Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша олқылықтардың жоспарға сәйкес жүргізілу анықтама



Дата11.04.2023
өлшемі20,34 Kb.
#174228
Байланысты:
аза тілі ж не аза дебиеті п ндері бойынша ол ылы тарды жос
Өтініш қаз, Саба та ырыбы Шерхан М ртаза «Ай мен Айша» романы Саба ма сат, 1 Күй аңызы пікір ҚМЖ, Презентация на тему ата-аналар жиналысы

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша олқылықтардың жоспарға сәйкес жүргізілу
АНЫҚТАМА

2021-2022 оқу жылының ерекшеліктерінің- білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыс жүргізу және бұл жұмысты кезең-кезеңмен өткізілді.


I-кезең. Диагностикалық жұмыс
(І тоқсанның бірінші аптасы)
1. Кешенді диагностикалық жұмысты жүргізу.
2.Кешенді диагностикалық жұмыстың қорытындысы бойынша: - шектеу шаралары кезеңінде білім алушылардың білімінде олқылықтар бар оқыту мақсаттарын (тақырыптарын) анықтау; - анықталған оқыту мақсаттарынан қайсысы жаңа оқу жылында пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетінін, қайсысы сәйкес келмейтінін анықтау.
2021-2022 оқу жылының басында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен білім алушылардың білімін бақылау мақсатында қыркүйек айының 1-ші аптасында барлық пәндер бойынша кіріспе бақылауы алынды. Аталған жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми- әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылған (2021 жылғы 13 мамырдағы № 5 хаттама) «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты негізгі ала отырып жасалынған.
Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспары әзірленді. Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп, оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына мониторинг жасалынды. Кіріспе бақылау нәтижесінде білім алушылардың өткен оқу жылының оқу бағдарламасындағы қиындық туғызған оқу мақсаттары анықталып, білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімі алынды. Анықталған оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің пән бойынша жеке жұмыс жоспары бар , консультация кестесі жасалынған.
Пән мұғалімдеріне білім алушылардың сенбілік, жексенбілік сабақтарын кестеге сәйкес ұйымдастыру ұсынылды. Мұнда білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін ғана емес, сонымен қатар олардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін де мақсатты жұмыс жүргізіледі. Кеңес беру арқылы білім алушылардың әр түрлі (топтық, жеке) жұмыс түрлерін біріктіреді.
Қосымша сабақтарға дайындықты мұғалімдер де, білім алушылар да бірлесе жүзеге асырады. Пән мұғалімі оқылатын материалдың мазмұнын логикалық-дидактикалық талдаумен бірге қиындықтарды, кемшіліктерді, білім алушылардың ауызша жауаптарындағы қателіктерін және оқылатын тілдегі жазбаша жұмыстарды жүйелейді. Осы негізде ол қосымша сабақ кезінде қайта оқытылуы мүмкін тақырыптардың тізімін нақтыланып отыр. Білім алушылар өз кезегінде қосымша сабақтарға дайындалуда, оның шарттары алдынала өзара келісілген.
Ұсыныс:

  1. Кіріспе бақылау нәтижесінде анықталған білімінде олқылықтары бар оқушылардың білім сапасы 1-тоқсанның сапа көрсеткішімен салыстырылып, мониторинг жасалсын;

  2. Білім алушылардың сенбілік, жексенбілік сабақтары кестеге сәйкес ұйымдастырылсын;

  3. Білімінде олқылықтары бар оқушылармен жұмыс тиісті деңгейде, жоспарға сәйкес жүргізілсін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет