«Оқиық» айдарындағы «Өлеңді түсініп оқы» тапсырмасы Тоқаш Бердияровтың «Шегарашы» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсінуге бағытталған. Өлеңді алдымен мұғалім өзі мәнерлеп оқиды. Оқушылар мұқият тыңдайды. Мұғалімнен кейін оқушылар да өлеңді тізбектеп
оқиды.
3-5 мин
Мұғалім- сынып
Оқулық
«Оқиық және жауап берейік» айдарында оқушылар «Сәйкестендір» әдісі бойынша өлең жолдарын сөйлемдермен сәйкестендіреді. Бұл
тапсырманы орындағанда оқушылар өлеңнің мазмұнын ғана түсініп қоймай, сәйкестендіруді үйренеді.
Сөйлемдерді оқы. Оларға сай келетін өлең жолдарын тап.
Ол шегараны қорғайды, қауіпті адамдарды өткізбейді.
Өскен соң шегарашы ағаларға көмектесемін.
Әскер елдің тыныштығын сақтап тұр.
Шегарадағы ағаларға хат жаз, олар қуанып қалады.
3 мин
Оқушы-оқушы
Оқулық
«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс
істейді. Оқушылар оқулықтағы суреттерді пайдалана отырып сұрақтарға жауап береді. Шегарашының не істейтінін өз сөздерімен айтып бере алады.
5 мин
Жұптық жұмыс
Оқулық
Қорытынды бөлім
Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында мұғалім оқушыларға «Жаз» тапсырмасын орындауға тапсырма береді. Оқушылар өлеңді, оқулықтағы суреттерді, тірек сөздерді пайдалана отырып «Шегарашы» тақырыбы бойынша сөйлемдер құрап жазады. Тірек сөздер: кең дала, шегарашы, қорғап тұр, хат жолдау, көмектесу.
Рефлексия:«Бес саусақ»әдісі Үйге тапсырма ретінде «Шегарашы» өлеңін жаттауға беруге болады.
3 мин
Сынып-мұғалім
Рефлексия:
«Бес саусақ»
Оқушылардыңтақырыптымеңгерудеңгейінтексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін жұмысын жандандыру мақсатында кері
байланыс орнатудың маңызы зор.
Бағалау
Бағалау критерийлері
4.5.1.2 Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
4.3.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?