Өзін-өзі, өзара, топтық, критериялық бағалауды қолдану арқылы білім мазмұнын жаңарту кезіндегі оқушы жетістіктерін сындарлы бағалауды меңгеру.
Күтілетін нәтиже
Критериалды бағалауды түсінеді.
Бағалаудың түрлерін ажырата біледі.
Оқушыны бағалауда ынталандыруды қолданады.
Сындарлы бағалауды меңгереді.
Тапсырмалар
1 тапсырма:«Әуе шары» әдісі
2 тапсырма:«Көбелек» -Сурет салу. Бірін бірі бағалау.
3 тапсырма:«Ой ашар» Сұрақ қою: «Бағалау туралы біз не білеміз?», «Не маңызды-баға ма әлде бағалау ма?», «Оқу үдерісінде бағалаудың қандай түрлерін қолданып жүрсіздер ?», «Сабақта нені бағалайсыздар?», «Ынтымақтастық орнату үшін қандай бағалауды қолданасыздар?», «Оқушылар сіздің бағалауыңызға толық келісе ме, келіспеген жағдайда қандай әрекет жасайсыздар?».
Кластер қорғау.
4 тапсырма: Жазба жұмыстарына бағалау критерийлерін құрастыру. Талқылау.