Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет206/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Жау-жау, жаңбыр. (3-тоқсан, 5-тарау). 78-сабақ

Дағды

Тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің нұсқауымен анықтау
4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,... оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау

Тілдік міндеттер

Қолшатыр, гүлдеу, тамшы, көктеу, сағыну

Алдыңғы білім

Көктемгі өзгерістер

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға қолшатырдың, гүлдеп келе жатқан ағаштың, тамшының, бүршік жарып келе жатқан ағаштың суреттерін интерактивті тақтадан көрстеді. Мұғалім жаңа сөздерді суретпен көрсету арқылы меңгертеді. Оқушылар жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөзді меңгертуге
қажетті суреттер

Негізгі бөлім

«Көрсетейік және айтайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар сөйлемдерді суретпен салыстыру арқылы айтылым дағдыларын дамытады. Оқушылар салыстырғанда «иә», «жоқ» деп жауап береді. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Қысқа жауаптар сыныптағы білім деңгейі орта оқушыларды жұмыстандыру үшін өте қолайлы.

5 мин

Топтық жұмыс

Сурет

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар жұпта жұмыс істейді, яғни берілген сұрақтарды көршісімен талқылайды.

  1. Саған жаңбырлы күн ұнай ма? Неге?

  2. Жаңбырлы күні сыртқа шығасың ба?

  3. Жаңбырлы күнде көңіл күйің түсе ме?

Тапсырма оқушылардың сөйлесім әрекеттерін дамытуға бағытталған. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,...оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша...) салыстыра отырып бағалау мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Топтық жұмыс

Оқулық






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет