Пән: қазақ тілі
Сынып: 5
Бөлім:
Менің тәуелсіз Қазақстаным
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
5. (А6) -тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды
сипаттау.
5.2.5.1 (А5)-берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
|
Сабақ мақсаты:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Тірек сөздер арқылы Астана туралы айтады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойын толық жеткізе алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
|
Құндылықтарды игерту:
|
Ұлт бірлігі
|
Пәнаралық байланыс:
|
Қазақстан тарихы, география, ағылшын, орыс тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
|
Интерактивті тақта, слайд.
|
Бағалау критерийлері:
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Дескрипторлар:
|
Мәтін мазмұнын айта алады;
Диалог арқылы ойын жеткізе алады.
Сын есім туралы ережелерді біледі.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Дамыған, қарыштап даму, ешкімге тәуелді емес, жеке мемлекет
|
Алдыңғы оқу
|
Тәуелсіздік символы-ұлттық теңге
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
7 мин
|
Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Топқа бөлемін: «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, оқулықтағы үш таңдаған суреттерінің бірін алып, Астанаға саяхат жолында өз таңдаған көліктерінің суреттерімен бөлініп отырады.
«Сақина салмақ ойыны»
Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан Тәуелсіз Қазақстаның Астанасы туралы деректі фильмді көрсетеді, сұрақтар қояды: (әр топтан бір оқушы жауап береді).
Сұрақтар
- Балалар, Отан дегеніміз не?
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Ол қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Мемлекеттік тіл қай тіл?
- Рәміздерді ата.
- Отанымыздың бас қаласы қай қала?
- Астана қаласында кім болды? Сендерге ұнады ма?
-Астана қаңдай қала екен?
-Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Жаңа тақырып, оқу мақсаттары, жетістік критерийлерімен таныстыру.
|
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
Миға шабуыл
Сөздікпен жұмыс.
А) Жаңа сөздермен таныстыру.
Мәтінмен жұмыс.
Тыңдалым. Оқылым.
3- тапсырма. Мәтінді тыңда, оқы. Түсінгеніңді айт.
Астана Қазақстан Республикасының елордасы. Ол Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып өтеді. Астана бұрын «Ақмола»деп аталған. Кеңес үкіметі кезінде қала «Целиноград» деген атауға ие болған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола ресми түрде Қазақстанның астанасы болып жариаланды. 1998 жылы 6 мамырда Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атау туралы жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. 2006 жылдан бастап «Астана күні» 6 шілдеге ауысты.Жыл сайын осы күні «Астана күнін» тойлаймыз.
Астана - жас , сұлу қала. Астана қаласының бас символы –«Бәйтерек» монументі. Оның биіктігі-97 метр. «Бәйтерек» монументі –Есілдің сол жағындағы алғашқы сәулет туындысы. Астанада саябақтар, жаңа ғимараттар, бар. 2001 жылы 8 қыркүйекте «Қазақстан картасы -Атамекен» тарихи –этнографиялық кешені ашылды. Саябақта Қазақстанның қалалары мен тарихи ескерткіштер көрсетілген.
1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.
1 -тапсырма.
Сандар сөйлейді. Кестені толтыру.
1997 ж 10 желтоқсан
|
|
1998 жылы 06 мамыр
|
|
1998 жылы 10 маусым
|
|
2006 жылы 06 шілде
|
|
97 метр
|
|
2001 жылы 08 қыркүйек
|
| |