Презентациялар (таңдау бойынша): Уақыт пен циклдық тарихты антикалық түсіну



Дата11.02.2022
өлшемі37,62 Kb.
#131458
түріПрезентация
Байланысты:
13 семинар фил


Он үшінші апта. Тақырыбы:
Тарих философиясы
13 практикалық сабақ:
Презентациялар (таңдау бойынша):

  1. Уақыт пен циклдық тарихты антикалық түсіну.

Уақыт-кеңістік (кейде Кеңістік-уақыт, кейде Кеңістік пен уақыт, ағылш. spacetime) - Механикалық козғалысты карастырғанда, дененің кеңістіктегі орны уақыт өтуіне байланысты өзгеретіні белгілі болады. Демек, уақыт пен кеңістік өзара байланысты 4 өлшемді жүйе.


Оқиғаньің бәрі әйтеуір бір жерде және кандай да бір мезгілде, баскаша айтқанда, кеңістік пен уақыт (Уақыт-кеңістік) ішінде өтеді.


Кеңістіктен орын алмай және кеңістіктен тыс өмір сүретін бірде-бір объекті болмайды, болуы да мүмкін емес, яғни кеңістік материямен тығыз байланысты.


Өтіп жаткан сан алуан окиғаларды қарастыра отырып, біздің санамызда кең және map, жуан және жіңішке, ұрзын және қысқа, алыс және жақын деген сияқты кеңістіктің салыстырмалы түрдегі сипатын кәрсететін ұғымдар қалыптасады.


Кеңістіктің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділігі (барлық физикалық объектілердің ұзындығы, ені және биіктігі болады).


Кеңістіктің бір кесіндісін, яғни ара кашыктықты өлшеу үшін сызғыштан бастап, әр түрлі ұзындык өлшеуіш кұралдар колданылады.


Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі метр болып табылады. Ғылым мен техникада метрдің еселік және үлестік өлшемдері де пайдаланылады. дене козғалғанда өзінің орнын тек кеңістікте ғана өзгертіп қоймай, уақыт бойынша да өзгертеді.Уақыт материямен, қозғалыспен, кеңістікпен тығыз байланысты.


Кез келген өзгерістің немесе окиғаның бастамасы және соңы болады (түзу кесінді сиякты). Кейбір өзгерістер көз алдымызда басталып, кө алдымызда аякталады (судың қайнауы); екінші біреуі көзді ашып-жүмғанша, лезде өтеді; ал үшіншілері бірден байқалмайды (мысалы, ағаштың өсуі).


Алуан түрлі өзгерістерді салыстыра отырып, біздің уақыт жайлы көзкарасымыз калыптасады. Уақытқа катысты тез және ұзақ, болған және болады, қазіргі шақ және болашақ, бұрын және жуық арада және т.с.с. ұғымдар пайда болады.


Уақыттың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір калыптылығы, бір бағыттылығы (уакыт тек алға карай, өткеннен болашакка қарай жылжиды).


Уакыт арнаулы кұрал - сағаттың көмегімен елшенеді. Құрылысы жағынан сағат алуан түрлі болады. Уакыттың негізгі өлшем бірлігіне секунд алынады.


Кеңістік шексіз, уақыт үздіксіз болғандықтан, физикада кеңістіктің бір кесіндісі және кайсыбір уакыт аралығы өлшенеді


Уақыт-кеңістік ұғымы философияда
Windup alarm clock.jpg
Антикалық философияда
философиялық категориялар Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі ретіндегі уақыт-кеңістік кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Ежелгі дәуір философиясы мен ғылымында Уақыт-кеңістік категорияларын жүйелеу принципі өзгешелеу болды.

Ежелгі дәуірдегі және ортағасырлық философияда уақыт адамның дүниені қабылдауының мағыналы өрісі түрінде ұғынылған. Грек философиясында уақыт проблемасы сократшыларға дейін-ақ қарастырылған: уақыттың оғаштықтары туралы алғашқы тұжырымдаманы айтқан элейлік Зенон. Ежелгі дәуірде уақыт ғарыш өмірімен байланыста қарастырылды, сондықтан кейде ол аспан күмбезінің қозғалысына ұқсастырылады.


Ежелгі грек ойшылдары (Платон, Аристотель) физ. нысандар мен құбылыстарға математикалық (геометриялық) сипаттама беру ықтималдығын жоққа шығарды. Платон уақыт ұғымына бүкіл бар болуды болмыс пен қалыптасуға ажырату тұрғысынан талдау жасайды. Алғашқысы мәңгі жасайды, екіншісі уақытша пайда болып жоғалады. Уақытты талдауға байланысты Платон үш нәрсені ажыратады, олар:


1) мәңгі жасайтын нәрсе, тумаған және жасалмаған нәрсе;
2) әрқашан да жасайтын нәрсе (жасалған, бірақ өлетіні расталмаған нәрсе);
3) уақытша жасайтын (пайда болатын және өлетін) нәрсе.
Алғашқысы – Жалғыз жаратушы; екіншісі – ғарыштың өзі; үшіншісі – өзгергіш, өткінші эмпирикалық құбылыс.

Аристотель ішінара Платон ізімен жүріп, ішінара одан алыстап, өзінің “Физикасында” уақыт ұғымына кең талдау жасайды. Ғарышты мәңгі деп есептегенімен, Аристотель уақытты мәңгілікке жатқызбайды. Алайда Платон сияқты Аристотель де уақытты ғарыштың санымен және тіршілігімен, жалпы физ. қозғалыспен, ал уақыт өлшемін аспан күмбезінің қозғалысымен байланыстырады. “Уақыт дегеніміз – әлдебір қозғалыс пен өзгеріс”, – дейді ол. Аристотельдің пікірінше, қозғалыс уақытпен, ал уақыт қозғалыспен өлшенеді.


Орта ғасыр философиясында


Ортағасырлық схоластикада уақытты психологиялық талдауға, тарихилық сезімге жете мән берілмеді. Мұнда уақыт логикалық-онтологиялық тұрғыда қаралды.

Орта ғасырлар ойшылы Ф.Аквинский математикадағы кеңістік пен ақырғы нақты физикалық кеңістік (орын) арасындағы айырманы ажыратып қарады. Аквинскийдің пайымдауынша, ұзақтықтың пішіні уақыттан өзгеше түрде шексіз, алайда мәңгіліктен өзгеше түрде ол бөлінбейтін бірлік емес, әрқашан да ұзаққа созылады. Аквинский ойын жалғастырған Ф.Суарес (1548 – 1617) ішкі уақыт (ішкі ұзақтық) идеясын өрбітіп, оғаш тұжырымға келеді. Ол ішкі уақытты сыртқы уақыттан бөліп алады. Орта ғасырларда адамзат субъектілігінің жемісі ретінде түсіндірілген уақыттың салыстырмалылық сипаты жаңа дәуір философиясында одан әрі дамытылды.


Ренессанс философиясында


Қайта өрлеу дәуірінде қиялдағы геом. фигуралар және олардың арақатынасы ретінде көрініс тапқан кеңістік ұғымы, атап айтқандакескіндеме өнерінің келешегі туралы ілімнің дамуына байланысты, алдыңғы қатарға шықты.

Жаңа дәуір философиясында


Жаңа дәуір ғылымы мен философиясы схоластикалық дәстүрге қарама-қарсы бағытты ұстанды, кеңістік туралы бұрынғы түсініктерді жоққа шығарды.

Спиноза деңгейі (протяженность) жалғыз құдайлық субстанцияның шексіз белгілерінің бірі деп қарастырды; оның пайымдауынша, мұнда адамның ақыл-ойы танып-білетін белгілі екі нәрсе ғана бар, олар: тұрқы мен ойлау. Спиноза схоластиктер секілді бар болуды екі түрге бөледі: “Мәңгілік – Құдайдың мәңгі өмір сүруіне көзімізді жеткізетін қасиет-белгі, керісінше, ұзақтық – жаратылған заттардың өмір сүретініне көзімімізді жеткізетін қасиет-белгі”. Алайда ұзақтық уақытқа ұқсамайды, ол заттардың өзінің қасиет-белгісі, уақыт “заттың күйі емес, ойлаудың модусы ғана, яғни ойдағы болмыс қана”.


Декарттың пайымдауынша, ұзақтық заттың бар болуымен үйлеседі және субстанция белгісі, уақыт тек біздің ойлауымызда ғана берілген. Уақыт – қозғалыстың саны: заттың ұзақтығын анықтайтын жалпы өлшем болуы үшін біз тең өлшемді қозғалыстың, яғни аспан денелері қозғалысының ұзақтығын пайдаланамыз. Декарт та кеңістікті тұрқылыққа теңеді, оны ойлаумен бірге өздігінен бар тәуелсіз субстанция сипатындағы материяға ұқсастырды, яғни кеңістікті өзінің өмір сүруі үшін бірыңғай және жалғыз субстанция болып табылатын Құдайдан басқа ештеңеге мұқтаж емес мәңгі бар болу деп пайымдады. Декарттың түсінуінше, Құдай мен адамзаттың ақыл-ойы шексіздік пен шектілік сипатындағы рухани субстанция, ал күллі физ. нақты нәрсені Декарт қозғалыс арқылы жекелеген бөлшектерге бөлінетін біртекті қашықтыққа жатқызады. Декарт физ. заттардың кеңістігінен өзгеше басқа кеңістік бар деп мойындамады, сондықтан геом. нысандар нақ сол кеңістіктің өзінде орналасқан заттар ретінде қаралуға тиіс деп білді. Геом. кеңістікті физ. кеңістікке ұқсастыру Декарттың Галилейден кейін физ. денені математиканың заты деп қарауына, дене субстанциясы туралы матем. ғылымды, яғни механиканы жасауына мүмкіндік берді.


Ньютонның абс. және салыстырмалы уақыт туралы іліміне осындай бейімделу тән: “Абсолюттік, шынайы математикалық уақыт өзінен өзі және өзінің мәні жағынан, әлдебір сыртқы нәрсеге ешқандай қатыссыз, тең өлшемде өтеді және басқаша ұзақтық деп аталады. Салыстырмалы сияқты немесе күнделікті уақыт не дәл, не өзгермелі, сезіммен көз жеткізуге болатын, қайсыбір қозғалыс арқылы жасалатын сыртқы, созылыс өлшемі, бұл өлшем күнделікті өмірде шынайы математикалық уақыттың орнына қолданылады, былайша айтқанда: сағат, күн, ай, жыл”. С.Кларктің түсіндіруінше, Ньютон абс. уақытты, яғни ұзақтықты бейнебір өзгермейтін, мәңгі деп ойлайды, сондықтан да ұзақтықты Құдайдан тыс өмір сүрмейді деп есептейді. Ньютоннан өзгеше түрде Лейбниц абс. уақыт пен кеңістікті де, абс. қозғалысты да мойындамайды: “Мен ... кеңістікті – қатар өмір сүру тәртібі, уақытты – тізбектілік тәртібі деп есептеймін”.


Ньютон кеңістікті денелерге тәуелсіз және олардан бұрын өмір сүретін нәрсе деп қарады. Кеңістік үздіксіз нәрсе, сонымен қатар мынадай қасиеттерге ие: кеңістік үш өлшемді, тең өлшемді және барлық бағыттарда шексіз көсіліп жатады, мәңгі және табиғаты бойынша өзгермейтін нәрсе. Кеңістіктің барлық бөліктері қозғалмайды және бір ғана қасиеттерге ие. Ньютонның пайымдауынша, шегі бар нәрсе кеңістіктің қайсыбір бөлігінде де болмай тұра алмайды; Құдай күллі шексіз кеңістікте бар. Ньютонның бұл пайымдауын 17 ғ-дың көптеген философтары мен теологтары, атап айтқанда, Т.Мор мен Дж.Рафсон қуаттады. Мыс., Мор тек қана Құдай мен кеңістікке тең түрде қатысты 20 қасиет бар деп есептеді, олар: бірлік, қарапайымдылық, қозғалмайтындық, мәңгілік, кемелдік, шексіздік, т.б. Ньютонда кеңістік – жаратылған физ. дүниенің өзінше бір субстанциясы. Ньютонды замандастары, атап айтқанда Лейбниц, осы үшін оны сынға алды.


Лейбниц кеңістікті денелерден бөлек, өздігінен өмір сүрмейді деп есептейді. Ол кеңістік ұғымы тек физ. нысандардың қатар орналасуын ғана көрсетеді, шын құбылыстар мен заттардың да, ықтимал құбылыстар мен заттардың да қатынасы, өмір сүру реті ғана бар деп пайымдайды.


Жаңа дәуірде кеңістік физ. денелермен байланысқан объективті нәрсе ғана емес, сонымен бірге сананың немесе қабылдаудың жемісі ретіндегі субъективті нәрсе деп те қаралды. Соңғы түсінікті Т.Гоббс (1588 – 1679) ұстанды, оның пікірінше, кеңістік шын заттың қиялдағы бейнесі ғана. Джон Локк (1632 – 1704) те осы пікірде болды, оның ойынша, кеңістік субъективтік түсінік, заттарды сезімдік қабылдау арқылы алуға болады. Гоббс уақыт идеясын қозғалыс үстіндегі дененің бейнесінен шығарады, бұл бейне қабылдаушы санада қалады, бірақ ол дененің мәніне қатысты емес: “Уақыт заттардың өзінде емес, тек ойлауда ғана өмір сүреді”.


18 ғ-да метафизиканы сынаумен бірге уақыттың метафизикалық тұжырымдамалары да қайта қаралды. Олардың орнына психол. (Локк, Юм) және аңдаулық (созерцание, восприятие) (Кант) туралы тұжырымдамалар келді.


Кант кеңістікті сезімділіктің ашық априорлық пішіні, яғни тәжірибеге дейінгі және тәжірибеге тәуелді емес, бірақ барлық тәжірибеге қажетті қатысушы пішін деп түсіндірді. Француз ғалымы А.Пуанкаренің (1854 – 1912) пайымдауынша, Евклид кеңістігінде мынадай қасиеттер бар: ол үздіксіз, шексіз, үш өлшемді, бір текті және изотропты (кеңістіктің қасиеттері бағытқа тәуелді емес).


Канттың уақыттың идеалдылығы туралы ілімін Фихте жаңаша түсіндіреді. Уақыттың иесі Фихтеде субстанция емес. Канттан өзгеше түрде Фихте өзіндік зат ұғымын алып тастап, Меннен бүкіл жаратылыстың пішінін ғана емес, мазмұнын да шығарады. Ол болмысты қатынастарға телиді. Уақыт “жанның ұзақтығы”, ал қиял оның теориялық түсінігінің негізін құрайды; ұқсастық заңының – логика мен онтологияның негізгі заңының орнына Фихте қарама-қарсылықтардың күресі заңын қояды. Қатынас субстанцияның орнына қойылған кезде, уақыт жанның мәні болып шығады.


ХІХғ философиясында


19 ғ-дағы философия мен ғылымда даму, эволюция өзекті ұғымдарға айналды. Адамзат тарихы табиғи-тарихи процестің аяқталу кезеңі деп пайымдалды. Жанды нәрсенің даму пішіні ретінде ұғынылған уақыт мәңгілікке жатқызылмайды, жаңаның үздіксіз туындауына, яғни келешекке жатқызылады. Кеңістік категориясына қарағанда, уақыт табиғи процестермен ғана емес, тарихи процестермен де тығыз байланысты.

Уақыттың ағыны өткеннен келешекке қарай да, келешектен өткенге қарай да жылжиды, уақыт тіпті айналмалы, бұрандалы қозғалыс та жасауы мүмкін. Өйткені ол қозғалыстың объективті сипаттамасы, оның сипаты қозғалыстың табиғатына байланысты. Оның себебі: келешекке біздің бүгінгі болмысымыз ғана өтпейді, оған өткен болмысымыз да өтеді. Сонымен бірге келешек болмыс та бүгінгі арқылы өткен болмысымызға ауыса алады. Бүгін әрқашан да өткеннің бүгіні әрі келешектің де бүгіні, ол өткен мен келешекті ажыратып қана қоймайды, сонымен бірге екеуін сабақтастырып та тұрады. Бүгінгіміз өткеннен шыққан. Өткен жоқ болса, бүгінгі де жоқ, ертең де болмайды. Онда жалпы уақыт та жоқ. Уақыт жоқ болса, қозғалыс та жоқ, өмір де жоқ. Ал адамның психикасы, жан дүниесі, санасы үшін мұның өзі оның жады жоқ деген сөз. Яғни ол өзінің кім екенін, басқалардың, қоршаған дүниенің ол үшін кім, не екенін және өзінің олар үшін кім немесе не екенін білмейді, сезбейді. Демек, ол адамдық қасиеттен мақрұм. Бұл өткеннің, болғанның бізде, болмыста ешбір ізі қалмағаны деген сөз. Онда болғанды еске түсіру, оны ой-сезім арқылы болса да қайта бастан кешіру болмайды. Яғни психиканың, ойлаудың, “меннің” тұтастығы жоғалады.


Мысалы, психикалық жан ауруына ұшырағандарда бір-бірімен байланыссыз үзік-үзік психикалық процестер ғана қалады. Қазақта мұндайларды мәңгүрт деп атайды.[[Ш.Айтматтың романындағы өз анасын танымай өлтірген мәңгүрт ұл ең алдымен жадынан айрылған. Өз жадында уақыттан айрылу санадан айрылумен бара-бар. Сондықтан уақыт кері бұрылмайды деу, ол тек бір бағытта деп түсіну қозғалыстың тек сыртқы пішінін ғана аңдаудан шығады. Кеңістіктің уақытқа ауысуы немесе уақыттың кеңістік міндетін атқаруы әлеум. үдерістерде, адамның өмірінде неғұрлым айқын көрінеді. Тарихта әр түрлі дәуірде әр түрлі өркениетте тарихи уақыттың бүкіл ішкі құрылымы өзгеріп жатады.


Мысалы, ежелгі қауымдық құрылыс пен жаңа дәуірді осы тұрғыдан салыстырып көрелік. Қауымдық құрылысты көбіне дәстүрлі қоғам дейді. Өйткені ол дәуірде адам өмірі түгелімен дерлік дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен реттеледі. Дәстүрлер өмірдегі әрбір жағдайда, әр істі адамдардың қалай ұйымдастыруын, не атқаратынын бүге-шігесіне дейін тәптіштеп белгілеп қоюға тырысады. Қауымдық өмірдің осы ерекшелігінің негізінде адамдардың қандай негізгі құндылыққа ұмтылатындығы жатыр. Ол рулық-тайпалық қауымдасу, яғни қауымдасудың негізінде ата-аналардан тараған адамдардың бірлігі жатыр. Бұл олардың тіршілік етуінің негізгі жолы. Яғни олар үшін бұл түпкілікті құндылық. Рулық қоғамның адамы бүкіл әлемнің құрылу қағидатын да туыстық бірліктен көреді


Бейматериалық кеңістік ұғымы


Кеңістікті тек заттық, табиғи құбылыстарға ғана тән деп қабылдау адамдардың күнделікті үйреншікті сезімдерінде, ойлау машығына берік бекінген. Егер біз бір нәрсенің тұрқын, енін, биіктігін, тереңдігін, шектілігін, шексіздігін, оңын, солын, алдын, артын, т.б. тікелей өлшей алмасақ, онда кеңістіктің белгісі жоқ сияқты болып көрінеді.

Адамдардың әлеум., тех., рухани, т.б өмірі, оның түрлері болмыстың кеңістіксіз салалары болып шығатын тәрізді. Оларды метрлеп, километрлеп өлшей алмайсың. Сонымен қатар адамдар күнделікті ойлауында өзара қатынастарын, қоғамдасудың түрлерін, олардың ішкі құрылымын, т.б. жақтарын кеңістік түрлерінде қабылдайды, түйсінеді, сипаттайды. Бұлар соның үстіне адамгершіліктің сипаттамалары іспетті. Біз іс-әрекетті, қарым-қатынасты, тіпті ақыл-парасатты, ой-сананы, сезім-түйсікті биік-төмен, алыс-жақын, терең-таяз, т.б. деп, яғни физ. құбылыстардың қасиеттерін ондай қасиеттері жоқ қоғамдық қатынастарға көрнекі бейнелік қуат беру үшін ұқсастыра аламыз. Демек, кеңістіктік қатынастар әлеум. өмірге, рухани әлемге де тән.


Әлеуметтік кеңістіктің де, рухани кеңістіктің де өзіндік үлкен өзгешелігі бар. Әлеум. жүйенің де шеті, шегі мен орталығы, төм. және жоғ. жақтары, биігі мен ені бар. Оларда да шеңберлік немесе пирамидалық құрылымдар кездеседі. Мыс., қатаң бір орталыққа бағынатын басқару жүйесін пирамидалық деп атайды. Ол әншейін көрнекі бейне емес, ол әлеум. пирамида, оның басқару орталығы жоғары ұшында. Бұл, көбінесе, тоталитарлық жүйелерге тән. Сондықтан да қарапайым бұқара арасында тараған “Құдай биікте, патша алыста” деген мәтел олардың шын қатынастарын көрсетеді. Патша геогр. алыстықта емес, әлеум. алыстықта. Геогр. жағынан тіпті жақын тұрған патшаға қарапайым адамның жетуі қиынның қиыны, бәлкім, одан гөрі жұмыр жерді он айналып шығу оңайырақ болар.


Түркілердің уақыт-кеңістік ұғымы


Адамдар қоғамындағы дүниеге дәстүрлі көзқарасын, сол қоғамның әлеум. жүйесін, т.б. алып қарағанда, олардың негізінде жатқан құндылықтардың белгілі бір кеңістіктік қатынастарды туғызғанын көруге болады.

Түркі халықтарының байырғы тұрмыс-тіршілігін, дүниеге көзқарасын мысалға алып қарасақ, олардың “Тәңірі – Ұмай” жүйесіндегі байырғы нанымдары бойынша, Тәңірі (Көк) – әке де, Ұмай (жер) – ана секілді деуге болады. Түркілер солардың ұрпағы. Аспан дүниесі, ондағы денелер, әсіресе, Күн түркілердің айрықша қастерлеп, табынатын киелі нысандары. Аспан (тәңірі), әсіресе, Күн адамдарды тудырған, оларға нұр шашып, өмірді үнемі жандандырып, жайнататын күш. Одан қымбат, одан құнды ешнәрсе жоқ. Күннен кейінгі табынатын нәрсе – Ұмай (Жер-ана). Ал жер асты, оның қойнауы – өлілер дүниесі, адамдарға жат, қорқынышты, көбінесе, жамандық әкелетін жақ.


Ежелгі түркілер үйлерінің есігін үнемі шығысқа, яғни Күннің туатын жағына немесе Күннің ең қуатты жағы – оңтүстікке қаратқан. Түркілерде алдыңғы, артқы, оң, сол жақ олардың шығысқа қатынасына байланысты. Барлық уақытта алдыңғы жақ – шығыс жақ. Яғни адамдардың әлеум. ой-санасында кеңістіктің құрылымы, ұйымдасуы олардың ең түпкі құндылықтарына бағынады. Демек, әлеум. кеңістіктің де өз тұңғиығы, өзінің бет жағы, биігі мен төмені, өзіндік ауқымы бар. Сондай-ақ, рухани кеңістік, мәдени ауқым, саяси кеңістік деген ұғымдар да өмірде бар, шын нәрселердің көрінісі.


Дәстүрлі қоғам және прогресс дәуірі


Дәстүрлі қоғам талабы бойынша, әрбір ұрпақ аталардың орнатқан тәртіптерін, жол-жосындарын қасиет тұтып, әрдайым еске алып, соны өз өмірінің темірқазығы ету керек. Оларды бұлжытпай қайталап, іске асырып отырады. Мұндай қоғам жаңа нәрсеге ұмтылмайды. Келешек олар үшін өмірді өзгертуге, жаңа қатынастарды енгізуге әкелмеу керек, келешек – бұрынғыға үнемі қайтып оралу, соған күш салу. Өткен дәуір, яғни аталар дәуірі – алтын ғасыр, ол өмірдің айнымас эталоны, үлгісі. Жетілгендіктің, жақсылықтың бәрі де өткенде қалды, сондықтан адамдар әрбір ісін, ойын өткеннің таразысымен өлшеп, соның көзімен қарап, өзін сонымен бірлікке жеткізуге тырысуы тиіс.

Әрине, адамдардың күнкөріс әрекеттері, халықтың өсіп-өнуі, т.б. өзгеріс туғызбай қоймайды, бұрынғы қатынастарды ыдыратып, әлсіретеді, жаңа қатынастар келіп жатады. Бірақ олардың түпкі ұмтылыстары бұрынғыдай, яғни уақыттың жүрісі айналмалы. Онда өткен де, бүгін де, келешек те бар, бірақ уақыттың негізгі ағыны үнемі өткенге қайтып оралу. Мұнда бүгіннің өзі – өткеннің бүгіні, ал келешек немесе ертең – кешегіге неғұрлым жақындау. Бір сөзбен айтқанда, бұл қауымдық адамның әлеум.-рухани кеңістігі, себебі адамдардың дамуы үшін уақыт кеңістік рөлін атқарады, адам уақыт шеңберінде дамиды.


17 – 18 ғ-ларда басталған жаңа дәуірдің уақыт ағыны соншалықты басқаша болғандығы себепті қауымдық өркениетті зерттеген осы жаңа заманның көптеген ойшылдары оның ішкі логикасын әуелде түсіне алмаған.


Уақыттың ақылға сиымсыз көрінетін қайшылықтарын кейбір ойшылдар түсінуге соншалықты қиын метафизикалық жұмбақ деп есептеген. Қауымдық дәуірдің ішкі серпіні, негізгі құндылығы өткенде болса, жаңа дәуірде ол құндылық келешектен көрінеді. Бұл дәуірдің адамдары үнемі дерлік алға ұмтылуды ертеңге ұмтылу деп біледі. Дәлірек айтқанда, олар ертең деп кешегіні немесе бүгінгіні сақтап, нығайта түсуді емес, орныққан қалыптан оның өзгерген қалпына қарай ұмтылуды түсінеді. Бұл, көбінесе, адамдардың санасында толық айқындалған, олардың өздерінің алдына анық қойған мақсатынан гөрі, өздері де біле бермейтін, кейде тіпті сезіне де бермейтін ұмтылыстары. Бұл ұмтылыстар көп жағдайда бейсаналық қалыпта.


Әлеум. серпінде алға шыққан бірінші бағыт – даму. Қоғамдық санада ол үдеріс (прогресс) деп аталады. Әрине қоғамда бұған қарама-қарсы бағыт та бар, бірақ үдеріс басты бағыт. Осыған орай уақыт ағыны өзгеріп отырады. Ол енді өткеннен бүгін арқылы келешекке (ертеңге) жылжиды. Керісінше ағын да бар, бірақ ол осы негізгі бағыттың тасасында қалады. Адамдар өткенді, бүгінді тек өткінші кезең, ертеңге өтудің дайындығы, соған апаратын тепкішектердің бірі деп қарайды. Егер бұрын, қауымдық өмірде бүгін мен ертеңнің мәнділігі олардың өткенге қатысынан анықталған болса, енді, керісінше, өткеннің, кешегінің және бүгінгінің мәні олардың келешекке, ертеңге қатыстылығына байланысты.


Уақыттың ағыны оның негізгі бағыты жағынан қарағанда бір түзудің бойымен тартылған, оралмайтын әрі қайталанбайтын қозғалыстай. Уақыт оралмайды дейтін түсінік осындай әлеум. қозғалыстың нәтижесі. Осындай ұмтылыстың ағынындағы адамдар үшін кешегі мен бүгінгінің бағасы әлдеқайда кемиді. Әрине, келешектің бейнесі адамдар үшін әр түрлі бола береді. Біреулер үшін ол – баю, екінші біреулер үшін – билік, үшінші біреулерге келешек қоғамдық құрылыс, т.б. Бүгінгі қанағаттандырмайды. Бай – байи түсуді, биліктегі билігін арттыруды аңсайды. Болашақ адамға алаңсыз жат нәрсеге айналғанда, ол бар нәрселердің бәрін де, ең алдымен, адамның өзін де құрбандыққа келтіретін аждаїа сынды сипат алады. Мұндағы ақылға сиымсыз нәрсе – қол жеткен нәрсенің ешқайсысы, кеше ғана армандай болған жетістік, деңгей, т.б. енді адамды қанағаттандыра алмайды, өйткені ол келешек болудан қалады. Ол енді бүгінге айналды. Ал шын құндылық, бірден-бір бағалы нәрсе – келешек. Сондықтан бүгінгіге айналған келешек өзінің мәнінен де, бағасынан да айрылады. Оның ақылға сиымсыздығы (парадокс) – келешектің айқын бет-бейнесі жоқ абстракцияға айналғандығы.


Келешек, қанша ұмтылсаң да ешқашан қолға түспейтін бұлдыр сағым болып шығады. 20 ғ-дың басынан бастап физикада ашылған жаңалықтар Кеңістік пен уақыттың өзара байланысы, бір-біріне тәуелділігі жөніндегі жаңа көзқарастарға алып келді. Әсіресе, А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы үлкен жаңалық әкелді. Ол микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуленің жылдамдығына (секундына 300000 км) жақындаған сайын оның массасы шексіз ұлғая беретіндігін және ол бөлшектің тұрқының да қысқара түсетіндігін дәлелдеді. Сонымен қатар биол., қоғамдық ғылымдардың жетістіктері қозғалыстың органик. және әлеум. түрлерінде кеңістік те, уақыт та, тіпті басқаша сипатта болатынын көрсетеді. Әлеум. өмірдің ырғағы біздің заманымызда әлдеқайда шапшаңдады. Өзгерістердің тым баяу өтуіне үйренген адамдар көп жағдайда жаңа дәуірдің екпініне бейімделе алмайды.


Сондықтан Кеңістік пен уақытты да материя сияқты адамдардың дүниеге қатынасынан оқшау қарап, тек табиғаттағы адамға қатысы жоқ заттар мен құбылыстардың қасиеті деп түсіну – мәселені филос. тұрғыдан қарау емес, физика, т.б. жаратылыстану ғылымдарының тұрғысынан қарау болып шығады. Бұлай қараудың дүниеге көзқарастық мәні жоқ. Философиялық пайымдау кеңістік, уақыт, қозғалыс және болмыстың бірлікте екенін көрсетеді. Бұлар болмыстың өзіндік айқындықтары. Болмыстың ең жалпы, ең абстрактілі айқындықтарынан адам бұрынғыдан да гөрі нақтырақ, мазмұны күрделірек айқындықтарына өрлей береді. Соның негізінде айқындықтарды бейнелейтін ұғымдарды анықтайды. Бұл диалектикалық ойлау жолы.[2]


Cаяси кеңістік


Саяси кеңістік – тарихи жағдайларға байланысты дүниеге келген саяси жүйе таралатын немесе оның саяси ықпалы жүзеге асырылатын аумақ. Саяси кеңістік үш функцияны:
1) саяси өмірдің алғышарттарын;
2) мемлекеттердің саяси қызметінің (геосаясат) мақсаттарын;
3) саяси өмірдің алуан түрлі пішіндерінің тіршілік етуі мен дамуының экол. ортасын жүзеге асырады.
Алғышарт ретінде ол саяси жүйенің аумақтық мөлшерін және шекарасын айқындайды, экологиялық-геогр. жағдайлардың саяси өмірді ұйымдастыруға, оның атқарушы билік тарапынан басқарылу дәрежесіне, орталықтың жергілікті жерлердегі билікпен байланысу дәрежесіне ықпалын сипаттайды. Мыс., Еуропамемлекеттері шекарасының кеңістіктік ашықтығы Батыс Еуропадағы демократия жеңісі алғышарттарының бірі болды. Экологиялық орта ретінде саяси кеңістік саяси жүйенің нышандары арасындағы байланыстарды, осы байланыстардың сипатын ой елегінен өткізуге, мыс., отарлық иеленуді немесе ықпал ету аймағын қоса, көбінесе, ұлттық мемлекет шеңберінен шығатын мемл. басқару аумағы мен шекарасын тиянақтауға мүмкіндік береді. Саясат тілінде саяси кеңістіктің символикалық және метафоралық мәні бар. Мәселен, “қырғиқабақ соғыс” жылдарында “Батыс” сөзінің жай ғана геогр. мағынасы болып қойған жоқ, ол ең алдымен әскери-саяси бірлесу деген мағынаны білдірді. Қазір “Батыс” деген сөз әлемдік достастықтың аймақтық шекарасын, демокр. басқару пішіні мен нарықтық экономика құрамдас бөлігі болып табылатын қоғамдық-саяси дамудың белгілі бір үлгісін сипаттайды. Бұл үлгінің құрамдас бөліктері түрлі қоғамдар мен мәдениеттерге таралып сіңісуде. Жаңа мыңжылдықтың қарсаңы мен басында әлемдік саяси кеңістік қалыптасып келеді, ол түрлі саяси жүйелердің жақындасуымен, дамудың ең таңдаулы үлгілерінің іріктелуімен, тайталастан шығу және халықар. саясатта келісу жолдарын іздестірумен сипатталады, ал бұл жаңа әлемдік қоғамдастықтың қалыптасуын айғақтайды.



  1. Христиандықта «қасиетті тарих» түсінігі, есхатология. Августиннің тарихи философиясы.

Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін .

Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан.Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.


Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.


Сенімдері


Христиандық пен Інжілді түсіндіруде ортақ бір пікірлер жоқ. Бірақ бүкіл христиандар діннің негізі болатын, келісілген ортақ ұстанымдар бар екенін айтады. Аса көп таралған тармақтары - католицизм, православтық және протестантизм.

