Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК Филология факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасы БЕКІТЕМІН Филология факультетінің деканы __________________Ш.Қ.Жарқынбекова «5»маусым 2019 ж.
7М01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағытының білім алушыларына арналған KEL 1311– «Қазақ этнолингвистикасы» пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Нұр-Сұлтан 2019 Түсінік хат 1.Пәннің қысқаша сипаттамасы. Этнолингвистика — этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес бір саласы. «Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, психолингвистика, статолингвистиика, паралингвистика іспеттес этнолингвистика да — «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала.
Пәннің мақсаты:Қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму жолдарын айқындай отырып. магистранттарға қазақ тіл білімінде қол жеткізілген теориялық мәселелермен таныстыру.
Пәннің міндеті: -этнолингвистика ғылымының зерттелуіне шолу жасау;
-«этнос» ұғымының ерекшеліктерін саралау;
-қазақ этнолингвистикасының қалыптасу кезеңдерін айқындау;
-этнолингвистикалық арналарды талдау;
- қазіргі даму бағыттары мен ерекшелігін, өзара байланысын саралау;
--ғылымдар тоғысында қалыптасқан бағыттардың зерттелу жүйесімен, заңдылықтары және қағидаттарымен таныстыру.