Ү. Сергіту сәті. Үнтаспадан музыкаға ілесе отырып, өлең айтып, би билеу.
7) Мақалды жаттау. Оны тақтаға жазып, сөз басында келген л, р әріптерінің астын сызу;
ҮІ. Ойын: «Пирамида құрастыру».
Күні: 15\22.10.2016ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс өзгеріске ұшырады
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: өзгеріске ұшыраған дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту; фонетикалық талдау және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар жүргізу арқылы оқушы білімін нығайту.
2. Тәрбиелік: адамгершілікке, елжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: өзгеріске ұшыраған дыбыстардың түрлерін ажырату және фонетикалық талдауды жасай білу дағдыларын қалыптастыру; деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, іздендіру, шығармашылық.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, тақырыпқа байланысты кестелер мен үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Қызығушылығын ояту.
Балалар, сендер бастауыш сыныпта дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыңдар. Дауыссыз дыбыстар туралы не білесіңдер? Сол туралы білетін - деріңді жазыңдар.
2. Мағынаны таныту жұмыстары.
- «Қырағы болсаң байқап көр» айдарымен жұмыс.
1. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
2. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
Дауыссыз дыбыстардың жасалуын көрнекі құралдар арқылы түсіндіру. Ол үшін үш құмыраның суреті көрсетіледі. Олардың бірінде толы су, екіншісін - де орта су, үшіншісі де түбінен ғана су құйылған.
1. Су толы құмыраны ұрғанда, қандай дыбыс шығады?
2. Ал екінші құмыраны ұрған кезде, қандай дыбыс шығады?
3. Үшінші құмыраны ұрған кезде, қандай дыбыс шығады?
4. Үн неліктен әртүрлі болып шығады деп ойлайсыңдар?
5. Дауыссыз дыбыстарды неше түрге бөлуге болады?
6. Қатаң дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
7. Ұяң дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
8. Үнді дауыссыз деп нені айтамыз?
9. Дауыссыз дыбыстар нелердің әсерлерінен үш түрге бөлінді деп ойлай - сыңдар?
Құмыра толы су – қатаң, жартылай толы су – ұяң, түбінде ғана суы бар құмыра үнді дауыссыз дыбысты көрсетеді. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып үш түрге бөлінеді. Олар:
ТҮРЛЕРІ
ДАУЫССЫЗДАР
ҚАТАҢ
П, Ф, К, Қ, Т, С, Ш, Щ, Ч, Х, Ц, Һ.
ҰЯҢ
Б, В, Г, Ғ, Д, З, Ж.
ҮНДІ
Р, Л, Й, (У), М, Н, Ң.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.
Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үні басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.
ІІІ - «Кітап – сенің ақылшың» айдарымен жұмыс.
3. Оқулықпен жұмыс:
Дыбыстық талдау жасату. Мәтіндегі ақыл мен ғылымның не дегенін айтыңдар.
• Берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға талдау жасаңдар.
• Өздерің осы тәрізді жұмбақтар шығарып көріңдер.
• Үлестірме карточкаларды таратып беру.
4. Галереяға саяхат әдісі арқылы топпен жұмыс жүргізу. Табиғат туралы сурет бойынша мәтін құрастырып, 1 - 2 сөйлеміне дыбыстық талдау жасату.
5. Жеке оқушылармен жұмыс. Үлестірме карточка алған оқушылармен жұмыс жүргізу.
6. - «Білімді мыңды жығар» айдары бойынша:
3. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Қою, қоян, аю, стиль, подъезд.
ІV Жаңа сабақты бекіту: Танымдық тапсырма
Сонымен, сендер бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер? Оқушылар жауабын тыңдау.
Олай болса,
1. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не екен?
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Қатаң дауыссыз деп нені айтамыз? Оның саны нешеу?
4. Ұяң дауыссыз деп нені айтамыз?
5. Үнді дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
6. Дауыссыз дыбыстар буын құрай ала ма? Егер буын құрай алмаса, неліктен деп ойлайсың?
V Сабақты қорыту
Күні: 29.10.2016ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс. Өлең құрау (ұйқас ұсыну)
Мақсаты:
1) оқушыларға ұйқас, тірек сөздер арқылы өлең құрауды үйрету;
2) ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу;
3) ұқыптылыққа, шығармашылық ізденіске тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: сөздер, үлестірме қағаздар.
Сабақтың ідісі: үйрету, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
1. Өткенді пысықтау.
ІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыпты хабарлау.
Балаларға өлең құрастыру үшін , тірек сөздер, ұйқас ұсыну.
1.
—————————————- күлеміз,
—————————————- білеміз.
—————————————- жүреміз,
—————————————- тілеңіз.
2.
—————————————- баламыз,
—————————————- саламыз.
—————————————- сабақты,
—————————————- баламыз.
Ойын ойнату. «Мен қандаймын?»
Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен – дарынды Дәурен, Әйгерім – әдепті Әйгерім, Біржан – батыр Біржан т.б.
ІІІ. Сабақты қорыту. шығарған өлеңдерін оқу, талдау.
Жүреміз, бәріміз, күлеміз,
Спорттың пайдасын білеміз.
Онымен достасып жүреміз,
Әрдайым шынық деп тілеңіз.
Күні: 12\19.11.2016ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А
Тақырыбы: Мәтін және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділігі: Оқушылардың сөз құрамы туралы білімдерін қайталай отырып, жұрнақ пен жалғау туралы алған білімдерін тиянақтау.
Ә) дамытушылығы: Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып дамыту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Б) тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, тез ойлауға баулу.
Сабақтың түрі. Қайталау сабақ
Сабақтың әдістері: Топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, венн диограмма
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, стикер, смайликтер,
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру
А) Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
Ә)топқа бөлу
Ә) өткенді пысықтау
Мә оқиға ретітін мен баяндалады
Оқиға, құбылыстың себебі дәлелденеді
венн диограмма
ІІІ. Қайталау
1.Ой қозғау
1-жаттығу
1.Мәтінді түсініп оқы
2.Мәтінде не туралы айтылған
3.Мәтінге ат қой
2.Жұмбақ жасыру
2-жаттығу
Жұмбақты оқып шешуін тап.
Жатқа жаз
Бұл жұмбақ мәтіннің қай түріне жатады?
Әңгімелеу мәтіні ме, әлде сипаттау мәтіні ме?
3.Топпен жұмыс. Тірек сөздер
1-топ
3 – жаттығу
Аталған тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтін құрау
2-топ
Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыру
Оқиғаның аяқталуы
Оқиғаның одан әрі қарай дамуы
Оқиғаның басталуы
3-топ
4-жаттығу
Тірек сөздерді пайдаланып, сипаттау мәтінін құрау
Жүзім, дәмі, түрі,түсі
Жүзім – жүзім тұқымдасына жататын өсімдік. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім өсіріледі.
Өсімдік туралы
Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 – 5 м), жіңішке келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Жемісі – жидек.
Достарыңызбен бөлісу: |