Қазақ тілі пәнінен олимпиада тапсырмалары. 4-ші сынып. 1. Мына мақалдардың сол жақтағы бөлігіне оң жақ бағаннан жалғасын тауып 8 мақал жаз: 1. Білімдіге дүние жарық Ынтымақ ұйымнан
2. Жеті жұрттың тілін біл Ине ілікпейді
3. Туған жердің қадірін Кең жерде келіседі
4. Ынтымақ болмай Жеті түрлі білім біл
5. Еңбексіз іс бітпейді Тірлік болмас
6. Саусақ бірікпей Білімсіздің күні кәріп
7. Теңге тиыннан Шетте жүрсең білерсің
8. Тар жерде табысқан Еріншектің қолы жетпейді
2. Мына сөздерден түбір мен қосымшаларды тап: Аңшылардың, жастарымыз, мұрагерлік.
3. Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жаса: Көктем келді. Күн әлі жылынбай тұр.
Ауылда балабақша ашылды. Балалар бақшаға барды.
Күз келді. Күн суытты. Жапырақтар сарғайды.
4. Мына зат есімді тәуелде: мектеп. 5. Сөздерді жұптап, сөз тіркестерін құр: ашық түлкі адал киім
дені сау қоян тәтті адам
айлакер тағам жаңа табиғат
қорқақ күн ала ағаш
сұлу бұлт биік дос
6. Бес антонимді теріп жаз. Бұл сөздер қай сөз табына жатады? Түзу сұлу жаңа кең басы жауын
Алыс суық ыстық жас тар ескі
Қатты аяғы әдемі жұмсақ ірі қара
7. Сандар арқылы жасырынған сөздерді жаз. 10дық, 40тық, 7ген, 60бай, 5аспап, 6най, 1жан, 3кір, 5ік, 1лік, к2лбай
8. Фонетикалық талдау жаса: өнерпаз.
9. Қателерін түзетіп жаз: бопе, қыдық, ылгіш, бйдай, қойан, аншы, күрпе, ойнаватыр, қыстар, көпірдер.
10. Өтірік өлең ойлап шығар. Бағалау: дұрыс орындалған тапсырмаға – 3 ұпай. 4 сынып 1. Қарсы мәндес бар сөздерді ойлап жаз Батыр –
Ерте –
Пайда –
Жалқау –
Оңға –
Жоғарғы –
Ренжу –
Қызару –
2. Бірдей әріптен басталып және аяқталатын екі сөзді ойлап жаз. Сөздердегі әріптер саны әртүрлі болуы мүмкін. а...........................................а
е...........................................е
к...........................................к
у...........................................у
қ............................................қ
т............................................т
і..............................................і