- І топ
- 1. “Сөзжасам” дегеніміз не?
- 2. Жаңа сөздер қалай жасалады?
- 3. Жаңа сөз тудырудың қандай тәсілдері бар?
-
- ІІ топ
- 1. Сөз тұлғасы деген ұғымға қандай бөлшектер кіреді?
- 2. Түбір дегеніміз не?
- 3. Қосымша нешеге бөлінеді?
ІІІ топ - ІІІ топ
- 1. Сөздер құрамы жағынан қалай бөлінеді?
- 2. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай неше түрге бөлінеді?
- 3. Қандай сөздер біріккен сөздер деп аталады?
- Біріккен сөз неше түрлі болады?
ОЙ ҚОЗҒАУ : - ОЙ ҚОЗҒАУ :
- Географиялық атау –
- Күнделікті тұрмысқа байланысты –
- Өлең атауы –
- Ән атауы –
- Қоғамдық өмірге байланысты атау-
- Кісі атауы –
ҚЫЗЫЛОРДА - ҚЫЗЫЛОРДА
- ОТАҒАСЫ
- СЕГІЗАЯҚ
- САРЫЖАЙЛАУ
- ӨНЕРКӘСІП
- ЗАТТЫБЕК
-
- Сабақтың мақсаты:
- Қос сөздердің жасалу жолдарымен және олардың түрлерімен танысу. Ауызекі сөйлеу кезінде қос сөздердің түрлерін дұрыс қолдана білуге үйрену.
- Жаттығу жұмыстарын жасау.
Қазанның он тоғызы. - Қазанның он тоғызы.
- Сынып жұмысы.
- Қос сөздер және олардың түрлері.
Жұмбақ жасыру - Жұмбақ жасыру
- Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық.
Қабат – қабат қаттама, - Қабат – қабат қаттама,
- Ақылың болса аттама.
- Аяғы біреу, қолы жоқ,
- Шиыр – шиыр жолы көп.
- Өзі сөйлей білмейді.
- Салған ізі сөйлейді.
- Жылмаң – жылмаң етеді,
- Жылмаңдап сайдан өтеді.
- Із – міз тастап кетеді.
Үлкен – үлкен түйені, - Үлкен – үлкен түйені,
- Тастапты адам шөгеріп.
- Өркеші бұлтқа тиеді,
- Бауыры жатыр көгеріп.
- Өзі жап – жас, мұрты бар,
- Ет пен сүтке ұмтылар.
- Тастамайды жылы үйде
- Түкті тоны шұп – шұбар.
- Күмбір – күмбір қарағым,
- Қартайғанша жарадың.
- Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
- Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
- Адамзат, жан – жануар арасында
- Мәңгілік өсіп - өніп өмір сүрген
- Шыр – шыр етеді,
- Құлағыңнан өтеді.
- Ұстай алсаң,
- Сөйлеп кетеді.
ҚОС СӨЗДЕР: - ҚОС СӨЗДЕР:
- қабат – қабат, шиыр – шиыр, жылмаң – жылмаң, із – міз, үлкен – үлкен, жап – жас, шұп – шұбар, күмбір – күмбір, жан – жануар,
- өсіп - өніп, шыр – шыр.
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөздер деп атаймыз. - Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөздер деп атаймыз.
- М ы с а л ы:
- Жан – жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі (Абай).
Қос сөздер екі түрлі - Қос сөздер екі түрлі
- болады:
- қайталама қос сөздер
- қосарлама қос сөздер
Бір түбірдің екі рет қайталануынан - Бір түбірдің екі рет қайталануынан
- жасалған қос сөздер
- қайталама қос сөздер деп аталады.
М ы с а л ы: - М ы с а л ы:
- Тау – тау астық, көре – көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, үйдей- үйдей боп жатыр т.б.
- Көзбе – көз айтты, ауыл – ауылды аралады, өз - өзінен қысылды, жүзбе – жүз көрісті т.б.
- Өзді - өзіне айтты, қолды – қолымен кетті, ерні – ерніне жұқпады, айтып – айтпай не керек, орынды – орынсыз күлме, барар – бармасымды Құртқа біледі.
- 4.
Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді - Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді
- қосарлама қос сөз дейді
М ы с а л ы: - М ы с а л ы:
- аяқ – табақ, құрт – құмырсқа, құрбы – құрдас, әке – шеше, кәрі - жас, үлкен – кіші, ұзынды - қысқалы, қысы – жазы.
- бала – шаға, жүн – жұрқа, көйлек – көншек т.б.
- ығы – жығы, оқта - текте, некен – саяқ т.б.
- үгіт – насихат, оқу – ағарту, саяси – экономикалық, қоғамдық – саяси, саяси – көпшілік, оқу - әдістемелік, қазақша – орысша, мәдени – ағарту.
Қос сөздердің қайталама түрі де, қосарлама түрі де әрқашан дефис арқылы жазылады. - Қос сөздердің қайталама түрі де, қосарлама түрі де әрқашан дефис арқылы жазылады.
- Қосымша сөйлем ішінде негізінен қос сөздің екінші сыңарына жалғанады.
- Мысалы:
- барар – бармасымды, келер – келмесімді Тәу. жалғ. І жағы (-ым) мен табыс септік жалғауы (-ды).
І топ - І топ
- 90 – жаттығу.
- ІІ топ
- 91 – жаттығу.
- ІІІ топ
- 95 – жаттығу.
-
Бекіту: - Бекіту:
- Қос сөз дегеніміз не?
- Қос сөздер нешеге бөлінеді?
- Қандай сөздерді қосарлама қос сөздер дейміз?
- Қандай сөздерді қайталама қос сөздер дейміз?
- Қос сөздердің екі түрі де қалай жазылады?
- Қос сөздерге қосымша қалай жалғанады?
Қап - қара, - Қап - қара,
- Тентек бала,
- Жүрісі жаман,
- Ісі шала,
- Киімі алба – жұлба,
- Бет – аузы жара – жара.
- Қарның ашты ма ?
- Түсіп қалсаң қайтесің,
- Аттың астына?
-
Үйге: - Үйге:
- 93,94,95 жаттығулар, ереже оқу, жаттау.
- Өздік жұмысы дәптеріне:
- 96,97,98,99 жаттығулар.
- Ет – мет, шай – пай, түйе – мүйе, ат – мат т.б.
- Тарс – тұрс дыбыс шықты, жалт – жұлт етті, найзағай жарқ – жұрқ етті т.б
- Үп – үлкен, қып – қызыл т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |