Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет136/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Ата, бата беріңіз! (2-тоқсан, 3-тарау) 46-сабақ

Дағды

Тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру
4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және
нақтылау мақсатында сұрақтар құру

Лексикалық минимум

Қыдыр ата, бата, аманат, аңыз

Алдыңғы білім

Ұлттық аспаптар

Пәнаралық байланыс

Музыка

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабақты бастамас бұрын оқушылардың бірінен көмек сұрайды. Оқушылардың бірі сынып тақтасына күннің жадын жазып, орнына отырған кезде, мұғалім оқушыға бата береді. Осы жағдаятты пайдаланып оқушылардан
«Мен жаңа ғана не істедім, балалар?» деп сұрайды. Оқушылар өз болжамдарын айтқаннан кейін мұғалім өзі арнайы алып келген сөздіктерін оқушыларға үлестіріп беріп, сол сөздік ішінен (аударма сөздік) жаңа сабаққа арқау болатын сөздердің аудармасын оқып біліп алуларын тапсырады. Сондай-ақ, оқушылар өз түсінгендерін қазақ тілінде жеткізе білулерін сұрайды. Бұл жұмыс түрлері аяқталғаннан кейін, мұғалім ол сөздердің дұрыс айтылуы үшін қадамдық жаңа сөзді таныстырып, айтылуын меңгерту шараларын ұйымдастырады. Оқушылар алдымен топта, кейін жұпта, одан соң жеке қайталап, сөзді дұрыс айтуға үйренеді. Ең соңында дұрыс жаза білулері үшін сөз диктантын жазуларына да
болады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер
Оқулық

Негізгі бөлім

«Анықтайық» айдарындағы бұл тапсырма оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамытумен қатар, сөйлеу дағдысын да жетілдіруге бағытталады.
Сөйлемдерді атауымен сәйкестендіреді.

5 мин

Жұптық жұмыс

Суреттер Оқулық

1. Ертеде бір қобызшы болыпты. Ол адамға тыныш
жер іздейді. Көп елді аралайды. Ең соңында адам

бата

ұзақ өмір сүретін жерді табады.

2. Менің сізге айтатын өтінішім бар. Айтып барыңыздаршы. Балам ешқашан ақшаға, алтынға

аңыз




қызықпасын.
3. Бақытты бол, балам! Жолың болсын!

аманат




«Жазайық» айдарымен ұсынылған 2-тапсырмада оқушылар берілген сөйлемдерді жалғастырып жазады. Сынып болып бір-бірінің пікірлерін талдайды, салыстырады. Бұл оқушылардың бұрыннан білетін сөздік қорларын қайта жаңғыртуға сеп болатын тапсырма.

4 мин










«Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған тапсырманы «Бірге ойлаймыз» стратегиясы арқылы оқушылар тақырып бойынша меңгерген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сөйлемдер құрастырады және оқиғаны
жалғасын болжап айтады.
Сөйлемдерді құрастыру үшін мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелеп отырады.
Мысалы:

  1. Суреттен кімдерді көріп тұрсың?

  2. Кім бата беріп жатыр?

  3. Суреттегі қандай қала?

Осы сияқты сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары сөйлем немесе шағын әңгімеге айналады. Әр суретке жеке тоқтап талқылайды. Әр топ өз нәтижелерін көрсетеді, басқа топтар «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

10 мин

Топпен жұмыс

Оқулық

«Тыңдайық және жауап берейік» айдарымен берілетін тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға, тыңдау арқылы мәтіннің мазмұнын түсінуіне көмектесетін аудиожазбасы бар тапсырма. Тапсырма бүкіл сыныппен және жеке жұмыс жасауға арналған. Оқушылар тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемді толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет