Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет200/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар өздерінің құрастырған ой карталарының таныстырылымын жасайды. Топтан екі оқушыдан шығып өз диаграммаларын таныстырады. Әр топ Нұр-Сұлтан қаласы туралы диаграммаларын қорғайды, қабырғаға іледі.
Оқушылар өз диаграммаларын қорғау үшін үлгіні басшылыққа алып таныстырады. Тапсырма оқушылардың сыни ойлауын, айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған.
Үлгі:
Біз ой картамызда Нұр-Сұлтан қаласының табиғатын сипаттадық. Біздің білуімізше, Нұр-Сұлтан... аймақта орналасқан.
Біздің ойымызша, Нұр-Сұлтан маңында ... өседі. Ғалымдардың айтуынша, бұл жерде ... бар.
Нұр-Сұлтанның жазы ... Нұр-Сұлтанның қысы ...
Болашақта Нұр-Сұлтанның ауа райы өзгереді деп ойлаймын. Өйткені ...
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

7 мин

Топтық жұмыс

Диаграмманы қорғауға арналған үлгі жазылған парақшалар

«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар Нұр-Сұлтан туралы жасаған диаграммаларын қалай мәтінге айналдыру керектігін, ауызша айтқан нәрселерді қалай жазу керектігі жайлы ойланады.
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар
оқыған/аудио/бейнематериалдардың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу мақсатын жүзеге асырады.

3 мин

Топтық жұмыс жұмыс







Оқушыларға Нұр-Сұлтан қаласы туралы мәтін бөліктері беріледі. Бұл тапсырма оқушылардың Нұр-Сұлтан туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Оқушылар осы тапсырманы орындау барысында «Пазл» әдісін қолданады. Оқушылар мәтін бөліктерін пазл ретінде жинап үйренеді. Мәтіннің әр бөлігін әр түсті пазл арқылы белгілеп көрсетуге болады. Оқушылар мәтінді ретімен бөліктері бойынша орналастырады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

6 мин




Нұр-Сұлтан қаласы туралы мәтін бөліктері






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет