«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар өз беттерінше мәтінді бір рет оқып шығады, содан кейін сұрақтардың
жауабын мәтіннен табады. Мәтінді меңгертуді тереңдету, жандандыру мақсатында оқушылар «Сәйкестендіру» тапсырмасын орындайды. Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдердің жалғасын табады. Оқушылар
сөйлемдердің жалғасын тауып болған соң, топтар тапсырмаларымен ауысады. Олар бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Оқушылар бір-бірін
«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушыларға суреттер береді. Оқушылар суреттерге қатысты сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырады.
«Жіпке жан бітіру»әдісі арқылы жіп сұқ саусаққа оратылып біткенше аңшылық туралы әңгімелейді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5сөйлем) баяндау, кері
байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау мақсатын жүзеге асырады.
Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.