Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет138/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

(Ұ) «Ассоциация» әдісі арқылы Ұлы Абайды сипаттап айтады. Интербелсенді тақтадан Ұлы Абайдың суретін көрсетеді.
«Ойланайық» рубрикасы бойынша жұмыс жүргізу. Суретке қара. Бұл ата кім?
Ата қандай адам деп ойлайсыңдар?
Сипаттаманы үлгі бойынша әр оқушы жалғастырып айтады.


5 мин

жұптық жұмыс

Суреттер
Оқулық




«Т) «Оқиық» рубрикасы
«Бiрiн-бiрi oқыту» cтрaтегияcы бoйыншa мәтiндi iштей oқиды. Берілген мәтінді оқи отыра мұғалім оқушыларға ақынның өмірімен таныстырады. Әр тoп өз тoбындa тaлдaйды.
1-тoп. Мәтiн бoйыншa берілген cұрaқтарға жауап береді. 2-тoп. Мәтiнге клacтер құрacтырып, қoрғaйды.

  1. тoп. Мәтiн бoйыншa cөздiк жұмыc жүргiзедi, мағынасын түсіндіреді. 4-тoп. Мәтiннен ақынның асыл қасиеттерін тaуып oқып, oйын

дәлелдейдi.
Дескриптор:

    • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

    • Тақырыпқа қатысты сөздерді тауып, сөйлеу барысында қолданады.

    • Өз oйлaрын дәлелдейдi.

Оқылымнан кейінгі тапсырма
(Т) «Оқиық және жауап берейік» айдарында мұғалім мәтін мазмұнын түсінгенін білу үшін сыныпты бірнеше топқа бөліп, мәтін бойынша бір- біріне сұрақтар қойғызу арқылы тексереді. Мәтіннен берілген сұрақтардың жауабын іздейді. Топтың бір мүшесі сұрақ қояды, келесі топ мәтіннен жауабын тауып айтады немесе оқиды.
а) Оқыған мәтіннен «қандай?» сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазады.
ә) Мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

8 мин

Топпен жұмыс

Оқулық

«Жазайық» айдарымен ұсынылған тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын жетілдіруге арналған. Мұғалім оқушылар назарын Абайдың портретіне аударып, ақын туралы ақпарат береді. «Қазақтың ұлы ақыны» тақырыбындағы көрмемен таныстырады. Содан кейін өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беруі керек. Өлеңді тыңдап болған соң, оқушыларға тобымен бірлесіп оқып, талқылауға тапсырма беріледі. Оқушылар өлеңнен не түсінгендерін айтулары тиіс. Оқыған материалдың мағынасын үлгі бойынша талқылап, түсіндіріп жазады. Мұғалім оқушыларға өлең ішінде берілген сөздердің мағынасын түсінуге
көмектеседі.

5 мин

Жеке ұмыс

Оқулық
Дәптер

«Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған тапсырма оқушылардың айтылым дағдыcын жетілдіреді. Мұғалім оқушыларға жұбымен орындауға бағытталған тапсырма дайындайды. Оқушылар суретке қарай жұбымен сұхбаттаса отырып, сұрақтарға жауап береді. Тапсырманың орындалу ретін түсіндіріледі. Оқушылар оқулықта берілген сұрақты басшылыққа ала отырып, жұптасып диалог құрастырады. Диалог құрастыру барысында жаңа сөздерді міндетті түрде қолдану қажеттілігі ескертіледі.

4 мин

Жеке жұмыс

Кесте
Оқулық





3 мин

Сынып-мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет