Қазақ тілі 10 — сынып І жартыжылдық І нұсқа



Дата11.01.2023
өлшемі22,5 Kb.
#165340
Байланысты:
Қазақ тілі тест А.А. Студенттерге


Қазақ тілі 10 — сынып І жартыжылдық
І нұсқа.

1. Қазақ халқының ана тілі
А) орыс тілі В) қазақ тілі С) өзбек тілі Д) ағылшын тілі
2. Ауыз әдебиеті материалдарын жинау, бастыру жұмыстары қай ғасырдан басталады?
А) ХІХ ғ В) ХҮІІІ ғ С) Ү — ҮІ ғғ Д) ХХ ғ
3. «Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын» Қанатты сөздің авторы кім?
А) С. Аманжолов В) Т. Қордабаев С) Ы. Алтынсарин Д) В. Радлов
4. Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой — пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері – қай норманың анықтамасы?
А) Лексикалық норма В) Орфоэпиялық норма С) Әдеби норма
Д) Грамматикалық норма
5. Сөздік құрамдағы қолданылу жиілігіне қарай жаппай қолданылатын сөздер қалай аталады?
А) Пассив сөздер В) Актив сөздер С) Бейтарап сөздер Д) Оқшау сөздер
6. Сөздік қорға жаңадан енген сөздер қалай аталады?
А) Архаизмдер В) Историзмдер С) Неологизмдер Д) Фразеологизмдер
7. Әдеби тілде жазуда бірізділікті қалыптастыратын норма қалай аталады?
А) Лексикалық норма В) Орфоэпиялық норма С) Орфографиялық норма
Д) Грамматикалық норма
8. Үндестік заңы дегеніміз не?
А) Сөздегі немесе сөз тіркесіндегі соңғы буынның көтеріңкі айтылуы В) Сөз ішіндегі немесе сөз арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір — біріне ықпал етуі. С) Сөздердің бірыңғай біркелкі әуезбен айтылуы. Д) Тіліміздегі сөздердің дұрыс жазылу ережесі.
9. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қайсы?
А) Синтаксис В) Морфология С) Фонетика Д) Лексика
10. Тұрақты сөз тіркесін табыңыздар.
А) Көркем ой В) Көзі ашық С) Қара көк Д) Көп түкірсе көл
11. Қазақ тіліндегі сөздер буын үндестігіне сәйкес қалай жіктеледі?
А) Түбір, қосымшалы, қосымшасыз В) Жуан, жіңішке, аралас С) Дауысты, дауыссыз, үнді Д) Түбір, жуан, ұяң
12. «Өнердің ең асылы — сөз» Даналық сөздің авторы кім?
А) Гераклит В) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы С) Ы. Алтынсарин Д) И. Сапарбаев
13. Вербалды қатынас дегеніміз не?
А) Тілдік қатынас В) Тілсіз қатынас С) Жалпы қарым — қатынас Д) Тыңдай білу
14. Сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір — бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы дегеніміз не?
А) сөз сазы В) реңк С) мәнер Д) үн
15. Сөздердің біркелкі дауысты дыбыстан басталуы қалай аталады?
А) Кейіптеу В) Ирония С) Сатира Д) Ассонанс
16. Тыңдау кезінде күнделікті кездесіп қалатын қателіктерді анықтаңыз.
А) Жауаптардың бәрі дұрыс.В) Сөйлеушінің сөзін білу. С) Әңгіме барысында тыңдаушының асығыс қорытынды жасауы. Д) Сөйлеушінің айтқандарымен келіспеген жағдайда тыңдаушы өз қарсылығын білдіруде асығыстық жасау.
17. Сөйлеушінің сөзін бөлмей мұқият тыңдау, бұл…?
А) Әбестік В) Әдептіліктің белгісі С) Әдепсіздік Д) Қайырымдылық
18. Дауыстылар жақтың ашылу дәрежесіне қарай қалай бөлінеді?
А) еріндік, езулік В) дауыссыз дыбыстар С) жартылай ашық Д) ашық, қысаң, жартылай ашық.
19. Этнолингвистика дегеніміз не?
А) Сөздердің қалыптасқан сөз орамдарының шығу тегін тарихын, оның мәні мен мағынасын, қазіргі қолдану аясын зерттейтін тіл білімнің саласы.
В) Сөздер мен олардың мағыналарын зерттейтін сала. С) Тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Д) Сөз құрамы мен сөз таптарын зерттейтін сала.
20. Этнолингвистикалық құбылыс туралы еңбек жазған, деректер жинаған қазақтың қоғам қайраткері.
А) Абай В) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы С) Ы. Алтынсарин Д) Қадыр Мырза Әли
21. Қай сөз жалпылама қолданылатын сөзге жатады?
А) бұрыш В) квадрат С) теңдеу Д) су
22. Неологизмді табыңдар
А) әлем В) шапан С) кәжекей Д) ғаламтор
23. Белгілі бір ғылым саласына тән сөздер қалай аталады?
А) Көнерген сөздер В) Қос сөздер С) Терминдер Д) Неологизмдер
24. Тамақтанар алдында не деп айту керек?
А) Сапарыңыз сәтті болсын! В) Деніңіз сау болсын! С) Асыңыз дәмді болсын!
Д) Қуаныш құтты болсын!
25. Кәсіби сөздерді табыңыз.
А) Иінағаш, суағаш В) Жүген, үзеңгі, шылбыр С) Қахажаппа, қорықтық
Д) Сөмке, кереует
ІІ нұсқа.
26. Ана тілін жетік білу, ана тілінде таза сөйлеу ненің белгісі?
А) Мәдениеттіліктің В) Әдептіліктің С) Іскерліктің Д) Даналықтың
27. ХІХ ғасырдан басталатын ауыз әдебиеті материалдарын жинау жұмыстарын жүргізген қазақтан шыққан алғашқы зерттеуші — ғалым?
А) Ы. Алтынсарин В) Ш. Уәлиханов С) М. Әуезов Д) Ж. Аймауытов
28. «Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт — санасының негізгі өзегі, нағыз белгісі» Кімнің сөзі?
А) Абай В) Б. Момышұлы С) Ш. Құдайбердиев Д) М. Әуезов
29. Сөздік құрамдағы сөздердің қолданылу жиілігіне қарай сирек қолданылатын сөздер қалай аталады?
А) Актив сөздер. В) Пассив сөздер. С) Бейтарап сөздер. Д) Фразеологизмдер.
30. Тілдегі сөздердің дұрыс жазылу ережесінің жинытығы қалай аталады?
А) Орфография В) Орфоэпия С) Лексика Д) Фонетика
31. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамауды, қосымшаларды ретімен қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден қандай норма бұзылады?
А) Грамматикалық норма В) Лексикалық норма С) Фонетикалық норма Д) Әдеби норма
32. Дұрыс жазылған сөзді анықтаңдар.
А) Кең — маңдай В) кеңмаңдай С) кең маңдай Д) кең маңлай
33. Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді табыңыз.
А) қайбір В) жарыйды С) жүктөу Д) мәңгү — бақый
34. Қарым — қатынас құралдары: тіл — дыбыстау құралдары және тілге көмекші құралдары болып екіге бөлінеді. Тіл – дыбыстау құралдарына нелер жатады?
А) ымдау, ишара В) көзқарас С) қол алысу Д) сөз, сөйлеу
35. «Қазақтардың тілі жатық та, шешен, әрі өткір, көбіне іліп — қағып сұрақ пен жауап беруге келгенде, таңғаларлықтай оралымды сөйлейді» деген орыс ғалымы.
А) В. В. Радлов. В) М. Горький С) А. Диваев. Д) А. С. Пушкин.
36. Мына сөздерден екпін түспейтін буынды көрсетіңіз.
А) барасың ба? В) арланба С) қойма Д) аула
37. «Жайдары жүзің жабылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай,
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!» (Абай) Көркемдегіш құралдың қайсысы қолданылған?
А) Ассонанс В) Аллитерация С) Сатира Д) Литота
38. Сөйлеуші сөзін толық түсіну үшін қандай сұрақтар берген орынды?
А) Не үшін? Неліктен? В) Қайсысы? Кім? С) «Иә, иә», «Солай ма?», «Айта беріңіз»
Д) Не себепті? Қашан?
39. Ерін мен езудің қатысына қарай қалай бөлінеді?
А) еріндік, езулік В) еріндік, қысаң С) езулік, қысаң Д) жуан, жіңішке
40. Шаруашылық, тұрмыстық, әдет — құрыпқа байланысты этнографизмдер:
А) қырқынан шығару В) саба пісу С) дәметіп ауру Д) есік көрсету
41. Қайсысы мәтел?
А) Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. В) Талапты ерге нұр жауар. С) Ер айтпас, айтса қайтпас. Д) Тазы ашуын тырнадан алады.
42. Неологизмді табыңыз.
А) делдал В) көзі ашық С) мереке Д) кебеже
43. Термин дегеніміз не?
А) Белгілі бір ғылым саласына тән сөздер. В) Жергілікті тұрғындардың сөйлеу тіліндегі сөздер. С) Қолданыстан шығып қалған сөздер. Д) Қарапайым сөздер.
44. «Манифест» терминінің қазақша баламасы.
А) келісім, шарт В) көшірме С) жарғы Д) түсініктеме
45. «Әркім» тұлғасына қандай сөз?
А) негізгі В) туынды С) қос сөз Д) дара
46. Ауызша сөйлеу тілдің де, жазба тілдің де дамуына ортақ негізді көрсетіңіздер.
А) Ғылыми терминдер В) Жалпыхалықтық тіл. С) Диалектілер Д) Афоризмдер
47. Тілдің материалдық жағына не жатады?
А) Тілдің сөз байлығы. В) Басқа тілден енген сөздер. С) Этнолингвистикалық атаулар.
Д) Архаизмдер. Е) Тіл дыбыстарының, сөздердің, грамматикалық формалардың жиынтығы.
48. Географиялық терминді табыңыз.
А) антоним В) бастауыш С) түбек Д) амон
49. Сәлемдескенде айтылатын сөзді табыңыз.
А) Сау болыңыз! В) Амансыз ба? С) Қош болыңыз! Д) Көріскенше!
50. Диалект сөзді табыңыз.
А) еңбек, арман В) әйдік, пәс С) барлық, күллі Д) гүрс — гүрс
51. Көркем әдебиет стилінде жиі жұмсалатын сөз тіркесін табыңдар:
А) салтанатпен мерекелеу В) қол қою С) ынталы жүрек Д) тез кел
52. Әдеби тіл нормасына жатпайтын сөйлемді көрсетіңдер:
А) Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, мұнда ол түгіл есек те отырыпты ғой.
В) Кең далада жалғыз адам жүзіп келеді, жүзіп келеді. С) Япырым-ай, мына жерге ауыл орнап, дүкен құрылғаны жақсы болды-ау! Д) Жарқыраған мамыр күні тамылжып тұр.
53. Ресми стильге берілгендердің қайсысы сәйкес келмейді?
А) анықтық В) көріктеу элементтері С) толымды, жақсы сөйлемдер Д) терминдер
54. Стильдің қай түрі туралы айтылған?
Жай сөйлем арқылы айтылған ойға қатысты деректер мен мағлұматтар бірыңғай сөйлем мүшелері орайында жан-жақты қамтылып, сөйлемдер көбінесе жайылма түрінде жұмсалады.
А) көркем әдебиет стилі; В) ғылыми стиль; С) ауызекі сөйлеу стилі; Д) публицистикалық стиль.
55.Шылауға тән емес ерекшелікті табыңыз.
А) Толық лексикалық мығынасы болмайды. В) Түрленбейді
С) Адамның әр түрлі көніл - күйін білдіреді. Д) Сөйлем мүшесі бола алмайды
56.Етістікті тіркесі табыңыз.
А) Өнерлінің ырысы В) Іске шебер С) Асқарда бесеу Д) Елді қорғау
57. Хабарлы сөйлемді табыңыз.
А) Ал сосын В) Ойсыздарға қосылма С) Неге бұғасың Д) Жел де жоқ
58. Төмендегі тіркестер қай топқа жатады? Қырық пышақ, қырғи қабақ
А) синоним Б) омоним С) антоним Д) тура мағына
59. Кіріккен сөзді табыңыз.
А) Мөлдір су. Б) Ақыр заман орнату. С) Күздігүні. Д) Қазақстан Республикасы.
60.Тура мағынылы сөзді көрсетіңіз.
А) жылы жүрек В) жылы жүз С) жылы сөз +Д) жылы су
61. «Төбесі көкке жету» тұрақты тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
А) ұшу В) мұхит С) көл Д) қуану
62 Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) дәрі, дәріхана, аурухана В) үй, мектеп, баспахана С) жас, құрдас, көрші
Д) ауру, сырқат, кесел
63. «Мақсатым-тіл ұстартып,өнер шашпақ»сөзінің иесін табыңыз.
А)Ш.Уәлиханов В)Ы.Алтынсарин С)А.Құнанбаев Д)А.Байтұрсынов
64. Стиль түрін анықтаңыз.
Қазақстан Республикасының азаматы ,қажет болған жағдайда ,қорғануға құқылы.
А) Ғылыми В) Көркем әдебиет С) Публицистикалық Д) Ресми
65. .Публицистикалық стильдің сипатын анықтаңыз.
А)Жұртпен дидарласу В)Сөйлеушінің назарын өзіне аудару С)Жұртшылықты мәні бар іске қатыстыру,ықпал ету. Д)Ауызша түрде жұртқа жеткізу
66.Жұртқа үндеу,үгіт айту үшін пайдаланып,көпшілікті қоғамдық мәні бар іске қатыстыру мақсатындағы стиль түрін табыңыз.
А) Ғылыми В) Көркем әдебиет С) Публицистикалық Д) Ресми
67 Топтау сан есімнің сұрағын табыңыз.
A) Нешеден? B) Қай шамалы? C) Қанша? D) Неше?
68 Мақалдан туынды зат есімді табыңыз.
A) Анадан артық дос бар ма? Ашудан жаман қас бар ма?
B) Ананың алақаны жылы. C) Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді.
Д) Еңбегің егіз, байлығың сегіз болар.
69 Еркін әңгімелесу кезінде қолданылатын стиль түрін табыңыз.
A) Ресми іс қағаздар B) Ғылыми стиль C) Публицистикалық Д) Ауызекі сөйлеу
70. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаласты табыңыз.
A) Аспанды тұтас қара бұлт жапты.
B) Айтқанын тыңдады да, өз білгенін істеді.
C) Қара бұлт төнсе де, қар жаумады.
D) Мұғалім өзін тыңдамайтын болған соң, басқа амал іздеді.
71. Синонимдік жұпты көрсетіңіз.
А) Сабырлы, шыдамсыз В) Жуас, момын С) Бет, көз Д) Аласа, кең
72. 60 - 70-тей адам жиналды деген сөйлемдегі сан есім түрін белгілеңіз.
А) реттік В)жинақтық С)болжалдық Д) топтау
73. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.
А) сандықша В)кітаптар С)жерлерге Д) дәстүрмен
74.Тек жуан буынды сөздер қатарын анықтаңыз.
А) Сабақ, қала, тақырып. В)Тіл, сөйле, көрік, кеме. С)Күнделік, дәптер, терезе.
Д) Мұғалім, шәкірт.
75. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) Өйткені. В)Сонда да. С)Біресе. Д) Бірақ.
76. Күрделі бастауышты көрсетіңіз.
А) Күн жылынды. В)Жаңбыр құйып кетті. С)Оқушылар мектептен қайтты.
Д) Астана қаласы – Қазақстанның бас қаласы.
77. Бірыңғай езулік дауыстылары бар сөздерді белгілеңіз.
А) желтоқсан В)заңгер С)жұмыс Д) орман
78. Құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.
А) Жалаң. В)Жайылма. С)Толымсыз. Д) Салалас.
79. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
А) Одан жақсы сөз естісе де, артына қарамай кетіп қалды.
В)Жанында әкесі болғандықтан, шешіліп сөйлей алмады.
С)Не ексең, соны орасың.
Д) Аспанды жапқан бұл сиреп, жұлдыздар көріне бастады.
80. Етістіктің рай атауын көрсетіңіз.
А) Қысаң. В)Келер. С)Болымды. Д) Қалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет