«КЕЗДЕСУ САҒАТЫ» (Clock buddies)
Қажетті материалдар: кездесу сағаты, жұмыс парағы немесе ақ парақтар
Мақсаты: оқушыларды оқу материалы бойынша әңгімеге тарту
Сипаттамасы: оқушыларға басып шығарылған жұмыс парағын таратыңыз немесе ақ параққа өздерінің салуын сұрау. Содан кейін оқушыларға сағаттың әр уақытының жанына сыныптастарының бірінің атын жазуды сұраңыз. Олардан сіз атаған сағатта сол уақытқа кездесу белгіленген сыныптасының жанына барып, оқу материалы туралы сөйлесуін сұрау. Сіз белгілі уақыттарды атаған сайын, олар сол уақыттың жанында белгіленген сыныптасының жанына барып, әңгіме жүргізеді. Егер уақыт шектеулі болса, тақ немесе жұп сандардың жанына сыныптастарының атын жазуын сұрауға да болады.
«БИНГО 101» әдісі
Қажетті материалдар: бинго карточкалары
Мақсаты: өткен оқу материалдарын қайталау
Сипаттамасы: мұғалім оқушыларға бинго карточкаларын береді немесе оқушылар өздері әзірлейді. Мұғалім оқушыларға өткен сабаққа байланысты сөздер немесе сөйлемдерді тақтаға жазады (сөз саны бинго карточкасындағы торлардың санына сәйкес болуы шарт), ал оқушылар сол сөздерді бинго карточкасының торларына шашыраңқы ретпен жазады. Содан соң мұғалім тақтаның алдында тұрып жазылған сөздерге сұрақтар немесе анықтамаларды оқиды. Оқушылар оқылған сұрақ/анықтаманың дұрыс жауабын сызып отырады. Кімде көлденеңінен немесе тігінен сәйкес тізбек болса, сол оқушы бинго деп айқайлайды. Мұғалім сол оқушыға ынталандыру сыйлығын береді.
«ПАЗЛ әңгіме»
Ұйымдастыру: топтарда/жұптарда
Қажетті материалдар: әңгіменің немесе газет мақаласының параграфтарының қағазға басылған бөліктері
Мақсаты: бірлесе отырып әңгіменің бөліктерін біріктіру, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылырын арттыру, сыни ойлау дағдыларын дамыту
Сипаттамасы: топтарға немесе жұптарға әңгімені немесе мақаланы бөліктерге бөліп тарату. Оқуышлардан бөлінген бөліктерден әңгіме құруын сұрау. Соңында оқушылардан басқа топтағы оқушыларды өз жұмысымен таныстырады немесе жылжымалы топтарда ой бөлісулерін сұрайды. Әңгіменің қорытынды бөлімін бермей, оқушылардың өздеріне аяқтауға мүмкіндік беруге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |