Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының



бет39/46
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119952
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
Байланысты:
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері

«Қар көшкіні» әдісі арқылы студенттермен танысу. Бұл әдіс студенттердің назарын аудартып, сабақты ұйымдастыру барысында жүзеге асырылады. Әр студент өзінің атын айтар алдында есімі қай әріптен басталса, сол әріптен сын есімді қосып айтып шығуы тиіс. Ол студенттердің өздерін еркін сезініп, ойларын толық, ашық жеткізуге жетелейді. Сондықтан оқытушының өзінен де бастауға болады: «Мен момын Меруерт, ашық Алтынай, ...»
  • Дәріс тапсырмалары бойынша жұмыс.


  • Сын тұрғысынан ойлауға жетелейтін «Ой түрткі» әдісі негізінде мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып шығыңыздар:

    А.Байтұрсынұлы. Тіл - құрал


    Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниядағы адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық даражаға жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Қай сөз қай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-біріне қиындасып сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек. Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, қатта жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып тізілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады, һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады.

      1. Ахмет Байтұрсынұлы мәтініндегі негізгі ой мен қосымша ойларды ажыратыңыздар.

      2. Ахмет Байтұрсынұлы пікірінің тілтаным теориясына қатысын дәлелдеңіздер.

      3. Ғалым пайымдауларынан ой-тұжырым жасаңыз.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет