Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет67/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы тапсырма оқушылардың сөздік қорын байытуға арналған. Мұғалім оқушыларға «уәде беру», «жауапты», «құрмет» туралы түсінік береді. Осы сөздердің баланың бойындағы қалыптасатын мінезге қандай қатысы бар екенін шынайы өмірмен байланыстыра отырып түсіндіреді. Мысалы: Адам біреуге уәде беретін болса, уәдесінде тұруы керек. Уәдесінде тұратын адам – жауапты адам. Біз жасы үлкен кісілерге әрқашан құрмет көрсетуіміз керек.

5 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөздер

«Оқиық» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар ертегінің жалғасын оқиды. Өз болжамымен салыстырады. Сабақтың басында жасаған болжамдарының дұрыстығына көз жеткізеді. Мәтінді мұғалімнің жетелеуімен бірлесіп оқиды.










«Оқиық және жауап берейік» тапсырмасында оқушылар сұрақтарға жауап береді. Ертегі мазмұнын қаншалықты игере алғандығын мұғалім осы тұста тексере алады.

8 мин







«Ойланайық» тапсырмасы оқушылардың ойлануына бағытталған. Оқушылар ертегіні оқып болған соң, оқулықтағы
«сөздерді дұрыс қос» деген тапсырманы орындайды.. Сөздерді дұрыс сәйкестендіру арқылы оқушының сөздерді орынды қолдана білуі, мағынасына қарай қолдануы, сөз бен сөзді дұрыс
байланыстыра білу дағдысы дамиды.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар




«Есте сақтайық!» тапсырмасы грамматиканы қолданыстық тұрғыда игеруге көмектеседі. Оқушыларға бұйрық райдың 1,2,3 жақтары ұсынылып, қолданыстық тұрғыда үйретіледі. Мұғалім мысал келтіру арқылы бұйрық райдың жұрнақтарын меңгертеді. Оқыған ертегіден табады. Рөлдік ойын кезінде орынды, дұрыс
қолдануға үйретеді..

2 мин

Жеке жұмыс

Бұйрық райдың жұрнақтары
жазылған ереже






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет