық-таптық көзқарас табы айқын сезіледі. Қазақ КСР елтаңбасы мен жалауы, сайып келгенде, одақтық рәміздердің көшірмесі болса, әнұран сөзі сол кезеңнің ең астам идеологиялық таптауырын түжырымдарымен өрнектелді.
Ол тұста ұлттық рәміздер тарихы да зерттелген жоқ. Рулық таңбалар немесе батырлардың әскери байрақтары туралы сөз ету ескілік кер тартпалыққа жатқызылды. Оларды ілу мен зерттеу қауіпті болатын. Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздерін қабылдау қазақтар үшін және республикада түратын барлық үлттардың өкілдері үшін таптық, тоталитарлық қоғамның ескі іріпшіріген белгілерін жай жаңарту ғана емес, - деген болатын олардың тұсаукесер салтанатында Президент Н.Ә.Назарбаев, - Бұл - республиканың демократиялық және қүқықтық мемлекет қүруға, жеке адам еркіндігіне, этникалық түрғыдан әр текті халқымыздың бірлігін сақтау принциптеріне негізделген жаңа қоғам құруға берік бетбүрыс жасағандығымыздың белгісі".
Еліміздің жаңа ресми рәміздері ізгілік, өзара ынтымақ пен келісім тәрізді аса маңызды жалпыадамзаттық қүндылықтарға негізделген. Олардың өн бойында өрнектелген образдарда Қазақ елінің мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі идеялары көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ұлт үмітін арқалаған ақжолтай нышандар десе де болады. Өзегі - өзін-өзі жетілдіру және даму рухы. Негізгі мағыналық арқау - әрқайсымыздың және баршамыздың ортақ күш- жігерімізді егемен елдің үлы мүраттары жолына, ортақ Отанымыздың гүлдене беруіне бағыштауға шақыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет