«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы «Бекiтемін»


Сөзжасамдық талдаудың синтаксистік талдаудан өзгешелігі



бет15/45
Дата08.11.2023
өлшемі163,07 Kb.
#190447
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
УМК сөзжасам
Фонетикалық ере-WPS Office
Сөзжасамдық талдаудың синтаксистік талдаудан өзгешелігі


Әдебиеттер:



  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.

  3. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

  4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.

  5. Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.

  6. Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.

8-9 лекция. Тақырыбы: Сөз таптарының сөзжасамы. Зат есімнің сөзжасамы
Жоспар

  1. Есім сөздердің сөзжасамы

  2. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы

  3. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының көлемі

  4. Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы


Есім сөздер - өзінің құрамын үнемі толықтырып отыратын сөз таптары. Олардың ішінде зат есім мен сын есімнің сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті, сондықган тілде зат есім, сын есімдердің туынды сөздері өте көп. Бірақ сан есім де - туынды сөздерге өте бай сөз табы, он бір санынан бастап, миллион, миллиардқа дейінгі күрделі сан атаулары-сан есімнің туынды сөзге байлығына дәлел. Әрине, үстеудің сөзжасамы туралы бұл пікірді айтуға болмайды, үстеу - туынды сөзге кедей сөз табы.
Бұл есім сөздердің бәрінің де өзіндік сөзжасамы барын білдіреді, сонымен бірге олардың сөзжасамдық кабілетінің түрлілігін де білдіреді. Ол түрлілік әр сөз табының сөзжасамында сөзжасамдық тәсілдердің түрлі қызмет атқаруына, сөзжасамдық бірліктердің түрлілігіне, олардың құрамына, мағынасына, шындық өмірмен байланысына т.б. осы сияқты түрлі себептерге байланысты.
Осы жағдай әр сөз табының сөзжасамын карауды талап етеді, өйткені әр сөз табының сөзжасамының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, зат есім сөзжасамында сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етсе, сан есімде негізінен аналитикалық тәсіл қызмет етеді. Зат есім өз құрамын үнемі туынды сөздермен толықтырып отыратын сөз табы болса, сан есім өз құрамын туынды сөздермен толықтыруды тоқтатқан сөз табы. Зат есім мен сын есім сөзжасамы өте өнімді. құнарлы болса, үстеу сөзжасамында өнімділік, құнарлылық байқалмайды.
Зат есім - сөзжасамы өте күрделі сөз табы. Оның түрлі себептері бар. Зат есімде сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етеді және бәрі де белсенді қызмет атқарады. Ал ол туынды зат есімдердей құрамының алуан түрлі болуына әсер етеді. Туынды зат есімдердің құрамының түрлілігі олардың түрлі топ құрауына әкеледі. ТуындыІ зат есімдердің әр түрінің өзіндік ерекшелігі бар.
Зат есімнің сөзжасамдык бірліктері де алуан түрлі, солардың ішінде зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары ерекше көзге түседі. Зат есім сөзжасамдық жұрнақтарға өте бай, олардың мағынасы мен құрамында да үлкен ерекшелік бар.
Зат есім сөзжасамы тілдің даму тарихында үнемі кызмет етіп келе жатыр, ол жұмыс ешқашан толастамайды, ол қазір де қызмет етуде. Әрине, ол бірде бәсең, бірде белсенді болуы мүмкін, бірақ ол тоқтамайды. Өйткені туынды зат есімдер өмірдегі жаңалықтармен байланысты. Өмірде пайда болған жаңа заттар, ұғымдар, құбылыстарды атау қажеттігі туынды зат есімдерді туғызады. Ал өмірдің жаңалықсыз болуы мүмкін емес. Сондықгтан туынды зат есімдердің жасалуы үнемі жалғаса береді.
Туынды зат есім сөздерге тіліміз өте бай. Туынды зат есім сөздердің тілден мол орын алатыны зат есімнің шындық өмірге байланыстылығын былай қойғанда, зат есімнің сөзжасамдық ішкі мүмкіншіліктерінің молдығына, күрделігіне байланысты. Зат есім сөзжасамында тілдегі сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі белсенді қызмет атқарады. Бүл барлық сөз таптарының сөзжасамына тән құбылыс емес. Зат есімнің сөзжасамында барлық тәсілдердің белсенді қызмет атқаруы туынды зат есім сөздердің молдығына әсері бары сөзсіз. Сондықтан туынды зат есімдердің ішінде туынды сөздердің барлық түрлері бар. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлер, аналитикалық тәсіл арқылы жасалган күрделі сөздердің барлық түрі, лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туындылар тілде баршылық.
Туынды зат есім сөздердің түрлі тәсілдер арқылы жасалуына байланысты туынды зат есім сөздердің құрамы да алуан түрлі. Туынды зат есім сөздердің құрамында сөзжасамдық жұрнақтар, түбір сөздердің барлық түрі, түрлі қарым-катыста кездесе береді. Туынды зат есімдердің жасалуында негіз сөз қызметін зат есім сөздермен бірге басқа сөз таптары да атқара береді. Яғни зат есім сөзжасамы сан есім сөзжасамы сияқты өз ішінде ғана тұйыкталмайды, ол басқа сөз таптарының сөздерін зат есімге айналдырып, өз кұрамын басқа сөз таптарының сөздерінің негізінде де толықтырып отырады. Бұл үрдіске, әсіресе, сын есім сөздер мен етістіктер белсенді қатысады.
Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуына сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалу жатады. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары деп алуан түрлі сөздерден туынды түбір зат атауын жасайтын жұрнақтар аталады. Мысалы, тыңшы, қызметкер, арбакеш, сыпырғыш, қуаныш, елеуіш, жақсылык,
үлкендік, ондық, жүздік т.б. Мұндай жұрнақтар зат есімнен (тың қызмет, арба) туынды зат есім жасаған, етістіктен (сыпыр, қуан, еле) туынды зат есім, сын есімнен (жақсы, үлкен) туынды зат есім сан есімнен (он, жүз) туынды түбір зат есім жасаған. Бұл туынды түбір зат есім сөздер жұрнақ арқылы жасалғандықтан олар синтетикалык тәсіл арқылы жасалған туынды зат есім сөздер болып саналады. Ал олардың негіз сөздері есім сөздер және етістіктерден болып тұр. Осымен байланысты жұрнақтар есім сөздерден зат есім жасайтын жұрнақтар және етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар болып бөлінеді. Туынды түбір зат есімдердің жасалуына зат есім, сын есім, сан есім, етістік сөздер негіз болады. Осы сөз таптарының сөздерінің негіз болуы арқылы жасалған туынды тубір зат есім сөздер туынды тұбір сөздер болып саналады.
Туынды түбір зат есім сөздерді жасайтын тілде 110 шамалы жұрнақ бар. Олар құрамы, мағынасы, кызметі жағынан алуан түрлі.
Жалаң жұрнақтар деп құрамы бөлшектеуге келмейтін жұрнақтар аталады. Мысалы, -шы, -ші, -кер, -гер, тыр, -тір, -ыр, -ес, -ық, -ша, -сын сияқты т.б. жұрнақтар бір морфемадан тұрады, сондықтан олардың құрамы бөлінбейді. Туынды зат есім атаулар жасайтын мұндай жұрнақтар зат есім сөзжасамында негізгі орын алады. Олар арқылы көптеген туынды түбір зат есім сөздер жасалған. Мысалы, орындық, қаламгер, мұздақ, арбакеш, суат, шатқал, келіншек, түбір, сусын, діңгек, құлқын, жеңгетай, ойыншық, тілмар, қырқа, ойпат, төскей, мындық, бестік, төрткіл, қуырдақ, өсім, бөген, толқын, киіт, терме, бұрғы, қоныс, орақ, гуіл.
Құранды жұрнақтар деп құрамы ең кемі екі морфемадан тұратын жұрнақтар аталады. Мысалы, -шылық, -шілік, -қыншақ, -ынды, -палық, -малық, -мшы, -нда жұрнақтарының құрамы екі морфемадан тұрады ягғни олар бұрын екі жұрнақ болған. Кейін тілдің дамуында олар кірігіп, бірінсіз бірі қолданылмайтын дәрежеге жеткен. Мысалы, адамшылық деген туынды адам негізі және -шылық жұрнағы арқылы жасалған, өйткені тілде адамшы деген сөз жоқ. Сондықтан мұндай қолданыста ол құранды жұрнақ болады. Ал егіншілік деген туынды егінші деген сөзден жасалған, сондықтан мұнда —ші және —лік деген жалаң жұрнақтар қолданылған.
Туынды зат есім жасайтын жұрнақтардың мағыналық құрамы да әртүрлі. Бірсыпыра жұрнақтар түрлі мағыналы туынды зат атауларын жасайды. Мәселен, -лық, -лік, -дық, -тік, -тық, -тік жұрнағы түрлі сөз табының түбірлерінен түрлі мағыналы туынды түбір зат есім сөздер жасайды. Ол тек зат есім сөздердің өзінен түрлі мағыналы туынды сөздер жасайды. Мысалы, молдалық, шабындық, патшалық, қалыңдық, жиендік, апталық, қолтық, қастық, оттық сияқты туынды түбірлердің мағыналары әртүрлі. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының ішінде мұндай көп мағыналы жұрнақтар бірсыпыра: -ым, ім, м; -дақ, -тақ -шық, -мыс, -міс; -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе; -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек; -ық, -ік, -қ, -к, -ақ, -ек. -ым, -ім жұрнағы математикалық херминді білдіреді: бөлім, алым; заттық ұғымды білдіреді: білім, өлім, өсім, өнім, тыйым; мөлшер мәнді білдіреді: шақырым, тұтам; тамаққа катысты ұғымды білдіреді: жем; тілдік термин жасайды: сөйлем; мекен мәнді білдіреді: жайылым, бөлім; дерексіз заттық үғымды білдіреді: мейірім, қайырым.
Осымен байланысты зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары өнімді және өнімсіз жұрнақ болып бөлінеді.
Өнімді жұрнақтар деп тілге талай туынды зат атауын берген, қазір де сөзжасамдық қызметін жоғалтпаған жұрнақтар аталады. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының басым көпшілігі өнімді жұрнақтарға жатады. Олардан мыналарды атауға болады: -лық, -лік: шоқтық, ауыздық, төстік т.б. -шы, -ші: диқаншы, аспазшы, суретші, оқушы т.б. -шылық, -шілік: бейбітшілік, әкімшілік, шаруашылық т.б. -шық, -шік: бүршік, қылшық, кіршік, ойыншық, талшық т.б. -ым, -ім: бөлім, білім, өлім, өнім, өсім, мейірім т.б. -хана: шайхана, асхана, емхана, перзентхана, дәріхана т.б. -гер, -кер: жауынгер, құныкер, жүлдегер, айыпкер, бапкер т.б. -ын, -ан: боран, бөген, толқын, ағын, жиын, түйін т.б. -у: тұсау, сайлау, қыстау, сүрау, жоқтау, тіреу, нұсқау т.б. -ма, -ме: кіріспе, көшірме, басқарма, жүктеме, тапсырма т.б. -ғыш, -гіш: өшіргіш, тыңайтқыш, ескерткіш, отырғыш т.б. -ғы, -гі: бүрғы, ашытқы, шалғы, қондырғы, күлкі, соққы т.б. -ыс, -іс: батыс, шығыс, егіс, алғыс, жыртыс, жеңіс т.б. -ық, -ік: бұйрық, жинақ, жасақ, жатақ, күрек, төсек т.б. -ынды, -інді: қорытынды, үйінді, ерітінді т.б. -ыш, -іш: желпуіш, өлшеуіш, қозғауыш, кдбылдауыш т.б.
Өнімді жұрнақтардың ішіндегі ең өнімділері берілді, оларды түгел беру мүмкін емес.
Өнімсіз жүрнақтар да бірсыпыра, олардың біразы ғана келтіріледі.
-гек: діңгек; -деу: белдеу; -шын: кұлақшын; -кір: түпкір;
-арт: мұзарт; -қат: жарақат; -пек: пішпек; -лғы: жоралғы. Аталған өнімді жұрнақтар мен өнімсіз жұрнақ арасындағы онға дейін туынды түбір зат есім сөз жасаған, оннан жоғары туынды түбір зат есім сөз жасаған жұрнақтар да бар. Туынды зат атауларын жасауға жұрнақпен қатар негіз сөз де қатысады. Туынды зат атауларына түрлі сөз табының сөздері негіз болады, олар: зат есім, сын есім, сан есім, еліктеуіш сөздер, етістік. Олардың жұрнақтарында да айырма бар. Ол айырма есім сөздер мен етістік арасындағы жұрнақтарда анық байкалады. Сондықтан оларды бөліп қарастырған дұрыс. Олар: 1) есім сөздерден зат атауын жасайтын жұрнақтар; 2) етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтар.
Есім сөздерден туынды зат есім сөздер жасайтын жұрнақтар аз емес, олардың жалпы саны жетпіс бестей болып қалады. Олардың мағынасында екі түрлі үлкен ерекшелік бар. Бір топ жұрнақтар есім сөздің лексикалық мағынасын өзгертеді, енді біреуі сөздің лексикалық мағынасын сақтап, оған түрлі үстеме мағына қосады.
Осымен байланысты есім сөздерден туынды зат есім сөздер жасайтын жұрнақтар сөз мағынасын өзгертетін жүрнақтар және сөз мағынасын түрлендіретін жұрнақтар болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет