Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет304/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Өздері дайындаған сұрақтарын өз сыныптастарына қойып және олардың сұрақтарына жауап береді. Пікір алмасуды немесе сұрақ-жауапты да қызықты тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы екі шеңбер жасап тұрып сұрақ- жауаптарымен алмасады. Мұғалім жұптардың ауысуын сұрап белгі береді (шапалақпен немесе қызыл карточка көтереді). Аяқталғаннан кейін сыртқы шеңбер мұғалім «тоқта» дегенше солға қарай жылжиды. Осылайша жаңа жұп қалыптасады.
ҚБ. Әр оқушыда бағдаршамның үш түсіне сәйкес топшамалар болады. Мұғалім оқушылардан материалды түсінгендігі немесе түсінбегендігі туралы белгіні топшамалармен көрсетуін сұрайды, содан кейін оқушылардың сұрақтарға жауап беруін өтінеді.

5 мин

Мұғалім-сынып

Тыңда- лым Аудио- диск




«Сөйлесейік» айдарында берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ертегі, аңыз, әңгіме, өлеңдердің жанрлық ерекшеліктері мен айырмашылығы жайлы білімдері пысықталады. Оқушылар оқыған мәтінінің неліктен аңыз әңгімеге жататыны туралы сөйлейді. Дәлелдеме келтіреді. Бұл тапсырманың өзі оқушыларға қиын болса, мұғалім түрлі жанрлар туралы түсініктемелер жазылған жолақшаларды ортаға тастап, олардың ішінен өздерің оқыған мәтіннің жанрын анықтап беретін түсініктемелерді тауып беріңдер деген тапсырманы
алға тартуына болады.

3 мин

Мұғалім-сынып






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет