Байланысты: Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері
Эксперименттікбазаретінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология және көп тілді білім беру институтындағы 5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті, 5В020500-филология мамандықтарындағы 3-курс студенттері алынды.
Тәжірибе барысында бірнеше жұмыс түрлері іске асады. Олар:
экспериментке белгілі уақыт бөлінеді, яғни басталуы, аяқталуы;
алдын ала алынған болжамдарға сүйенеді;
нәтижеге жету мақсатында жоспар жасалып, оны ұйымдастырылудың құрылымы бектіледі;
зерттелініп отырған бастапқы және соңғы нәтижелері салыстырыла отырып, сұрыпталады. Студенттердің білімі, білігі, шеберлігі, дағдылануы, қойылған мақсатқа жетудегі әрекеті, жауапкершілігі, қызығушылығы, ізденімпаздығы, теорияны ғылыми түрде қабылдай отырып, практикада қолдана алуы т.б. мәселелер таразыланады.
Бұл курсты студенттерге жүргізуде мынадай міндеттер айқындалды:
студенттердің таным теориясына қатысты білімдерін қалыптастыру;
студенттердің тілін дамытып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
студенттерді болашақ маман ретінде танымдық біліктіліктерін арттыру; Тәжірибе эксперимент үш кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең – анықтау эксперименті;
Екінші кезең – қалыптастырушы эксперименті; Үшінші кезең – қорытынды эксперименті.
Бірінші анықтау эксперименті кезеңінде жүргізілген жұмыс түрлері:
Филологиясы институтындағы қазақ бөлімдерінің студенттеріне
«Когнитивті лингвистика» пәнінің оқытылу тәжірибесімен танысу;
Қазақ бөлімі студенттеріне «Тілдік танымның бастау көздері» атты курсты оқытуда бақылау және тәжірибелік топтарын белгілеу;
Жоғарғы оқу орны филология институты студенттеріне «Когнитивті лингвистика» пәнін А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың тілтанымдық зерттеулері арқылы оқытуда жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтай отырып, тәжірибеде іске асыру;
Жоғарғы оқу орны филология институтындағы студенттерге «Когнитивті лингвистика» пәнін А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың тілтанымдық зерттеулері арқылы оқытуда қажет болатын материалдарды іріктеу.
Қалыптастырушы эксперимент кезеңінде іске асырылған жұмыс түрлері:
Студенттердің «Когнитивті лингвистика» пәнін оқығанға дейінгі жалпы тіл білімінен алған білімдері айқындалды;
Оқыту тәжірибесінің мақсаты, міндеттері мен мазмұны анықталды;
Тәжірибелік оқыту жүргізілді;
Тәжірибелік оқытудың нәтижесіне талдау жасалды.
Қорытынды эксперимент мақсаты – жүргізілген тәжірибенің нәтижелеріне қорытынды жасау болды. Осыған сәйкес:
Анықтау, оқыту тәжірибелерінен кейін студенттердің білім деңгейлері тексерілді.
Тәжірибеге дейінгі, тәжірибеден кейінгі білімдері салыстырылды.
С.Аманжоловтың тілтанымдық зерттеулері арқылы оқытудың тиімділігі анықталды.
Анықтау нәтижесіне қарай қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін «Когнитивтік лингвистика» пәнінің сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасу жүргізіле отырып, пәнге арналған үлгілік бағдарламаларға, оқулықтарға, оқу құралдарына талдау, шолу жасалды. Анықтау экспериментін жүргізудегі басты мақсат – А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектері арқылы таным теориясын оқытудың бастау көздерін анықтау, білім беру саласындағы жаңа парадигмаларға сай таным теориясын оқытудың жайын және зерттеу жұмысындағы жетекші идеяларды өмірге енгізудің мүмкіндіктерін қарастыру, студенттің танымдық қабілеттерін көтеруге қатысты жұмыстардың тиімділігін тексеру.
Анықтау экспериментін жүзеге асыру барысында студенттерден сауалнама алынды. Сауалнамаға барлығы 183 студент (3-курс) қатысты. Когнитивті лингвистика ғылымын түсіну үшін, алдымен тілдің танымдық болмысын, қызметін, танымдық әрекеттері арқылы жүзеге асуын жетік меңгеруі керек. Осыған байланысты сауалнама сұрақтарында көбіне таным, әлемнің тілдік бейнесі сияқты когнитивтік лингвистиканың негізгі тірек ұғымдары басшылыққа алынды. Сауалнамаға қатысқан студенттердің жауабы талданып, кестеде жауаптардың пайыздық көрсеткіші берілді.
Сұрақ
Жауап
Пайыздық
көрсеткіші
1
Таным дегеніміз не?
Дүниетаным
61,8%
(113 студент)
Адамның өмірлік
тәжірибесі
19,8%
(36 студент)
Адамның аялық
білімі
18,8%
(34 студент)
2
Тілдің қандай қызметтері бар?
Қарым-қатынас құралы, атауыштық (номинативті) қызметі, эмоционалды-
экспрессивті қызметі
53,7%
(98 студент)
Қарым-қатынас
26,3%
құралы, атауыштық
(номинативті) қызметі
(48 студент)
Қарым-қатынас құралы, атауыштық (номинативті) қызметі, эмоционалды- экспрессивті қызметі,
танымдық қызметі
20 %
(37 студент)
3
Әлемнің тілдік бейнесі дегенді қалай түсінесіз?
Әлемді, табиғатты
сөзбен суреттеп бейнелеу
47,8%
(88 студент)
Ғалам туралы
лексикон
29,5 %
(54 студент)
Әлем бейнесінің
тілден көрініс табуы
22,5 %
(41 студент)
4
Тіл біліміндегі антопоцентристік бағыттың зерттеу нысанын көрсетіңіз?
Адамның ұлттық
ерекшелігін зерттеу
50%
(92 студент)
Соматикалық атаулар (адамның дене
мүшелерінің атаулары)
30,1 %
(55 студент)
Тіл. Адам болмысын
ортаға қойып, оны тілі арқылы зерттеу
19,9%
(36 студент)
5
Тілдік бірліктердің лингвомәдениеттанымдық сипатын қалай түсінеміз?
Тілдік бірліктерді орынды қолданып, сөз мәдениетін сақтау, тіл тазалығы, сөз дұрыстығы
67,7%
(124 студент)
Әдеби тілдік норманы сақтау
23,1 %
(42 студент)
Халық мәдениетінің тілден көрініс табуы
9,2 %
(17 студент)
Сауалнама нәтижесінен байқағанымыздай, студенттердің басым көпшілігі «Таным дегеніміз не?» деген сауалға басым көпшілігі «адам дүниетанымы» деп жалпы түсініктің негізінде ғана жауап берген. Бұл студенттердің «таным теориясы» турасында мағлұматының аздығын байқатады. Тілдің қызметіне байланысты құрылымдық лингвистика тұрғысынан жауап берсе, әлемнің тілдік бейнесі ұғымын мүлдем шалыс ұққандықтарын көреміз. «Антропоцентризмді» өзінше топшалаған
студенттер «лингвомәдениеттаным» ұғымын «тіл тазалығы», «сөз мәдениеті» деп түсінгендерін аңғардық.
Осы орайда студенттерге таным теориясын меңгеру үшін төмендегідей кедергілер туындағаны анықталды:
Тілдің танымдық қызметін жете түсінбеуі;
Студенттердің өз бетімен тұжырым жасай алмауы;
Студенттердің тіл білімін қалыптастырушы ғалымдардың көзқарастары мен пікірлерін ескермеуі;
Құрылымдық лингвистика мен антропоцентристік бағыттардың зерттелу нысанын ажырата алмауы.
Эксперименттің кіріспе кезеңінде анықталған нәтижелерге сәйкес:
студенттердің танымдық білімін қалыптастыру жолы қарастырылды;
оқулықтар мен әдістемелік кешендерге, нормативтік-базалық құжаттарға талдау жасалып, жетістіктері мен кемшіліктері анықталды;
қалыптастырушы эксперименттің жоспары жасалды;
«Тілдік танымның бастау көздері» курсын жетілдіру жолдары ұсынылды.
Сауалнама нәтижесі оқытуда төменде келтірілген мәселелерге баса назар аудару қажет екенін көрсетті:
- Тілді оқытуда студенттердің танымдық-тағылымдық дағдысын қалыптастыру;
- А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектері негізінде таным теориясын меңгерту арқылы студенттердің болашақ маман ретінде біліктілігін арттыру;
- Оқулықтарды, әдістемелік кешендерді әзірлеу барысында тілдің танымдық қырын ескеру.
Студенттерден сауалнама арқылы таным теориясы жайында жалпы түсініктері мен мағлұматтары анықталған соң, тапсырма беру арқылы тілтанымдық білімі анықталды.