Сабақтың тақырыбы Жанар ақылды қыз



бет1/4
Дата02.10.2019
өлшемі417,32 Kb.
#49149
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
zhanar-ak-yldy-k-yz-razrabotka-uroka-po-kazakhskom


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала


Мектеп: І.Кеңесбаев ЖОМ


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Науанова Акбота

Сынып: 5 сынып


Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Жанар – ақылды қыз


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


5.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

5.ТБ1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну

. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Сұрақтарға лайықты жауап беру

Кейбір оқушылар орындай алады: Сын есімдерді ажыратып жазба, ауызша жұмыстарында қолдану

Бағалау критерийі


Мәтіндегі сын есімдерді түсінеді;

Сөйлеуде, жазуда сын есімдерді қолданады;

Ауызша мәтін құрауда сын есімдерді дұрыс қолданады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:Мәтіннің мазмұны бойынша ақпаратты анықтап, сұрақтарға жауап береді. Сын есімдерді ажыратады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ақылды, тәртіпті, білімді, өнерлі, үздік, әдемі

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

танысып қоюларың керек, бас кейіпкер, ақылды қыз, үздік оқушы



Құндылықтарға баулу


Досына деген құрмет сезімін ояту, ынтымақтастыққа, адамгершілікке баулу


Пәнаралық байланыс


Әдебиет, өзін-өзі тану

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Балалар алдыңғы тақырыптан заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздер туралы біледі. «Менің атым - Қожа» повесінің мазмұнын біледі


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер

Сабақтың басы 7 минут

(4 минут)

(3 минут)


Ұйымдастыру кезеңі.

Саралау. (топқа бөлу) Сыныпты әр түстегі «конфеттер» арқылы үш топқа бөлу.

Сергіту сәті. «Қыдырып қайтайық»





Қызығушылықты ояту. (Ө) Жұбыңның түр келбетін, мінезін сөзбен суретте. Сын есімдерді қолданып, қағазға жаз.

..... бойы...

Шашы...

Көзі...



Мінезі...

Тақырыпты анықтау «Лоторея барабаны» әдісі бойынша оқушы сөзді суырып алып шығады да, ол туралы не білетінін айтады:

Қожа - шашы қайратты, орта бойлы, жасы он екіде

Сұлтан —Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен, жаман қылықтарға әуес.

Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.

Жанар — Қожамен бірге оқиды. Дауысы әдемі, ән салады. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.

(МК) Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын






VideoLike


Үлестірмелі қағаз



Сабақтың ортасы

(30 минут)


Орындау уақыты

15 минут



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

9 минут

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану (графикалық органайзер)



5 мин.

4 мин.


Мәтінмен жұмыс.

(МК) Мәтінді оқу.



Оқушылар тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты анықтайды.

Күн ыстықта су да тартылып, азайып қалады. әншейінде көгілдірленіп, аспан түстес болып жататын. Айтпақшы, әлгінде осы арада қыздар шомылып жүр еді ғой. Іштерінде Жанар да болған шығар. Жанар атың қандай әдемі. Сендердің бұл қызбен танысып қоюларың керек. Осы повестің бас кейіпкерінің бірі болуға Жанар, біріншіден... кластағы ең бір ақылды қыз. Екіншіден, сұлу. Әсіресе қызыл береткасын киіп жүргенде, сондай құлпырып, жайнап кетеді. Даусы қандай шіркіннің, ән салғанда тыңдасаң. Басына үкілі тақия киіп, мың бұратылып, қамажайға билегенін көрсең. Барып тұрған өнерлі қыз. Кластағы бірінші үздік оқушы.


1-тапсырма. Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңдер.

Білім алушы

(Ө.) кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтайды.

Сөйлем

Дұрыс

Бұрыс

Жанар кластағы ең бір ақылды қыз.







Сендердің бұл қызбен таныспауларың керек.







Даусы қандай шіркіннің, ән салғанда тыңдасаң.







Басына үкілі тақия киіп, мың бұратылып, қамажайға билегенін көрсең.







Кластағы жақсы оқитын оқушыларының бірі.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет