Қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуы, бүгінгі кемел шағына жетіп, биіктерге көтерілуіне көптеген тұлғалар тер төгіп еңбек сіңірді



бет2/6
Дата06.02.2023
өлшемі47,94 Kb.
#167563
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-92281

2.1 Фонетиканы оқыту жолдары
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік.
Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері,
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа,
3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Фонетика курсының мазмұны. Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды:
a) физиологиялық (жасалу);
ә) акустикалық (естілу);
б) қызметі (сез жасау).
Мектеп оқулығында дыбыстың бұл үш ерекшелігі тұтас бірлікте
Оқушылар сөйлеу мүшелерінен мағлұмат алып, дауысты я дауыссыз
Бірақ дыбыстардыд жасалуы жайында мектепте толық мағлұмат берілмейді,
Акустикалық (дыбысталу) тұрғыда тіл дыбыстары естілетін фонетикалық құбылыс
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі.
Бұл дыбыстар іштей екі топқа (жүйеге) бөлінеді:
1) дауысты дыбыстар тобы немесе жүйесі — оның
2) дауыссыз дыбыстар тобы — оның құрамында 25
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйе тұрғысынан қарағанда:
1) қазақ тілінде айтылатын сөздердің бәрінде кездеседі,
2) сөйлеу мүшелерінде әр дыбыстың жасалу орны, әрқайсысынын
3) әрбір дыбыс белгілі бір сапалық ерекшелігімен екінші
4) сөз ішінде дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы қалыптасқан.
Фонетика (грекше phonetikos — дыбыстың) дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесі деп атаған. Дыбыс жүйесі қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлері, іштей жіктелуі, сөз ішінде біріне-бірі ықпал етіп, үйлесіп, үндесіп тіркесіп түрудың тетігі, буын, екпін, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т. б.
Зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы болып келеді.
Сипаттамалы (синхрониялық немесе статистикалық деп те аталады) фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың объектісі болып табылады.
Тарихи (диахрониялық) фонетика тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бо¬йынша айқындалады.
Тілдің дыбыс жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салыс¬тырмалы және тарихи фонетика көбіне бір-біріне тығыз байланысты болады да, зерттеулерде қатар қолданылады. Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салғастырып зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен жазылуын үйрету мұғалімнің шеберлігін ғана емес, бірнеше тәсілді қатар меңгерген әуесқойлығын да қажет етеді. өйткені сабақта оқытушы тек дыбыстардың айтылуымен шектелсе, сөйлеуді үйрету мақсатына жетпейді. Сондықтан ұстаз дыбыстардың ерекшеліктерін сөз ішінде, буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, жалпы тілдік қатынастың қағидаларын естен шығармайды және тілді үйретудің жинақтық әдісін пайдаланады. Фонетикалық тұлғалардың естілуі дыбыс ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені сияқты ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар лингвистикалық әдебиеттерде талданып көрсетілген.
Фонетиканы оқыту әдістемесі ( сөз, сөйлеу әдісінің ерекшеліктері)
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әр бір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын, түрлі заңдылықтарын білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшелігін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын игеру мүмкін емес. Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол тек тіл дыбыстарын ғана тексереді.Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та, дыбыс шығады. Бұл – бір зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні – тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары. Мектеп оқушылары төртінші бесінші сыныптарда фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды. Адам баласы бір – бірімен сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлесу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан, сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек сөз дыбыстардан тұрады екен, ол – тіл дыбыстары. Дыбыс – тілдің материалдық көрсеткіші, яғни сөз құраудың кірпіші. Мысалы, сыз – сіз, соз – сөз,немесе тал – сал, бал – қал, зал, бала – дала, шала – сала десек, бір дауысты дыбыстың не дауыссыз дыбыстардың өзгеруіне қарай әртүрлі сөздер туып тұр. Бұл – дыбыстың сөз құраушы элемент екенін дәлелдейді. Ал сөз болса, ойды басқа адамға жеткізетін құрал болып есептеледі. Осы сияқты нақтылы мысалдар алу арқылы мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете түсуі қажет.Тіл дыбыстары адамдардың сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстары акустикалық ерекшелікке (аспектіге) қарай дыбыстың жасалуы, дыбыстың күші, дыбыстың ырғағы әртүрлі болады. Дыбыстардан дауысты, дауыссыз, қатаң, ұяң, үнді деп жіктеуде дыбыстың акустикалық ерекшелігі шешуші рол атқарады
Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі.
Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мектепте бастауыш сыныптарда басталып оқытылатыны анық. Жалпы жүргізіп, қатесіз оқу, сауатты жазу т.с.с. дағдылары қалыптасқан оқушы орта буын-бесінші сыныпта ғылымиланған, күрделенген фонетика тарауына қайта оралады. Фонетиканы оқытудағы ең басты мақсат-тек дыбыстарды меңгерту ғана емес, оқушыны қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, жаза білуге, ойын толық, еркін жеткізе білуге үйрету.
Сондай-ақ фонетикалық материалдарды оқытуда «...қазақ тілінің фонетикасынан оқушыларға теориялық білім беруде мынадай талаптар ескеріледі: 1) қазақ тіл білімінің фонетика саласының орфография мен орфоэпияның соңғы табыстары; 2) қазақ тілі фонетикасының негізін танытатын материалдар; 3) оқушыларға әдеби тілде сөйлеп, оқып, және жаза алатындай білім мен дағдылар беретін тілдік материалдар; 4) оқушылардың ой-өрісі мен жас ерекшелігіне сәйкес келетін қазақ тілі фонетикасының материалдары... » деген ғалым Әбдірахман Исабаевтың негізгі сілтемелері мен бағыттары өз құндылығын жоймаған деп атауға болады1, 17. Сонымен қатар ғалым-профессор Фаузия Оразбаеваның пайымдауынша, «тілді үйренуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың орны ерекше, фонетикалық дағдыларды меңгермей, тілдік қатынас та жүзеге аспайды».
Сөздің дұрыс айтылып, әрбір дыбыстың дұрыс дыбысталуы орфоэпиялық нормаларды дұрыс біліп айтуға байланысты. Дыбыстан сөз, сөзден сөз тіркесі, сөз тіркесінен сөйлем жасау үшін дұрыс сөйлеп, ойын сауатты жеткізу үшін, сауатты жазып беру үшін қазақ тілінің фонетикалық жүйесін оқушы жақсы меңгеруі тиіс.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін өткенде әрбір дыбыстың пайда болу және оларды дыбыстау мүшелері, олардың сөйлеу кезіндегі қызметі меңгеріледі. Егер дыбыс дұрыс айтылмаса онда сөз де өз мағынасын бере алмайды немесе басқа сөзге айналып кетеді.Үндестік заңын өткенде оқушыға қиындық келтіретін материал- ықпалдар. Бұл кезде оқушыға теориялық ережелерден гөрі көбірек практикалық жаттығулармен айналысқаны абзал.
Оқушының жеке дыбыстарды айтуда, сөздерді дұрыс айтуда, дұрыс оқуда жаттығулар барысында тез меңгергенімен де жазылым барысында көптеген қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы н-ң, к-қ, ү-ұ-у, ы-і, д-т, п-б сияқты дыбыстарды шатыстырып алу кездеседі. Сонымен бірге н дыбыс мен ң дыбысын бір-бірінен ажырата алмау көп кездеседі.
Мұндай кезде де әдіскер –ғалымның «материалдың басты-басты белгілерін нақтылай отырып анықтама беру» қағидасын басшылыққа алу керек сияқты 1, 16.
Жоғарыда аталған оқытудың кешенді түрлерімен қоса кейбір әдіскерлер қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясын да ұсынады. Ғылыми зерттеу жұмыстарда фонетиканы қатысымдық тұрғыдан оқыту туралы пікірлер айтылғанымен, арнайы қарастырылып, оның әдістемелік жүйесі ұсынылған жоқ. Атап айтқанда, қазақ тіл фонетикасын қатысымдық тұрғыдан оқыту мәселесі осы күнге дейін ғылыми еңбектердің обьектісі болған емес 3, 4 дей келе өзінің тиімді меңгерту әдістерін ұсынады.
Қазақ тіл білімінен білім мен дағды беруде оқытудың әдістері мен түрлері өте көп. Сабақ біліктілік пен оқу ісін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады. Сондықтан да нақты жоспармен құрылып, күтілетін нәтиежесі анықталған сабақ мақсатына жеткен делінеді. Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беруді үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер»-дегені оқытушыға әдісті жетілдіріп отырудың маңызды екендігін нақты түсіндіреді. Әдіскер С. Жиенбаев былай деп жазады: «Шынында әдістеме-рецепті емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, нұсқау, жөн-жоба. Мұғалім сабақты берудің жолын көрсетіп бергеннен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет