Қазақ тілі әдебиет кафедрасы БӨж тақырыбы: Ұйғыр, Түргеш, Қырғыз, Қарлұқ қағандықтары



бет4/4
Дата10.12.2022
өлшемі24,69 Kb.
#162224
1   2   3   4
Байланысты:
Ару Бөж тарих

Қорытынды
Мемлекеттердің саяси-әлеуметтік, экономикалық құрылымы. Көшпелі мемлекеттер барлық өркениетті елдердегідей қалыптасқан бұрынғы әлеуметтік құрылымды сақтап қалды. Түркі мемлекеттерінің құрылуында басқа көрші тайпалармен күрестің әсері айқын рөл атқарды. Бірінші кезекте отырықшы жер өңдеуші көршілерімен әскери қактығыстар кезінде жекелеген тайпалар тайпалар одағына біріккен. Осылайша тайпа ішіндегі байланыстар нығайтылды. Сондай-ақ сыртқы кауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі мемлекеттің кұрылуына объективті себеп болды. Дегенмен таза отырықшы елдердегі мемлекеттермен салыстырғанда, орталық билік шектеулі еді. Онда әскери демократияның белгілері: әскери ақсүйектер кеңесі елеулі орынға ие болды. Барлық әскери-саяси басқару жүйесі өмір сүрудің көшпелі түріне қолайлы, көшпелі тұрмыстың ерекшелігіне бейімделген. Сондықтан басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі ерекше орын алады. Ерте ортағасырлық мемлекеттерде дәстүрлі рулық-тайпалық ұйым: патриархатты отбасы — ру — тайпа — ел сақталып қалды. Әрбір тайпаның өзінің белгілі аумағы болды. Жайылымдарды пайдалану және көші-қон жолдарын бөлу тайпа басшыларының құзырында болды. Бөліп берген үлестік жер, жайылымдар үшін тайпа көсемі жоғары билеушіге жыл сайын салық төлеп тұрды. Қоғамның қатардағы өкілдері, азат адамдар болды. Әскери-әкімшілік тұрғыдан ерте ортағасырлық мемлекеттер бірнеше үлестік-тайпаларға бөлінді немесе кейбір жағдайда 2 қанаттан (бөліктен) тұрды. Көшпелі қоғамда тайпалар одағынан мемлекеттік құрылымға өту кезеңінде күшті әскери билік дәстүрі үлкен рөл атқарды. Үлес-тайпа билеушілері әрі әскери қолбасшы, әрі әкімшілік басқарушысы болды. Әскери және әкімшілік биліктердің біріктірілуі олардың билеуші көсемдерінің саяси-экономикалық жағынан нығаюына әкелді. Мәселен, Қарлұк қағанатындағы үлестік-тайпаның кейбір басшылары орталық билікті мойындамады. Олар қолайлы жағдай туғанда мемлекеттегі жоғары билікті басып алуға ұмтылды. Соның салдарынан билеуші әулетті ауыстыратын күштер олардың өз ортасынан өсіп шықты. Барлық тарихи кезеңде Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің бірін-бірі ауыстырып отыруын, бір жағынан, осылай түсіндіруге болады. Екіншіден, мемлекеттік құрылымдардың санғасырлық әлеуметтік-мәдени дәстүрлері қалыптасты. Жоғарыда аталған мемлекеттік этно-саяси бірлестіктер негізінде түркі халықтарының үнемі бірігіп бас косуға ұмтылғанын анық көреміз.

Пайданылған әдебиеттер:
2. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. Т. І-ІІІ. Алматы, 2000
3. Абусеитова М. Х. Казахское ханство во второй половине ХҮІ в. Алматы, 1985.
4. Асфендияров С. Д. История Казахстана /с древнейших времен/. А., 1993.
5. Бердібаев Р. Байкалдан Балканға дейін. Анкара, 1997.
6. Бердібай Р. Түбі бір түрікпіз. Астана, 2002.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет