Қ.Жұбанов. Зат пен құбылысқа тағылатын аттардың қалай пайда болуы мен олардың мағыналарының өршуі
... Құбылыс – көп, сөз – аз.
Орыста қой сөзінің баламасы жоқ. Олардың овца дегені саулық, баран дегені қошқар. Орысша корова – сауын сиыр; рогатый скот – мүйізді мАл толстый дегені бірде – жуан, бірде – қалың; лошадь – жылқы; бірақ ат, байтАл айғыр емес.
Ал біздің ісек, тұсақ, құнан, құнажын, дөнен, дөнежін деген сөздеріміз басқаларда жоқ. Қазақ синий, голубой, зеленый деген түстердің бәрін көк дейді. Адайларда, арабтарда түйе түлігінің аттары көп; Еділ, Каспий (Атырау) бойының қазақтары балық түрлерінің аттары н көп біледі. Демек,, қолданылмаған затқа ат жоқ.
Халықтардың тұрмыс-қалпы түрлі-түрлі болған соң, олардың әр затқа қоятын аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады, бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты.
Құдайберген Жұбановтың танымға негізделген зат атаулары қайсысы?
Ғалым танымына өзек болған ұғымдарды талдаңыздар.
Зерттеуші пайымдауларынан ой-тұжырым жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |