Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет71/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Жаңа сөз үйренейік» – оқушылар азаматтың уәдесінде тұратын, ақылды, жомарт, адам екені туралы айтады.













«Тыңдайық және жауап берейік» айдарындағы тапсырма оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергендігін көрсетеді. Оқушылар диалог бойынша Нұрбектің қандай бала екендігін сипаттап айтады. Нұрбекке жазылған хатты оқиды және толықтырады. Бұл тапсырманы оқу арқылы оқушылардың әдепті баланың бойында болатын қасиеттері туралы түсініктері кеңейеді, сөздік қорлары молаяды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Есте сақтайық!» тапсырмасы оқушылардың болымсыз етістікті меңгеруіне бағытталған. Оқушыларға болымсыз етістіктің жұрнақтары мысалдар арқылы меңгертіледі.
«Болымсыз етістік сөзін мұғалім үшін жазып отырмыз, оқушы
үшін бұл термин қолданылмайды.

3 мин

Мұғалім- сынып

Болымсыз етістік жұрнақтары
жазылған плакат




«Назар аударайық» тапсырмасы болымсыз етістіктің жұрнақтарын қолданыстық тұрғыда игерту үшін берілген. Оқушыларға бірнеше сөйлемдер беріледі. Оқушылар болымсыз етістік жұрнақтарын жалғау арқылы сөйлемдерді өзгертіп айтулары керек. Әр топқа әртүрлі сөйлем ұсынылуы керек. Мұғалім бірін-бірі бағалауды немесе өзі тыңдап, оқушының
білімді игеру дәрежесін бағамдайды.

5 мин

Жеке жұмыс

Оқулық






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет