Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



бет38/40
Дата18.10.2023
өлшемі350,49 Kb.
#186308
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
аза тіл білімі тарихы алматы, 2016
Рельеф шаблон, Рельеф шаблон, Рельеф шаблон, Рельеф шаблон, osh sor himija emn 10-klass kaz, «Физика» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныста (2), «Физика» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныста (2)
Тапсырма:
С. Мырзабеков еңбектеріндегі дыбыс тіркесімділігі мәселесі.
Сөздің дұрыс айтылуының маңызы.
С. Мырзабековтің өзіндік көзқарасын саралау.
С. Мырзабековтің дыбыс түрлеріне мен оны бөлуге қатысты ғылыми көзқарастары.
 
 
 
 
Ө. АЙТБАЕВ
 
Жалпы тіл білімінің көрнекті өкілдерінің бірі В.Гумбольдт тілді адам рухының көрінісі, танымның бейнесі, жанының тереңінен шымырлап шығатын, сөйтіп оның бүкіл болмысына қан жүгіртетін энергия деп түсіндірген екен. Тілді бүкіл адам баласының іс-әрекетінің, таным-түсінігінің қиялы жеткен күллі мәдениет түрінің негізі, адам рухының басты қызметі ретінде ұғынамыз. Қазіргі өркениет дамыған, ғылыми-техникалық прогресс қарқынды түрде дамып-жетілген тұста, тілдің прагматикалық қырын зерттеудің, әртүрлі ғылым салаларының метатілін, терімсөздік жүйесін қарастырудың маңызы ерекше артып отыр. Терімсөздердің құрылымдық, жүйелік сипаты, өзіндік ерекшелігі, әдеби тілді дамытудағы ғылыми стильдің алып-қосары, қазақ терминологиясының негізгі ғылыми бағыттары деген күрделі мәселелер күн тәртібіне қойылды. Осындай іргелі проблемаларды шешу ісінде филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Ө. Айтбаев есімі ерекше айтылады.
Өзінің алғашқы ғылыми зерттеуін “М.Горький шығармаларындағы фразеологизмдердің қазақ тілінде берілу жолдарын ” анықтаудан бастаған ғалым, бұл күндері қазақ терминологиясының негізгі теориялық және қолданбалы жүйесін зерделеумен айналысуда. Ғалым қаламынан шыққан ”Терімсөздер мен олардың аудармасы”, “Аудармадағы фразеологиялық құбылыс”, “ Қазақ сөзі” атты туындылардың қазақ тіл білімінің сапалы дамуы үшін берері мол зерттеулер.
Ө. Айтбаевтың терминология саласындағы жазған ғылыми еңбектері Қ.Қ. Жұбановтан кейін қазақ терминологиясын жүйелі түрде зерделеуімен құнды. Терімсөздегі дәлдік, қысқалық, жүйелілік туралы терімсөз мен номенклатураның айырмашылығы, терімсөздердің жіктелуі, ғылым тілінің әдеби тілдің функционалдық жүйесін құрайтындығын анықтауының теориялық мәні ерекше, әрі кейінгі зерттеулерге теориялық-методологиялық тұрғыдан негіз-баспалдақ болды дегенді айту орынды болмақ. “Терминология әдеби тілдің бір тармағы ретінде сол әдеби тіл нормасы мен ережесіне бағына отырып, сөзжасам (терімсөз жасау) және сол норманы кодтау жағынан өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктерін байқатады” – деп жазады ғалым (1.23).
Ө. Айтбайұлы алғашқылардың бірі болып А. Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерін теориялық тұрғыдан саралаған аға ғалымдарымыздың бірі. “Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсынұлының орны да сондай” – деп ұлы ғалымға үлкен баға бере алған да да Өмірзақ Айтбайұлы.
Ғалым А.Байтұрсынұлының терімсөзжасам тәжірибесін терең зерттеп, Ахмет жасаған терімсөздердің негізгі ерекшелігі мен мәңгілігінің себебін анықтап береді. Автордың пайымдауынша, “жалпыхалықтың тіл лексикасын еркін де шебер пайдаланып, оларға нақты қызметтелінгені”, “мамандарға ғана емес, тіл қолданушылардың бәріне түсінікті болуы”, “жасалған аталымдардың жалпы терминология теориясы талаптарына сай дәлдігі мен табиғилығы” зерттеушілерді сүйсіндіреді.
А. Байтұрсынұлының тіл біліміндегі еңбегін анықтап түсініп, бағалау үшін, сол кездегі ғылыми деңгей мен кеңестік кезеңдегі жағдайды анықтау шарт. Әлемдік тіл білімінде үстемдік етіп тұрған фонологиялық теорияның болғанын, осы орайдағы Байтұрсынұлы таңдаған жолдың саралығын ғалым жақсы аңғарады: “сол кезде бел алып, үстемдік көрсетіп тұрған фонологиялық теорияға бірде-бір сілтеме жасамағаны байқалады. Соған қарамастан, оның фонетикалық ұғымдар жүйесін соншама зеректікпен түсініп жасауы қайран қалдырады” деп жазуының үлкен мәні бар.
Профессор Ө.Айтбайұлы терминологияның қалыптасу жолдары мен оның негізгі кезеңдерін, терімсөзжасам мәселелерін де қазақ тіл білімінде бірінші рет жүйелі түрде зерделеді. “Терімсөздік даралық сипат алған сөздер мен сөз тіркестері, бейнелеп айтқанда тарихи кезеңдер мөріндей боп таңбаланған тілдік фактілер” екенін дәл танып, тап басып айтты. Ғылыми-техникалық терімсөз жасау ісінің өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастау алатынын тілге тиек ете отырып, әдеби тілдің даму жолындағы терімсөздердің өзіндік мәнін ашып көрсетеді. Қазақ тіліндегі терімсөзжасау мәселесін терең зерттеген ғалым, терминологиялық жүйе қалыптасуы үшін, тілдің белгілі бір даму деңгейінің қажеттілігіне ерекше мән береді. Ө.Айтбайұлының “жазуы жасалмаған тілдің терминологиялық жүйесі жетілмейді” деуімен келіспеуге болмайды. “Сауаттылық өлшемі – жазу” деген тұжырымды критерии ретінде ұстанған ғалым, жазудың сипаты мен қазақ жазуының қалыптасу деңгейін, өзіндік даму жолдарын қарастырады. Терімсөз қалыптасу үшін, ел сауатты болуы, жазуы болуы шарт екенін оқушысына әдемі ұқтыраған ғалым “мәдени прогесстің айқын белгісі ретінде ғылым мен білімнің өркендеуін” көреді. Яғни қоғамның алға басуы, мәдениет пен техниканың дамуы ғана терімсөз сөздерді туғыза алады. Демек, ана тілімізде терімсөзжасау процесінің болуының өзі, түптеп келгенде, ұлттың мәдени кеңістігінің кеңдігін танытса керек.
Ө. Айтбайұлы қазақ тіліндегі терімсөзжасам мәселесі туралы ой-тұжырым айта отырып, қазақ тіліндегі сөздердің мағыналық байлығы мен оның тазалығын сақтау мәселесін үнемі алға тартып отырады. Байыпты айтылған ғылыми ойларынан біздің аңғарғанымыз, ғалым терімсөздерді аударамыз деп, пуризмге де салынбай, тым шетелшіл де болып кетпей, жөн-жосығымен, салиқалы да салдарлы оймен терімсөз жасаудың жолдарын ұсынады. Терімсөздік сапаға көшкен атаулардың жаңаша мағыналық сипатта даму жолдарын нақты тілдік деректермен дәлелдеп көрсетеді. Зерделеп қараған кісі қазақ тіліндегі ғылыми атаулардың қалыптасып, қолданысқа ене бастауының өзіне кейінгі бір 70 жылдың ғана шамасы болғанын аңғарар еді. Бұл тарихи дамуы терең, бай қазақ тілі үшін өте аз мөлшер. Терімсөздердің жасалу сипаты да бұл кезеңде әртүрлі болды: төл сөздер терімсөздік мән иеленді, кірме сөздер қабылданды, шет елден енген ұғымдардың баламасы жасалды т.б. Осы жүйені зерделеген ғалым Ө.Айтбаев “қазір бұлар әдеби тіліміздің, әсіресе ғылыми шығармаларда түрлі оқымыстылардың жазуында, тіпті ғылыми қызметкерлердің сөйлеу тілінде кеңінен қолданылып, ұлттық тілімізге мол қазына ретінде еніп, өріс тауып отырғанын” анықтайды.
Ө. Айтбайұлы терімсөз жасау процесіндегі аударма мәселесін де терең зерделейді. “аударма процесінің жандануы тіларалық қатынас пролемасын шешті” деп есептейтін ғалым, “тіл айырмашылығына байланысты туындайтын кедергілер осындай әрекеттер нәтижесінде, яғни аудару ісінің жандануына орай жойылып отырады” деп жазады. Ғалым аударманы қалай болса, солай жасауға қарсы. “Көпке түсінікті, көңілге қонымды, барлық халыққа ортақ осы тектес нақты ұғымдар тұрғанда, кейде оны аударып әлекке түсіп жатамыз” деп кейиді автор.
Адам баласының тіршілік етудегі білімі мен білігі, жалпы дүниетанымы тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа мирас етіліп, кейінгілерге даналықтың кілті ретінде табысталатыны анық. Адамзат мәдениетінде өзіндік орны бар, әлем мәдениетін жасаушы ірі еңбектердің аударылуы ұлттық мәдениеттің көсегесін көгертері даусыз шындық. Ө. Айтбайұлының “қазақ тіліне аударылған қыруар дүние ғылым сарабына түсуге тиіс. Халқымыздың тілдік, стильдік жүйесіне, рухани мәдениетіне өлшеусіз мол әсері бар бұл іс өз зерттеушілерін күтеді” деуі де бүгінгі күннің негізгі талаптарының бірі екені шүбәсіз.
Әдебиет:

  1. Айтбайұлы Ө. Тіл мәдениеті және баспасөз. -Алматы: «Ғылым», 1968;

  2. Айтбайұлы Ө. Өрелі өнер.Алматы: «Ғылым», 1976;

  3. Айтбайұлы Ө. Сөз өнері. Алматы: «Ғылым», 1978;

  4. Айтбайұлы Ө. Қазақ тер­минологиясының мәселелері. Алматы, 1986;

  5. Айтбайұлы Ө. Аудар­маның лексика-стилистикалық мәсе­ле­лері. Алматы: «Ғылым», 1987;

  6. Айтбайұлы Ө. Тер­миндер және олардың аудармалары. Алматы: «Ғылым», 1990.

  7. Айтбайұлы Ө. Ана тілі ардағым» Н.Уәлимен бірге. – Алматы. 1990.

  8. Айтбайұлы Ө. Основы казахской терминологии. – Алматы. 2000.

  9. Айтбайұлы Ө. Ана тіл, ана сүтім, арым менің. Арыс, -Алматы, 2007.

  10. Айтбайұлы Ө. Қазақ тіл бі­лімінің мәселелері» Арыс, -Алматы, 2007,

  11. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. –Алматы: Рауан, 1997.

  12. Айтбайұлы Ө. Қазақ тіл білімінің терминологиясы мәселелері. -Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2013.

  13. Айтбайұлы Ө. Основы казахской терминологии. Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014.

  14. Айтбайұлы Ө. Қазақ фразеоло­гизмдері мен перифразалары. (2-том. Алматы: «Абзал-ай» баспасы, 2013, 400 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет