Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



бет16/40
Дата18.10.2023
өлшемі350,49 Kb.
#186308
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
аза тіл білімі тарихы алматы, 2016

МӘУЛЕН БАЛАҚАЕВ
 
Мәулен Балақаев 1907 Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын, Ленинград университетінің аспирантурасын бітірген.
Қазақ тілі синтаксисі, қазақ әдеби тілі, тіл мәдениеті мен стилистика салаларының дамуы Мәулен Балақаев есімімен тығыз байланысты. Ғалымның басты зерттеу еңбектері ХХ ғасырдың 50-80 жылдары аралығына жатады. Ғалымның шәкірті, филология ғылымдарының докторы, профессор Е. Жампейісов «Мәулен Балақаев – ғылымды ұйымдастырушы» атты мақаласында «Сөз тіркесі синтаксисі мен тіл мәдениеті дейтін тұтас екі үлкен саланы бүгінгі қазақ тіл біліміне ендірген де, қалыптастырған да – Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Шоқан атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәулен Балақаев» деп жазады [М. Балақаев. Қазақ әдеби тілі. Алматы, 2007, 15-бет].
Балақаев қаламынан 150-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 20-ға жуық кітаптар мен монографиялық зерттеулер жарық көрген. Ғалымның «Жай сөйлем синтаксисі» атты докторлық диссертациясы тілі білімі тарихындағы жаңалық ретінде бағаланды.
«Қазіргі қазақ тілі» оқулығы — синтаксистің салаларын ғылыми тұрғыда жүйелеп, құрылымдық қызметін терең зерттеген еңбек ретінде бағаланады.
Ғалымның басты зерттеулері әдеби тіл мәселелеріне, жай сөйлем синтаксисіне, күрделі сөздерің құрылымын талдауға, тіл мәдениетінің басты теориялық мәселелерін анықтауға, әдеби тілдің неігізі мен даму арналарын зерделеуге, әдеби тілідң мәдениеті мен нормаларын талдауға арналған.
Ғалымның «Основные типы словосочетаний в казахском языке» атты жеке кітабы 1957 жылы жарық көреді. Бұл еңбек қазақ тіліндегі сөз тіркесін егжей-тегжейлі қарастырған алғашқы үлкен ғылыми зерттеу болатын. Шынын айтқанда, осы зерттеудегі айтылған негізгі ғылыми ойлар күні бүгінге дейін сөз тіркесі туралы жазылған ғылыми зерттеулердің басты тірегі, негізгі сүйенері. Қазіргі күнге дейін жоғары оқу орындарындағы басты оқулық саналады.
М. Балақаев «Сөз тіркесі туралы кейбір ойлар» атты мақаласында «Әрбір сөйлем әр алуан сөздерден құралу үшін, ол сөздер мақсатты ойға лайық мағыналық үйлесімі, синтаксистік байланыстары арқылы құралған сөздер кестелерінің болуы» керектігін, осының негізінде жаңа грамматикалық мағыналарының пайда болуы – әр сөйлемнің белгілі қызмет атқаруының негізгі шарты екендігін атап көрсетеді [1987. 97]. Сөздің формалық өзгеріске түсуі, оның мәтіндегі қызметтік жұмсалуымен байланысты. Толық мағыналы тілдік бірліктерге тек жеке номинативтік, сигнификативтік қызмет қана емес, сөйлем ішіндегі белгілі бір позицияда келіп, синтаксистік қызмет атқару да тән. Қазақ тіл білімінде сөйлем, сөйлем мүшелері сияқты мәселелер, көбінесе, дәстүрлі грамматика негізінде тұлғалық деңгейде ғана зерттелген.
Қазіргі күнге дейін негізгі оқулық болып табылатын М. Балақаев пен Т. Қордабаев [1971] еңбегінде сөйлем мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз болып бөлінеді де, олар формалық деңгейде талданды. Бастауыш тек атау тұлғада, толықтауыш табыс септігі мен жанама септіктерінде т.б. тұруы қажет деген сияқты критерилер қойылады. Сөйлем мүшелері жөніндегі дәстүрлі идея тұлға мен мағынаның симметриялығы ыңғайында қарастырылады.
М. Балақаев, Т. Қордабаев изафеттік — темір пеш, ағаш күрек және кен байлығы, радио хабары т.б. сияқты құрылымда келетін сөз тіркестерін қабыса байланысуға жатқызады, бірақ соңғысын матасудың зерттеу объектісі етіп көрсеткен [1971. 60]. Ілік септігінің сөз тіркесінде келуі, не түсіріліп жазылуы жөнінде авторлар былайша ой түйеді: « … ілік септігің жалғалу, жалғаусыз болуы жалғанатын сөзінің айтуынша, тыңдаушыға белгілі, белгіссіз болуымен байланысты емес, меншіктілік, тәндік қатынасты ерекше білдіру, білдірумен байланысты» [1971.51].
Қазақ тіліндегі етістікті сөз тіркестерінде табыс септігі мен барыс септігінің бір-бірімен алмаса алатындығын байқаған М. Балақаев бұл құбылыс «подобное отклонение от норм литературного языка никак не могут нарушить общую закономерность сочетании имен в винительном падеже с переходными глаголами»,- деп көрсетеді [1959. 63]. Мұндай екі септіктің де жалғауын жалғана алып, сөз тіркесін жасай алу қабілетімен байланыстырады.
Әдебиет:

  1. Балақаев М., Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1956,-562 б.

  2. Балақаев М. Современный казахский язык. Синтаксис. Алматы, 1959. Изд. АН КазССР. -234 б.

  3. Қазіргі қазақ тілі: лексика, фонетика, грамматика, А., 1954, 1966, 1971, 1996 (телавт.);

  4. Современный казахский язык: Синтаксис словосочетания и простого предложения, А.-А., 1959;

  5. Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері, А., 1965;

  6. Қазақ тілінің стилистикасы, А., 1966 (телавт.);

  7. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. 2-том, А., 1967;

  8. Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1968 (телавт.);

  9. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту, А., 1989;

  10. Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2008.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет