Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет202/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Халықтық болжам. (3-тоқсан, 5-тарау). 76-сабақ

Дағды

Айтылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.4.5.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау

Лексикалық минимум

Найзағай, шық, құрғақ, тышқан, ін, күркіреу

Алдыңғы білім

Менің білуімше

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға құстардың суретін

7 мин

Мұғалім-сынып

Құстардың

интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушыларға сабақтың тақырыбын

суреттері

болжатады. Оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім




оқушылардың болжам жауаптарын тыңдайды.




«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушылар «Кубизм» әдісі арқылы жаңа сөздерді меңгереді. Мұғалім оқушыларға сандар жазылған текшені лақтырады. Оқушылар санға сәйкес сөзді атау арқылы жаңа сөздерді жаттауға талпынады. Оқушылар жаңа сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркестерін құрастырады.
1. Торғай. 2. Көртышқан. 3. Қарға. 4. Шегіртке. 5. Найзағай.
6. Жұлдыз.

Сандар
жазылған текше

Негізгі

«Ойланайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға бірнеше сөздер

10 мин

Жеке жұмыс

Суреттер

мен

беріледі. Оқушылар сол сөздердің қарсы мәндерін жылдам тауып

мәліметтер




шығулары керек. Бұл тапсырма оқушылардың ойлау қабілеті мен сөздік

жазылған




қорын молайтуға бағытталған.

кесте







«Есте сақтайық» айдарында оқушылар салыстырмалы шырайдың
жұрнақтарының ережесімен танысады. Мұғалім оқушылардың ережені жақсы меңгеруі үшін бірнеше мысалдар келтіреді. Ережемен
таныстырады. Оқушылар ережені қолданыстық тұрғыдан меңгереді.

а) «Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәліметті оқып, соған сәйкес суретті табады.


«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға бірнеше сөздер
беріледі. Оқушылар сөздерге салыстырмалы шырай жұрнақтарын жалғап жазады. Тапсырма жазбаша түрде жеке орындалады.
ә) Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөйлемді аяқтайды. Бұл тапсырма салыстырмалы шырай жұрнақтарын бекітуге бағытталған.
Дала тышқаны көртышқанға қарағанда кішкентай ... .
Ай жұлдызға қарағанда жақын ... .
Жылқы сиырға қарағанда тез ... .
Найзағай дауылға қарағанда қорқынышты ... .
Қыстың күні жаздың күніне қарағанда қысқа ... .
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау мақсатын жүзеге асырады.

7 мин




Ереже




«Жазайық» айдарындағы тапсырмада суретке қарап, күн райы болжамын жазады.
Мысалы: Мысық айналаны тырналаса, күн боран немесе жаңбырлы болады. Ай шалқалап туса, күн райы мал-жанға жайсыздау болады, күн салқын болады.

10 мин








Егер сөз со- ңында

к, қ, ш, п, с

-тау/-теу

тіктеу, құрғақтау

а, ы, і, р, у, й

-лау/-леу

жұқалау, кішілеу

л, м, ң, з

-дау/-деу

тереңдеу, қалыңдау










































Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға суретке қарап болжау жазу тапсырмасы беріледі. Оқушылар суретке қарап, бірнеше болжамдар жазады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды. Үйге тапсырма ретінде оқулықтағы «Ізденейік» айдарындағы тапсырманы беруге болады. Оқушылар ғаламтордан халық болжамына байланысты 2 мысал табулары керек.
Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Сабақты меңгерсе, алмаағашының алма-стикеріне, жақсы әсер алса, бәйтеректің жапырақ- стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса, кактустің төртбұрыш-стикеріне жазып, кері байланыс орнатады.



алмаағаш бәйтерек кактус

6 мин

Жеке жұмыс

Мысықтың суреттері


Рефлексия:
«Сабақтан алған әсерім»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері
байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

  2. Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау

Дескрипторы
* Салыстырмалы шырай жұрнақтарын меңгереді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?

Сабақтың тақырыбы

Көктемгі өзгерістер. (3-тоқсан, 5-тарау). 77-сабақ

Дағды

Грамматика және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
4.5.1.3 Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің грамматикалық категорияларын ауызекі және жазба тілде қолдану
4.5.1.2 Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет