Қорытынды бөлім
|
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға етістіктер және жіктеу есімдіктері беріледі. Әрқайсысы жеке парақтарға жазылып беріледі. Мұғалім оқушыларға сөздерді орын тәртібін сақтай отырып және бұйрық райдың жұрнақтарын дұрыс жалғауға нұсқау береді. Әр топқа А3 парағы түрлі түсті қағаз қиындысына жазылған жіктеу есімдіктері, етістіктер және бұйрық райдың жұрнақтары үлестіріледі. Әр топ өзіне берілген сөздерді дұрыс орналастырып, А3 парағына желіммен жапсыруы керек. Әр топ өзінің жазған сөйлемдерін оқып, қорғайды. Мұғалім оқушыларды «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Үлгі:
-айын мен бар дүкенге
тазала -сын олар бақшаны пісір -іңіздер бәліш сіздер
Рефлексия: «Мейірімді оқушы». Оқушылар мейірімді оқушының сұлбасына мейірімді оқушының бойына қажетті қасиеттерді жазып жапсырады. Оқушыларға мұғалім сұрақ қояды: «Балалар, сендер ертегінің мазмұнына сәйкес қандай жақсы сөздерді үйрендіңдер?» (Жауапты болу, құрмет, уәде,
мейірімді, көмек беруші т.б.)
|
3 мин
|
Сынып-мұғалім
|
Сөйлем құруға арналған сөздер
жазылған түрлі түсті қима қағаздар, желім
Мейірімді оқушы- ның сұлбасы
|