Сабақтың тақырыбы: «Дизайнер»



Дата12.12.2021
өлшемі92,82 Kb.
#99680
түріСабақ
Байланысты:
4 И. 44 сабақ


«Дизайнер»

Бөлім:

«Мәдени мұра»

Педагогтің аты-жөні:

Мәлікова Әмина

Күні:

03.12.2020

Сынып:

4 «И»

Сабақтың тақырыбы:

«Дизайнер»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

4.4.5.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы

бар сөздерді табу


Сабақтың мақсаты:



Лексикалық минимум:

Сәнгер, мата, сән үлгісі, сән үйі, тапсырыс

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі;

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

«Жаңа сөз үйрен» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі.

Сөздік жұмыс:Сәнгер, мата, сән үлгісі, сән үйі, тапсырыс

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:

4. Сөйлемдер құрастыру.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу



«Тыңда және жауап бер» айдарымен ұсынылған тапсырмада оқушылар мәтінді тыңдап, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою арқылы сөйлемді аяқтап жауап береді.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша етістіктің келер шақ формасын ажыратады.

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап береді.



«Жағымды көңіл- күй»

Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрып, бір- біріне жағымды тілек тілейді. Мысалы:

- Дария, мен саған қуаныш тілеймін!

- Рахмет, Андрей, мен саған бақыт тілеймін!

Берілген тапсырмада мәтінді алдымен тыңдап және оқиды. Диалогтан «не істеймін?» сұрағына жауап беретін сөзді тауып, келер шақты қолданыстық тұрғыда ажыратады. Мысалы, аламын, аралаймын, дайындаймын.


Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!»

Суреттер,

Оқулық,


презентация

Сабақтың ортасы

«Назар аударайық» айдары.

Берілген сөздерді оқы. Бұл сөздерді айтқанда қандай дыбысты қолданамыз? Жазғанда қай әріппен жазамыз? Сөздерді дұрыс айт.





Дескриптор

  • сөздің айтылуына байланысты әріпті анықтайды;

  • сөздерді дұрыс айтады;

сөздерді дұрыс жазады.


Ұсынылған тапсырмада мәтін мазмұны бойынша айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар қимылды білдіретін сөздерді оқиды.

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар дайын үлгілерді қолданып сөйлеуге жаттығады. Өз ойын айтып беруге үйренеді.

«Жазайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада оқушылар оқулықтағы үлгіге қарап, өзінің алдағы уақытта не істейтінін жоспарлап жазады

.





Оқулық, презентация

Сабақтың соңы

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Сабақты

меңгерсе, «Алма» ағашының алма-стикеріне, жақсы әсер алса,

«Бәйтерек» ағашының жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса,

«Тікенек» ағашының төртбұрыш-стикеріне жазып, кері байланыс

орнатады.










Стикер


















Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру

Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін

бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.



Бағалау критерийлері

  1. Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

  2. Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді табу

Дескриптор

  • Мәтінді тыңдап, тірек сөздерді белгілей алады.

  • Тыңдаған ақпаратындағы оқиғаны ретімен қоя біледі.

  • Сөздерді қатесіз жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет