Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет305/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар аңыз бен ертегінің аражігін айырып тұратын мағлұматтармен танысады. Өйткені көп жағдайда ертегі мен аңыз шатастырылып жатады. Оқушылардың материалды нақты түсінгендеріне мұғалім көз жеткізгісі келсе, көлемі үлкен емес өзге аңыз бен ертегіні мысал ретінде алып, тағы бір мәрте талдатуына
болады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып




«Сен, білесің бе?» айдары бойынша Үркер жұлдызы туралы, жалпы жұлдыздар туралы қызықты қосымша ақпараттар беру арқылы сан есімдер және жаңа сөздердің айтылуы мен мағынасын бекітеді.

7 мин

жұптық Жұпт.ж. Сынып

Тыңда- лым

Қорытынды бөлім

«Ойланайық» айдарында берілген мақалды көшіріп жазып, оқиды мағынасын түсінеді. Бұл ретте бұрынғы кезде компас сағат болмаған кезеңдерде ата-бабаларымыздың қырағылығы, зеректігі сонша, жұлдыздардың шығу уақытын бақылап, күннің орналасуы мен жылжу әрекетін бақылап уақытты ажырата алған, бағыт-бағдарды ажырата алған деген деректерді айта кеткен дұрыс.
Соңында арнайы білім қоржынын ұсыну арқылы оқушылар бүгінгі алған білімдерін қоржынға салу арқылы өз пікірлерін білдіреді және мұғалім сабақты түйінді пікірмен қорытады.

3 мин

Сынып-мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  • 4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама- қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

  • 4.3.5.1 *Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу

Дескриптор

  • Мәндес және қарсы мәндес сөздерді таба алады.

  • Қажетті ақпаратты өз бетімен таба біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпаратты алдым?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет