Бір-де бар-лық ба-ла-ша-ға
Қа-рық бол-ды та-ма-ша-ға:
Шы-ға-мын деп АЛ-ША-ҒА «А»
Құ-лап түс-ті А-ЛА-ША-ҒА.
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
6.Сөздегі дыбыстардың өзгеруі арқылы сөз мағынасының өзгеретініне тапсырмалар орындау арқылы көз жеткізейік.
7.«Сөз ойла, тез ойла!»
Мақал-қалам
арқа -қара
тақыр - қырат
қатар - тарақ
Тер- рет
Лас-сал
Қына -анық
сүт- түс
түк- күт
тақсыр-сырқат
азат-
таза
8. Сөзжұмбақ шешіп демалып алайық. Санмен жазылған сөздерді табамыз.
9. Асыл сөз бөлімі.
Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасын келістіретін, күлгенді жылатып, жылағанды жұбататын асыл сөз шеберлерінің айтқандарынан үзінді тыңдайық.
Көрініс: Шешендер сөзі.
Бата туралы. Қай елдің болса да, әдет-ғұрпы, салт-санасының озығы бар, көнерген тозығы бар. Сөз арқылы жаратушыға жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз: баталы бала арымас, көп тілеуі көл деген ой-пікірмен ақ ниетпен бата беріп тілек тілеген.
Бата арқылы ой-санамызға нұрлы шуақ естіледі, жасымыздан қарғыс емес, алғыс алсақ деген тәрбиенің бастауы.
10. Бекіту.
Сатылай –кешенді талдау бойынша «Сөзге» мінездеме берейік.
1. Сөз- заттың, қимылдың, санның атауы.
2. Сөздер белгілі бір мағынады айтылады..
3. Сөздегі дыбыс өзгерсе, сөз мағынасы да өзгереді.
4. Сөздерден сөйлем құралады.
5. Сөздер дыбыстардан құралады.
11. Қорытынды.
Күні: 25.03.2017ж Пәні: Сөзжасам Класы: 4 А Мұғалімі: Мусаев А.А
Cабақтың тақырыбы: Өтірік өлеңдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға өтірік өлеңнің қазақ халық поэзиясында алатын орны туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын,өз ойын жүйелі айта білуін,шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Өтірік өлең арқылы бала қиялын ұштауға, бейнелі ойлауға жетелеу, ұтқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер
Достарыңызбен бөлісу: |