Тарихы
Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:


Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн);


апостолдардың арнаулы хаттары;
Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;
ақыр заман туралы өсиет.
Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі. Сиқырға, Митраға, Исида, Осириске, т.б. сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы 4 — 6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 — 390), Григорий Нисский (335 — 394), Василий Кессарийский (330 — 397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5 ғасырдың ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді. Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде 9 — 11 ғасырларда Христиан діні “Батыс шіркеуі” (католиктер) және “Шығыс шіркеуі” (православтар) болып екіге бөлінді. 16-ғасырда католик шіркеуінен протестант шіркеуі бөлініп шықты. Сөйтіп, даму барысында Христиан діні негізгі үш тармаққа (православие, католик, протестантизм) бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әр түрлі ағымдар мен бағыттар пайда болды. Бұдан басқа несториандық, монофизиттік сияқты шағын тармақтар да кездеседі. Бұл ағымдар догматтардың әр түрлі түсіндіріліп, киелі кітапқа, діни ғұрыптарға әр алуан көзқарастары негізінде қалыптасқан.[8]

Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу - Көне және Жаңа Өсиеттерге негізделген. Христиандық б.д.д. I ғ. Рим империясының қүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметгік және этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда болды. Мұнымен радикалды-антиримдік көңіл-күйлер және империялық құдіреттілікке қарсы наразылықтар байланысты. ӀӀ-ӀӀӀ ғғ. христиандық қауымдастықтарда сенаторлық және әскери салт аттылар атағы пайда бола бастады. Қауымдастықта ақсүйек және білімді адамдардың болуы радикализмді жойып, римдік билікпен бітісуге әкелді. Бүл үрдістің дамуына орай рим билеушілері христиандарды қуғын-сүргінге үшыратудан енді бүл дінге қолдау көрсетуге көшті, тіпті IV ғ. христиандықты Рим империясының мемлекеттік дініне айналдыруға дейін барды. Идеялық, ғибадат, институңионалды түрғьща христиандық жоқ жерден пайда болған жоқ. Рим политеизмі, египеттік Осирис және Исида ғибадаты, иран митраизмі, грекгік Кибена және Аттис ғибадаты және т.б., христиандар ой елегінен өткізбеуі мүмкін емес діни-мәдени орта қалыптастырды. Алайда, христиандықтың қалыптасуында иудаизм, өзінің монотеизм, мессиандық, эсхатология және т.б. идеяларымен ерекше рөл атқарды. Ол иудеохристиандық секта ретінде пайда болды. Мүның бәрі христиандық осыған дейін бар діни-мәдени мәліметтерді тек пайдаланып қойды деген сөз емес, ол керісінше, жаңа діни кешен қалыптастырды.





  1. Тарихты бөлшектеу: білім беру тұжырымдамалары. Г. Гегельдің философиясы.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (нем. Georg Wilhelm Friedrich Hegel; 27 тамыз 1770, Штутгарт — 14 қараша 1831, Берлин) — неміс философы, неміс классикалық философиясының және романтизм философиясының негіздеушісі. Йоһанн Готтлиб Фихте және Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллингпен бірге неміс идеализмінің негізін қалаушы.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель 1770 жылдың 27 тамызында Штутгарт қаласының, жоғары қызметтегi шенеулiк Георг Людвиг Гегель (1733 -1799 ) жанұясында дүниеге келдi. Гегельдің арғы ата тегі – контрреформация кезінде XVI ғасырда Аустриядан қуылған Каринтиилік лютерандық болған.

1788 - 1793 Тюбинген теологиялық университетiнің философиялық және теологиялық курстарын тыңдап, магистрлiк диссертациясын қорғады. Өз курстастарынан ішінде Шеллингпен және Гельдерлинмен тату болды. Олармен бірге Француз төңкерiсiнiң идеясымен шұғылданған студенттiк саяси клубтiң мүшесi болды.


1793 жылы дін ілімі кандидатының толық курсын аяқтау барысында Гегель жақсы қабілетті болғанымен, басқалардан ешқандай айырмашылығы жоқ, сөзде озат емес те, философияның мұғалімі атала алады деген аттестат алған.
1793 - 1796 Бернде үй мұғалiмi
1797 - 1800 Майндағы Франкфуртте үй мұғалiмi
1799 – әкесінiң өлiмiнен кейiн алған мұра мен меншiктi жинақтар, оған сабақ беруден бас тартып, академиялық қызметке кiруге мүмкiндiк бердi
1806 — 1816 Нюрнберг гимназиясының директоры
Гейдельберг университетінің (1916) және
Берлин университетінің профессоры (1818) болған.
Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы
Гегелдің ілімі әртүрлі көзқарастарды ұстанатын жазушыларға әсер еткен. Солардың арасында Гегельді қолдайтындар да (Бруно Бауер, Карл Маркс Фрэнсис Герберт Бредли, Жан-Поль Сартр, Ганс Күнг), оның ілімін сынайтындар да (Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг, Сөрен Киркегард, Артур Шопенгауер, Фридрих Ницше, Мартин Гайдеггер, Бертран Расселл) бар.

Гегелді философ ретінде қызықтырғаны — табиғат пен азаттықтың арасындағы қатынас, имманенттік, трансценденттік, және осы жұптардың екі бөлігінің біреуін жоймай немесе біреуін екіншісіне тәуелді етіп жібермей отырып біріктіру. Оның кең танымал және ықпалды ұғымдары: спекулятивті логика, яғни «диалектика», «абсолютті идеализм», «Рух», «Қожайын-құл» диалектикасы, «этикалық өмір» және тарихтың маңыздылығы. Гегельді кейбіреулер нацизмнің пайда болуына ықпал жасағандардың қатарына жатқызады, бірақ басқалар бұнымен келіспейді.


Мемлекет пен құқыққа көзқарасы


Мемлекет пен құқық мәселелерін қарастырды. Еңбектері: "Германияның Конституциясы", "Рух философиясы", "Құқық философиясы", "Тарих философиясы", "1831 жылы реформа жайлы ағылшындық билль" және т.б. Құқық философиясы - философияның гегельдікі жүйесінің аса маңызды құрамдас бөлігі.

Гегель азаматтық қоғам мен саяси мемлекеттің ара-жігін ажыратып қарастырады. Оның ойынша, мемлекет дамудың ең жоғарғы сатысы - азаматтық қоғамда пайда болады. Азаматтық қоғам деп ол буржуазиялық қоғамды түсінеді. Азаматтық қоғам - ерекше, жеке мақсаттарды және жеке адам мүдделерін жүзеге асыру аясы. Гегель азаматтық қоғамды қарама-қайшы мүдделер текетіресетін антагонистік қоғам ретінде сипаттайды.


Азаматтық қоғамның үш негізгі тұсы:


қажеттіліктер жүйесі,


әділ сот,
полиция және бірлестіктер.
Азаматтық қоғам құрылымында үш сословиені атап көрсетеді:

субстанционалды (жер иеленушілер - дворяндар мен шаруалар);


өнеркәсіптік (фабриканттар, саудагерлер, қолөнершілер);
жалпылама (шенеуніктер).
Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыра отырып, Гегель азаматтық қоғам қанша байлыққа кенелсе де, кедейлікпен күресуге қабілетсіз екендігін мойындайды.[1]

Философиясының негізгі ұстамдары


Georg Wilhelm Friedrich Hegel00.jpg
Гегельдің ғылыми-шығармашылық қызметі Германиядағы саяси-әлеуметтік тұрмыстың елеулі өзгеріске ұшырап, елдегі ішкі қайшылықтардың күрт шиеленіскен кезеңіне тұстас келді. Сондықтан ол өзіне дейінгі ойшылдардың, әсіресе 17 — 18 ғасырлардағы ағылшын, француз ағартушыларының, дәстүрлі неміс ғылымы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің жетістіктерін мұқият зерттей отырып, дәйекті тарихилық жүйені ұсынды. Ол кез келген философиялық ілім нақты проблемаларды негіздей отырып, тарихи қажеттілікке қарай жүріп келе жатқан тұтас жүйенің даму кезеңінде белгілі рөлге ие болатынын айтты. Гегельдің бұл пікірі философия тарихында үлкен маңыз атқарды. Егер философия үнемі үздіксіз даму үстіндегі тарихи жүйе болса, онда оның аясындағы нақты проблемалар ғылыми дамудың негізгі құрамдас бөліктері саналады.

Тарихи дамудың нәтижесінде проблемалар үнемі өзгеріп, дамып, жетіліп, жаңадан туындап отырады, ескілері заман талабына сай келмей, кейін ығыстырыла береді. Мұның барлығы саяси-қоғамдық өмірмен, жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының дамуымен, әсіресе, философияның өзіндегі ішкі өзгерістермен тығыз байланыста көрінеді. Ал әр ұрпақ, жаңа буын философияның алдында тұрған соны мәселелерден ғана емес, сондай-ақ, өткен дәуірден ауысқан проблемалардан да өз заманының талабына оңтайлы шешім іздейді. Яғни, Гегельдің пікірінше, философия — өтіп кеткен процесті, тарихты оймен шолу. Әйтсе де, ол тарихқа өткен шақ деп қарамайды, үздіксіз жалғаса беретін процесс ретінде бағалайды.


Гегель өзінің “Рух феноменологиясы” (1807), “Логика ғылымы” (1812), “Тарих философиясы”, “Құқық философиясы” (1821), т.б. еңбектерінде тарихи даму иедясын тұтастай диалектика теориясына айналдырады. Қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне арналған алғашқы философиялық шығармаларының бірі — “Кім абстрактылы ойлайды” атты мақаласында, ал болашақ диалектикалық, зерделілік әдіске негіз қалады.


Таным теориясының келелі мәселелерін көтере отырып, өзіне дейін қалыптасқан “сезімділік, пайым — нақтылықтық бейнесі, ал абстрактылық — ойдың жоғарғы даму үрдісімен тығыз байланысты” деген пікірге қарсы шықты. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нышаны екенін, тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана елігетінін сынай отырып, абстрактылы ойлаған адам өз ойына мән бермей, қаралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіздік танытатынын дәлелдеді. Ал таным процесі нақтылыққа ұмтылуға тиіс.


Нақтылық — көптеген анықтамалардың жиынтығы, көпжақтылықтың бірлігі, яғни, кез келген мәселеге объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды қажет етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып, нақтылыққа қарай ұласу принципіне бағынады. Таным процесіндегі логика мен диалектикаға ерекше назар аударған алғашқы еңбектерінің бірі — “Рух феноменологиясында” Гегель зерде мен пайымның даму процесін тарихи негізде қарай отырып, көптеген жаңалықтар ашқанымен, негізгі мәселеге — философияға қатысты үлкен қайшылыққа ұрынды. Ғасырлар бойы қалыптасып қалған анықтамадан бас тартып, философияның мәні даналыққа ұмтылу да, даналық та емес деп, оны ғылым саласына айналдыруды көкседі. Мұның өзі кейінгі кезеңдерде философияға жалпы дүниені, қоғам мен табиғатты, ойлауды зерттейтін ғылым ретінде қарауға, ақырында оны идеологиямен қойыртпақтап, өз мәнінен айыруға жол ашты. Маркстік-лениндік философия дегеннің өзі осы жаңсақ идеяның “жемісі” еді.


Гегельдің ойынша, дүниеде бір күйде қалатын, өзгермейтін ештеңе жоқ. Қоғамның, адамның, танымның, тарихтың дамуы — объективті процесс, ешкім оны тоқтата алмайды. Табиғаттың дамуы адамға келіп тіреліп, адамзат, қоғам тарихына ұласып кетеді. Гегель дамуды сапалы, үдемелі, қайшылықты, төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге, абстрактыдан нақтыға қарай жүріп отыратын процесс деп қарайды. Яғни, даму — бар заттың ескіріп, ескінің жойылып, оның негізінде жаңаның пайда болу процесі. Сондай-ақ, дамудың себебі мен көзі қайшылықта, тұтас нәрсенің екіге — қарама-қарсылықтарға бөлінуінде, қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігінде екендігін дәлелдеді.


Гегельдің жан-жақты негіздеген ұғымдарының бірі — қайшылық ұғымы. Қайшылық — дамудың объективті заңы, дамудың көзі, импульсі. Қайшылықты болдырмау мүмкін емес. Қайшылық әрбір затта пайда болып, дамып, жетіліп, шешіліп отырады. Қайшылық, яғни қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігі арқылы зат өсіп жетіледі, дамиды, бір сатыдан екінші сатыға өрлейді. Дамудың жүзеге асу процесін түсіндіруде Гегель затта болатын үздіксіз процестердің белгілі бір шамаға дейін сандық өзгерістер болып (өсу, жетілу, азаю, көбею, т.б.) заттың болмысына елеулі ықпал етпейтіндігін анықтады. Шамадан асқан соң сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналатындығын ашты. Яғни, бұрынғы заттың орнына жаңа зат дүниеге келеді. Даму қалай қарай жүзеге асады деген мәселеде Гегель оның спиралдық бейнесін ұсынды: даму барысында бұрын болған белгілер қайталанып отырады, бірақ жаңа және жоғары деңгейде қайталанады. Сөйтіп, даму процесі терістеу және терістеуді терістеу түрінде жүзеге асады. Гегель дамудың негізін ұғымның, идеяның, рухтың даму процесінен алады.


Гегельдің ілімінше, ұғым, таным, рух — процесс. Олардың даму көзі — олардың өзінде. Даму барысында белгілі бір зат өзінің қарама-қарсылығына айналады. Идея затты, зат өзіне қарама-қарсы форманы туғызады. Біртұтас заттың қарама-қарсы жақтарында бірін-бірі жоққа шығару процесі жүреді. Бірақ олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Екеуінің күресі олардың жойылып, жаңа заттың пайда болуына әкеледі. Гегель түсінігінде материалдық заттардың түп негізі — идея. Гегель идея мен заттың қарым-қатынасында идеяны анықтаушы рөл атқарады деп есептейді. Идеяны зат арқылы түсіндірмек болған материалистік көзқарасты жоққа шығарады. Гегель затты (мыс., қоғамдық құбылыстарды) идеямен өлшеп, идеямен салыстырып отыру керек дейді: зат өзінің идеясына сәйкес келе ме, жоқ па? Адам өзінің адам деген атына лайық па, жоқ па? Әрбір зат идеяның жүзеге асқан түрі болып табылады. Бірақ даму барысында зат идеядан алшақтап, өз-өзіне қайшы келеді. Сондықтан танымның міндеті — жиі-жиі затты, құбылысты идеямен салыстырып отыру. Бірақ идея заттың нақты болмысымен шектеліп қалмауы керек. Затқа даму тенденциясы тұрғысынан қарап, оның қандай болуы керек деген мәселеге назар аударып отыруы тиіс.


Гегель “Рух феноменологиясында” алғаш рет жекелеген индивидтің санасының дамуы адамзат қоғамының тарихи кезеңдерімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Яғни, жеке адамның санасы барлық тарихи кезеңдерде, әр дәуірге тән қайшылықтарды өткізе отырып, қоғамдық сана деңгейіне көтеріледі. Адам санасының қалыптасуы мен даму жолдары адамзаттың тарихымен және оның қоғамдық қарым-қатынастармен тығыз байланысты екенін терең зерттеді.


Гегель ілімінің терең мазмұнды ұғымдарының бірі — рух. Гегель рухты адам өмірінің негізі, субстанциясы деп есептейді. Адам өзін рухта ғана, рух арқылы ғана көрсете алады. Рухы биік адам — өз атына лайық адам. Рухы биік халық — өр, өжет, намысқой халық. “Тарих философиясында” Гегель халық рухы оның тілінен, ділінен, әдет-ғұрпынан, дәстүрінен, көзқарасынан, басқаларға қарым-қатынасынан көрінеді деп біледі. Гегель өзінің “Рух феноменологиясы” деген еңбегін, “жаңалықтарға саяхат” деп атады. Ол таным, ақиқат, білімді қайшылықтарға, кедергілерге толы процесс деп білді. Танымның шеті де, шегі де жоқ. Әдетте, таным процесін, ғылым дамуын ол ашқан жаңалықтармен, нәтижелермен өлшеуге тырысады. Құр нәтиже түк те бермейді. Нәтижені (мыс., ақиқатты) оған алып келген жолмен бірге тұтас қарастыру қажет. Яғни, таным процесінің мәні — сыңаржақты, абстракты анықтамалардан нақты жан-жақты, барлық анықтамаларды бойына жия білген қағидаларға қарай өрлеу.


Гегель “Рух феноменологиясы” деген еңбегінің “Әмірші және құл” деген бөлімінде осы екеуінің санасында болатын өзгерістерді түсіндіреді. Құл өз еңбегінің арқасында өседі, жетіледі, сана-сезімі, ар-намысы оянады. Қалыптасқан жағдай оны қанағаттандырмайды. Құл оны өзгертуге тырысады. Әмірші болса, алға басудың орнына кері кетеді. Адамшылығынан айырылып, азып-тоза бастайды. Ақыры әмірші мен құлдың жағдайы (статусы) өзгереді: құл әміршінің әміршісі, әмірші құлдың құлы болады. Бұл процестің негізін Гегель еңбек деп атап көрсетеді. Адамның өсіп-жетілуінде қоршаған ортаның, қоғамдық қатынастардың, мәдениеттің, тәрбиенің ықпалы зор. Осы объективті жағдайды Гегель субстанция деп атайды. “Адам ортаның — жемісі” деген француз материалистерінің қағидасын Гегель сыңаржақты деп қабылдайды. Адамның адам болуы оның өзіне байланысты, өйткені сырттан келген әсерді игеретін — адам. Адам өзін-өзі жасайды. Осы процесті Гегель субстанцияның субъектіге айналу процесі деп атайды. Осыған орай Гегель “Рух феноменологиясында” жеке адамның өсіп-жетілуі ата тектің, қоғамның дамуын қысқарған күйде қайталап отырады деген заңдылықты ашады. Гегельдің негізгі философиялық еңбегі — “Логика ғылымында” жаңа, жанды, мазмұнды әрі өмірмен, тарихпен астасып жатқан логиканың — диалектикалық логиканың негізін қалады. Гегель ілімінше, ойлау категориялары құр атау, схема емес, олардың негізінде нақты өмір, тарих жатыр. Өмірмен бірге ұғымдар да дамып, жетіліп, байи түседі. К. Маркс, Ф. Энгельс, Ленин Гегель диалектикасына ерекше мән беріп зерттеді. Қазақстандық философтар (Ж.Әбділдин, А.Қасымжанов, Л.Науменко, Ә.Нысанбаев, М.Баканидзе, Қ.Әбішев, Т.Әбжанов, М.Орынбеков, А.Хамидов, М.Сәбитов, Б.Нұржанов, т.б.) Гегельдің “Логика ғылымы” мен Маркстің “Капиталы” ізімен төрт томдық “Диалектикалық логиканы” (1985 — 89) жазып шығарды.





  1. Марксисттік тарих және оның қозғаушы күштері туралы түсінік.

Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.[1]

Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.


Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан:


алғашқы қауымдық,


құл иеленушілік,
феодалдық,
капиталистік және
коммунистік формациялардан тұрады.
Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.
Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:

В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.


Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.
Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды

7. О.Шпенглердің және А.Тойнбидің тарихы.


Шпенглер Освальд (1880-1936) (spengier) - неміс философы, тарих философиясы мен мәдениет философиясының негізін қалаушылардың бірі.


Шпенглердің циклдік тұжырымдамасы "Еуропаның іңірі" атты кітабында тұжырымдалды (1920). Циклдік тұжырымға:


тарихтың үздіксіздігі ретінде қоғамдық прогресті жоққа шығару;


мәдениет пен өркениеттің қарсы тұруы;
өркениеттік прогресті қалыпқа сай түсінуден бас тарту және Батыстың кері кетіп, азғындағанын мойындау. Шпенглер бойынша, мәдениет деп ағзаға ұқсас (онда да сол өмірлік кезеңдерді өткереді: балалық, жастық, ақыл тоқтату, қарттық) тарихи-мәдени тұтастық түсініледі. Мәдениеттердің әрқайсысының әр нәрседен - тілден, өнерден, мемлекеттен, ғылымнан және т.б. көрініс табатын өз жаны болады. Шпенглер 8 дамыған, гүлденудің шегіне жеткен мәдениетті анықтады: антикалық (аполлондық), арабтық (сиқырлы), египеттік, вавилондық, үнді, қытай, мексикалық және еуропалық (фаусттық). Мәдениеттен өркениетке өту ежелгі дәуірде б.д.д. IV ғ. болды, ал оның құлдырап, жойылуы Рим дәуіріне сәйкес келеді. Еуропа өркениет сатысына XIX ғ. өтті, Шпенглердің пікірінше, оның құлдырауы 2000 ж. шамасына сай келеді. Шпенглердің идеялары қазіргі жаһандану процестерін зерттеуде ерекше өзекті болып отыр.

8. Тарихтың мәні, «тарихтың соңы», қазіргі заманғы философиялық пікірталастардан кейінгі тарихы.


Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.[1] Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:

өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;


материалдық молшылықтарға жету;
ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;
баюдың көзі ретінде соғысты жою;
“индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты.
Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді. Саясат адам психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді қалыптастырады



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет