Қазақ тілі 8-сынып І тоқсан 1-бөлім І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі29,21 Kb.
#83431
  1   2   3   4
Байланысты:
Тіркеме №1



Қазақ тілі 8-сынып І тоқсан 1-бөлім


І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім: 1.Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы.
Орфография


Оқу мақсаты: 8.1.3.1.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсіну,ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
8.4.1.1. Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын
күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай
жазу


Бағалау критерийі: Білім алушы:
Мәтін мазмұнын түсіндіреді, ұсынылған ақпараттан
астарлы ойды анықтайды.
Бас әріппен берілетін күрделі-құрама атауларды
орфографиялық нормаға сәйкес жазады.


Ойлау Білу, түсіну, қолдану
дағдыларының
деңгей:
Орындау уақыты: 20 минут
1-тапсырма. А. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.


Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы туралы
Адамзат мәдениеті тарихында алфавит пен жазудың маңызы ерекше. Жазу – адамдардың кеңістік пен уaқытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал, мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Ал жазудың өзгертілуі сол халықтың мәдени өміріне, әлеуметтік психологиясына әсер етіп, осы рухани байлықтан сусындауына қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Осы орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз. Сол кезеңде, яғни ХІХ ғасырдың соңынан бастап, Ахмет Байтұрсынов еңбек еткен алғашқы кезеңде, қазақ халқының өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы қолданып келген араб жазуы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алмайтыны, оның түркі тілдеріне жарамсыздығы мен кемшілік жақтары баспасөз беттерінде айтылып, қазақ жазуын жетілдіру керек деген мәселе көтеріле бастаған еді. Міне, осы көзқарастарды өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған Н.И.Ильминский бастаған миссионерлер араб жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын уағыздай бастады.
Ал бұл көзқарастардың әлеуметтік саяси астарын терең түсіне білген А.Байтұрсынов :«...қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс… »,- деп жазды. Ол тек өз көзқарасын білдіріп қана қоймай, «1910 жылдардан бастап араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алды» . Сөйтіп, А.Байтұрсынов реформалаған қазақ графикасы дүниеге келіп, 1924 жылы Орынборда өткен қырғыз-қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайы оны ресми түрде қабылдады. Бұл әліпбиді халық «Байтұрсынов алфавиті», «Байтұрсыновтың төте жазуы» деп атаса, сол кездегі орыстың белгілі ғалымдары, профессорлар Е.Д.Поливанов пен Н.Ф.Яковлев өте жоғары бағалады. Н.Ф.Яковлев өз сөзінде: «... жақсы алфавит бірнеше ғылыми талаптарға жауап бере алатын болуы керек. Ол талаптардың негізгілері мыналар: 1. Алфавитте әріптер саны тілдегі сөз мағынасын ауыстыра алатын дыбыстар /фонемалар/ санына тең болуы керек; 2. Алфавитте әріптер саны өте көп болмау керек т.б. Осы негізгі екі қасиет қазақтың сингармониялық алфавитіне тән. Ал сингармониялық алфавит пен сингармониялық орфографияға қосымша таңба – дәйекшінің ендірілуі үлкен ғылыми жаңалық болды»,- дейді. Кезінде профессор Қ.Жұбанов та осы араб графикасына негізделген жазуға қарсы айтылып жүрген пікірлердің негізсіздігін айтып, осы жазудың авторы А.Байтұрсыновтың еңбегін жоғары бағалаған еді .
А.Байтұрсыновтың еңбектері арқылы қазақ тілінің табиғаты сингармонизмге негізделгенін танитын болсақ, оның еңбектері жарияланғаннан соң 70 жыл өткенде ғалым Ә.Жүнісбековтің докторлық диссертациясында А.Байтұрсынов ұстанған принциптің дұрыстығы, яғни қазақ тілінде фонологиялық қызметті сингармонизм атқаратындығы дәлелденді .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет