Берілген А.Байтұрсынұлы еңбегіндегі тілдің танымдық болмысын сипаттайтын көзқарасын талдаңыз.
Ғалым «тіл – құрал» деп нені, қалай тану керектігін сөз етеді?
Тілші тіл тануды түсіндіру арқылы танымның қай түрлерін салыстырған?
«Тіл – құрал. Құрал болғанда толып жатқан есепсіз бөлшектері бар, ол бөлшектері түрлі жағымен қиысатын толып жатқан қырлы, тетіктері есепсіз көп бір өте үлкен машина секілді құрал.
Қандай құрал болса да, оны жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі – құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір-біріне үйлесіп, үйлескенінен шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы. Ішкі бөлшектері мен
тетіктерін бұл таныс құралды жұмсап жүріп, онымен көп істес болып барып, тәжірибе арқылы таниды.
Солай танығаннан кейін ананың да, мынаның да құрал жұмсауы, оны тануы бірдей сияқты болып шығады. Бірақ асылында олай болмайды. Мәселен: машина бөлшектері жасалынған заттардың қасиеттерін, олар үйлесуінен шығатын тетік заңдарының жайын жақсы білетін жұмсаушының машина тануы мен тек өз тәжірибесі арқылы машинамен танысқан адамның машина тануы – екеуі бірдей болмайды. Машина жүрісінде кемшілік біліне бастаса, оның неден екенін анау бірден білгенде, мынау тіпті білмеуі мүмкін».
А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты еңбегінен үзінді беріліп, оның танымдық көзқарасын талдау ұсынылды. Ғалым бұл мәтінде сезімдік таным мен логикалық танымның ерекшеліктерін түсіндіріп, тіл болмысын тек түйсік сезімдері (көру, есту, сипап сезіну, иіскеу, дәм сезу) арқылы ғана емес, тілдің табиғатын ойлап, пайымдап, талдап, тұжырымдап логикалық дәрежеде түсінудің маңыздылығын көрсетті. Тіл табиғатының теориялық мәнін түсініп барып тәжірибеде қолдануға шақырған. Тіл құрылымын терең таныған адам ғана, оның ішкі мазмұнын біліп бағамдай алатындығын осы мысалы арқылы дәлелдеген. Бұл тапсырманы беру арқылы студенттердің қабылдау қабілеті, мәліметті талдау, саралау, салыстыра алу әрекеттері анықталды.
Берілген тапсырма бойынша студенттердің бірі – «Тіл-құрал» деп А.Байтұрсынұлы тілдің құрылымдық жүйесін затпен салыстырып баяндады десе, екіншісі ғалымның теориялық білім мазмұнын өмірдегі жағдаятпен сабақтастыра түсіндіргендігін айтты. Сонымен қатар, ғалым тілдік құралдарды жалпылаудан-жалқылауға қарай зат бөлшектері ретінде ұғындыруға тырысты деген сияқты талдаулар кездесті. Алайда, таным теориясының ұғымдарына сүйенген ғалым пікірі толықтай сараланбады.
№4 ТАПСЫРМА. Ғалымдардың тілтанымдық көзқарастарының мәнін түсіндіріп, өзіңіз ой-тұжырым жасаңыз.
А. Байтұрсынұлы: «Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, қатта жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне- бірі жалғасып тізілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады» - деген пікірі арқылы тілтанымдық тұжырым жасаңыз. Және халықтың тұрмыс тіршілігінен көрініс беретін мақал-мәтелдерді мысалға келтіріп, оның танымдық сипатын түсіндіріңіз.
Қ. Жұбановтың: «...біздің ісек, тұсақ, құнан, құнажын, дөнен, дөнежін деген сөздеріміз басқаларда жоқ. Демек,, қолданылмаған затқа ат жоқ. Халықтардың тұрмыс-қалпы түрлі-түрлі болған соң, олардың әр затқа қоятын аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады, бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты» -деген пікірін өз көзқарасыңызбен түсіндіріп, тұжырым жасаңыз.
Төрт түлік малдың бірі – жылқы жануарының атаулары: құлын,
жабағы,тай, құнан, дөнен, бесті, ат, бие, байтал т.с.с. сөздерге байланысты мақал-мәтелдерді мысалға келтіріп, олардың мағыналық және танымдық сипатын анықтаңыз.
С.Аманжоловтың: «Адам баласының өмірінде, тұрмысында болған
қайшылықтар, белеңдер, кедір-бұдыр кезеңдер, тарихи сатылар, баспалдақтар, түрлі қабаттар сөзден табылады»-деген пікірінің танымдық сипатын айқындаңыз.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін мысалға келтіріп, олардың мағыналық және танымдық мәнін ашыңыз.
Анықтау эксперименті бойынша берілген тапсырма нәтижесін бағалау критериі:
№1 тапсырма бойынша – 20 балл
№2 тапсырма бойынша – 20 балл
№3 тапсырма бойынша – 30 балл
№4 тапсырма бойынша – 30 балл
Анықтау бөлімінің нәтижесінде студенттердің таным теориясы бойынша білім деңгейі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |