2.2. Саналылық принципі туралы түсінік Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың категорияларына жатады. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi:
- ғылымилық,
- саналылық пен белсендiлiк,
- көрнекiлiк,
- жүйелiлiк пен бiрiздiлiк,
-берiктiлiк,
- тиiмдiлiк,
- теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы.
Саналылық пен белсендiлiк принципi. Бұл принципке негiз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы бiлiм адам бiлiмiнiң шынайы өзегi болады; оқушылардың бiлiмдi саналы түрде меңгеруi таным əрекетiнiң белсендiлiгi мен оқуға ынталануына, мұғалiм қолданатын əдiстерге тəуелдi, ғылыми бiлiмдердi меңгеруде саналылық, əрi белсендiлiк танытқан оқушылар ғана оны терең жəне ойларына берiк тоқулары сөзсiз.
Саналылық принципі оқушылардың заттар мен құбылыстар арасындағы байланыс пен өзара қатынастарын ашуға, оқылып отырған материал жөнінде өзінше ой қорытуға жеткілікті.
Саналылық принципі білімді игерту барысында өзін-өзі бақылау қабілеттілігін қамтиды. Өзін-өзң бақылау қабілеттілігі қоршаған ортаны жете тануға көментеседі.
Белгілі мақсат көздеп саналы түрде ой топшылай отырып түсінген материал жақсы нәтиже береді. Сол арқылы меңгерілген беріктігі қамтамасыз етіледі.
Меңгерген білімінің саналылығы оны практикалық жұмыста дұрыспайдалануға жағдай жасайды.
Мұғалім оқушыларға сабақ мақсатын, ондағы негізгі мәседе қайсы екенін айтып береді. Мұғалімнің түсінігі оқушының білім дәрежесіне, қабылдау мүмкіндігін,олардың сөздік қорының мөлшеріне лайықты құрылуы тиіс.