Қазақ тілі 1 -сынып



бет1/8
Дата07.05.2017
өлшемі7,28 Mb.
#15806
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақ тілі


1 -сынып

Авторлары: Павлодар қаласының №18 ЖОМ қазақ тілі мұғалімдері

Айдарова Гүлсім Ақылбекқызы

Ахатова Тендік Сағидоллақызы

Иманғалиева Бибігүл Қалымқызы

Жақыпова Ғайнигүл Манатайқызы


Түсінік хат


1 Сынып

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» заңдары мен Қазақстанда тілдерді дамытудың «2001-2010 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысумен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжібириесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдері оқытудың жаңа бағыттары белгіленген.

Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылды. Атап айтқанда: басты мәселе – пәндік сөйлесім әрекеттеріне тән, тілдік және мәдени-танымдық құзыреттіліктер мен қатысымдық (коммуникативтік), проблемалардың шешімін табу, ақпараттық түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік тудыру.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің бастауыш сыныптарында «қазақ тілі» пәнін оқытудың жалпы мақсаты – қарапайым және бастапқы деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлесуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту.

Әлеуметтік-тұрмыстық ая бойынша құрастырылған тақырыптар: «Ертегі тыңдайық», «Ойын», «Дене мүшелеріне қатысты бұйрықтар», «Алфавиттік жұмбақтар», «Ойыншықтар. Робот», «Отбасы туралы мақал- мәтелдер».

Оқу-еңбек аясында: «Сөмкеңде не бар?», «Біздің мектеп», «Ас дәмді болсын!», «Мектепте жүзу бассейні бар ма?», «Спорт зал», «Мәреге жет», «Сандардың көршілерін ата», «Көшіріп жазу», «Санамақ».

Әлеуметтік-мәдени ая бойынша: «Үзіліс», «Мен сүт ішемін», «Жүр, асханаға кеттік», «Қалада».

І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая
1-сабақ. Танысу
Сөздік:

Әке – отец сіңлі – младшая сестра

Шеше – мама аға – старший брат

Ана – мать іні – младший брат

Отбасы – семья әпке –старшая сестра

Менің - мой, моя моё


1-тапсырма. Мәтінді тыңда, оқы.
Сәлем! Менің атым – Айнұр. Менің отбасым үлкен емес. Менің әкем, шешем (анам), сіңілім бар.
2-тапсырма. Суретке қара, біліп ал.


Мынау кім? Мынау – әкем.

Мынау кім? Мынау – шешем.

Мынау кім? Мынау – мен.
2-тапсырма. Қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жаз.
Мен.........жақсы көремін

Мен.......... жақсы көремін

Мен.........жақсы көремін
Қажетті сөздер: әкемді, анамды, ағамды, әпкемді, сіңлімді, інімді
3-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, жаз және өзіңді осы үлгі бойынша таныстыр.
Мынау - мен.

Менің атым - Серёжа.

Менің тегім - Иванов.
2-сабақ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер.

1-тапсырма. Мақалды түсініп, жаттап ал.
«Отан - отбасынан басталады»


  • Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер.

  • Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.

  • Жаман да болса ағамыз, Жақсыны қайдан табамыз.



2-тапсырма. Аудармасы берілмеген сөздердің аудармасын қойып көшіріп жаз және жаттап ал.

Дядя – көке



Отец –

Суп – көже



Бабушка -


3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Көрші атам
Күнде үйдің қасынан,

Көрші атамды көремін.

Жүгіріп кеп асыға,

Оған сәлем беремін.

(Қ. Толыбаев).


Каталог: uploads -> doc -> 0128
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0128 -> Музыка сабағы, 3-сынып ОҚО облысы, Шымкент қаласы, №93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектеп музыка пән мұғалімі Сардарбекова Гулнар дайындаған Оркестр құрамындағы аспаптар
0128 -> Оқулық Т. Артыкова Қазақ тілі 9-сынып Сыныбы: 9«А» Пәні: қазақ тілі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет