Сөзжасамдық тарам
Сөзжасамдық тарам термині словообразовательная парадигма мәнінде қодданылды. Осы термин орыс тіл білімінде де кейінгі кезде қолданыла бастады. Бұрын тарам термині морфологияда ұзақ уақыт қолданылғаны белгілі, мысалы септік тарамы (парадигмасы), жіктік тарамы (парадигмасы) сияқты қолданыс ғылымда әбден таралған, таныс ұғымға айналған. Бұл термин барлық тіл біліміндік сөздіктердің бәрінде сөз түрлендіру жүйесі мәнінде түсіндірілген.
Соңғы кезде сөзжасамдық тарам (словообразовательная парадигма) термині қолданыла бастады. Морфологиялық тарамда да бір сөз түрлі сөз түрлендіруші қосымшалар арқылы түрленеді. Сөзжасамда да бір сөзден бірнеше түрлі сөз жасалады. Морфологиялық тарамдар жиі қолданылады. сөзжасамдық тарамдар әлдеқайда сирегірек қолданылады және сөзжасамдық тарамдағы создердің лексикалық мағынасында айырма болса, морфологиялық тарамдағы сөздердің лексикалық мағынасында айырма болмайды да, айырма тек грамматикалық мағынада болады. Мысалы, үй—>үйге, үйді, үйден, үйдің деген септіктегі үй сөзінің түрлену тарамын алсақ, олардың бәрінде үй деген лексикалық мағынада өзгеріс жоқ, тек оның түрлі тұлғаларына түрлі грамматикалық мағына қосылған. Демек морфологиялық тарам - бір сөздің белгілі жүйе бойынша грамматикалық тұлғаларға түрленуі. Сондықтан морфологиялық тарамда бір лексикалық мағынаның үстіне түрлі грамматикалық мағына ғана қосылады.
Ал сөзжасамдық тарамның құрамында түрлі лексикалық мағыналы туынды сездер ғана орналасады, бірақ олар - бір сөзден жасалған туынды сөздер. Мысалға, күй етістігінен жасалған сөзжасамдық ұядағы күйік, күйін, күйіс, күйдір туынды түбір сөздерді алайық. Бұлар бәрі - күй етістігінен жасалған туынды сөздер, олардың әрқайсысының өзіндік лексикалық мағынасы бар, әрқайсысы тілде лексикалық бірлік болып саналады.
Сөзжасамдық талдау туралы түсінік
Сөзжасамдық талдаудың өзіндік ерекшеліктері
Сөзжасамдық талдаудың морфологиялық талдаудан өзгешелігі
Достарыңызбен бөлісу: |